عَنْ معاذ أن رسُولَ اللَّهِ ﷺ أخذ بيده، وَقَالَ: «يَا مُعَاذُ، وَاللَّهِ إِنِّى لأُحِبُّكَ» فَقَالَ: «أُوصِيكَ يَا مُعَاذُ لَا تَدَعَنَّ فِى دُبُرِ كُلِّ صَلَاة تَقُولُ: اللَّهُمَّ أَعِنِّى عَلَى ذِكْرِكَ، وَشُكْرِكَ، وَحُسْنِ عِبَادَتِكَ»
Мұғаз (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ оның қолынан ұстап: «Уа, Мұғаз! Уаллаһи, сені шын жақсы көремін», – деді де артынша: «Уа, Мұғаз! Әр намаздан кейін: Аллаһумма а’инни ’ала зикрика уә шукрика уә хусни ’ибадатика (Уа, Алла! Өзіңді әрдайым еске алуым, Өзіңе шүкір етуім және бір Өзіңе көркем түрде құлшылық етуім үшін маған жәрдем бергейсің!)» деген дұғаны қалдырмай айтуды өиет етемін», – деп айтты, – делінген (Әбу Дәуіт: 1522, Ахмад: 22119).
Муаз (да будет доволен им Аллах) передал, что однажды Посланник Аллаха ﷺ взял его за руку и сказал: «О Муаз! Клянусь Аллахом, я поистине люблю тебя». Затем он сказал: «О Муаз! Я наставляю тебя: после каждой молитвы непременно произноси эту мольбу: “Аллахумма а‘инни ‘аля зикрика ва шукрика ва хусни ‘ибадатика” (О Аллах! Помоги мне всегда поминать Тебя, благодарить Тебя и поклоняться Тебе одному наилучшим образом!)» (Абу Дауд: 1522; Ахмад: 22119).