Хадис

Риядус-салихин, № 1417

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
244. Алланы жиі еске алудың артықшылығы
Нөмірі
№ 1417 (қазақша басылым реті)
1417
Риядус-салихин, № 1417Риуаят етуші: Мұғира ибн Шуғба (р.а.)

عَنْ الْمغيرة بْنِ شعبة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ إِذَا فَرَغَ مِنَ الصَّلَاةِ وَسَلَّمَ، قَالَ: «لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ، وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ، اللَّهُمَّ لَا مَانِعَ لِمَا أَعْطَيْتَ، وَلَا مُعْطِيَ لِمَا مَنَعْتَ، وَلَا يَنْفَعُ ذَا الْجَدِّ مِنْكَ الْجَدُّ»

Қазақша аудармасы

Мұғира ибн Шұғба (р.а.): «Алла елшісі ﷺ намаз оқып болып, сәлем бергеннен кейін: «Лә иләһә иллаллаһу уәхдәһу лә шәрикә ләһу, ләһул-мулку уә ләһул-хамду уә һуә алә кулли шәйин қадир. Аллаһуммә лә мәниға лимә әғтайтә уә лә муғтийә лимә мәнәғтә уә лә йәнфәғу зәл-жәдди минкәл-жәдду» (Өзі дара әрі ешбір серігі болмаған Алладан басқа тәңір жоқ. Билік Соның иелігінде, бар мадақ пен шүкіршілік Соған ғана лайық, Оның құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді. Уа, Алла Тағалам! Сенің бергеніңе ешкім бөгет бола алмайды, Сенің бұйырмағаныңды ешкім де бере алмайды, сондай-ақ Сенің алдыңда ешбір байдың дәулеті егесіне титтей де пайда келтірмейді), – деп дұға жасайтын еді», – деген (Бұхари: 633, Муслим: 1338, Ахмад: 18158).

Орысша аудармасы

Мугира ибн Шуба (да будет доволен им Аллах) передал: «После завершения молитвы и произнесения слов приветствия Посланник Аллаха ﷺ обращался к Аллаху с такой мольбой: “Ля иляха илляллаху вахдаху ля шарика ляху, ляхуль мульку ва ляхуль хамду ва хува ‘аля кулли шайин кадир. Аллахумма ля мани‘а лима а‘тайта, ва ля му‘тия лима мана‘та, ва ля янфа‘у заль джадди минкаль джадду” (Нет божества, кроме одного лишь Аллаха, у Которого нет сотоварища. Ему принадлежит вся власть, и лишь Он достоин всей хвалы и благодарности. Его могущество простирается на всё. О Аллах Всевышний! Никто не в силах воспрепятствовать тому, что Ты даровал, и никто не может даровать того, в чём Ты отказал. Никакое богатство не принесёт его обладателю перед Тобой ни малейшей пользы)» (Аль-Бухари: 633; Муслим: 1338; Ахмад: 18158).