Хадис

Риядус-салихин, № 1424

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
244. Алланы жиі еске алудың артықшылығы
Нөмірі
№ 1424 (қазақша басылым реті)
1424
Риядус-салихин, № 1424Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِذَا تَشَهَّدَ أَحَدُكُمْ فَلْيَسْتَعِذْ بِاللَّهِ مِنْ أَرْبَعٍ، يَقُولُ: اللَّهُمَّ إِنِّى أَعُوذُ بِكَ مِنْ عَذَابِ جَهَنَّمَ، وَمِنْ عَذَابِ الْقَبْرِ، وَمِنْ فِتْنَةِ الْمَحْيَا وَالْمَمَاتِ، وَمِنْ شَرِّ فِتْنَةِ الْمَسِيحِ الدَّجَّالِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Қайсыбірің намазда тәшәһһуд дұғасын оқып болған соң, артынша Алладан төрт нәрседен сақтай көр деп, пана сұрап, былай деп дұға етсін: «Аллаһумма инни ә’узу бика мин а’заби жәһаннам, уә мин а’забил-қабр, уә мин фитнәтил-махия уәл-мәмәт, уә мин шәрри фитнәтил-масихид-Дәжжал (Уа, Алла! Мені тозақ азабынан, қабір азабынан, тіршіліктегі және өлім аузындағы ауыртпалықтар мен сынақтардан және Масих-Тажалдың азғыруынан сақтай көр деп, бір Өзіңе сиынамын)», – деген (Муслим: 1326, Ахмад: 7237).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Пусть каждый из вас, завершив в молитве чтение ташаххуда, попросит Аллаха защиты от четырёх вещей и произнесёт следующую мольбу: “Аллахумма инни а‘узу бика мин ‘азаби джаханнам, ва мин ‘азабиль кабр, ва мин фитнатиль махйа валь мамат, ва мин шарри фитнатиль масихид Даджаль” (О Аллах! Я прибегаю лишь к Твоей защите от мучений ада, мучений могилы, тягот и испытаний земной жизни и смертного часа, а также от искушения Масиха-Даджаля)» (Муслим: 1326; Ахмад: 7237).