عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: افْتَقَدْتُ النَّبِيَّ ﷺ، ذَاتَ لَيْلَةٍ، فَتَحَسَّسْتُ، فإِذا هُوَ راكِعٌ – أَوْ سَاجِدٌ – يَقُولُ: «سُبْحَانَكَ وَبِحَمْدِكَ، لَا إِلَهَ إِلَّا أنت» وَفِى رِوَايَةٍ: فَوَقَعَتْ يَدِى عَلَى بَطْنِ قَدَمَيْهِ، وَهُوَ فِى الْمَسْجِدِ وَهُمَا مَنْصُوبَتَانِ، وَهُوَ يَقُولُ: «اللَّهُمَّ إِنِّى أَعُوذُ بِرِضَاكَ مِنْ سَخَطِكَ، وَبِمعَافَاتِكَ مِنْ عُقُوبَتِكَ، وأَعُوذُ بِكَ مِنْكَ، لَا أُحْصِى ثَنَاءً عَلَيْكَ أَنْتَ كَمَا أَثْنَيْتَ عَلَى نَفْسِكَ»
Айша (р.а.): «Бірде түн ішінде Пайғамбарымыздың ﷺ жанымда жоқ екенін аңғарып, жан-жағымды сипалап іздедім, сөйтсем ол рукуғта (немесе сәждеде) тұрған күйі: «Субханака Аллаһумма бихамдикә, лә иләһә илла әнта (Уа, Алла! Сен мінсізсің, бар мадақ пен шүкіршілік бір Өзіңе тиесілі! Өзіңнен басқа тәңір жоқ!)», – деп мінәжат жасап жатыр екен», – деген.
Хадистің басқа нұсқасында: «(Оны сипалап іздегенімде) қолым сәждеде жатқан Пайғамбарымыздың ﷺ тік тұрған қос аяғына тиді. Ол сәждеде жатып: «Аллаһумма инни ә’узу биридака мин сахатика, уә биму’афәтикә мин уқубатика. уә ә’узу бика минка, лә ухсый сәнә›ән а’ләйкә әнтә кәмә әснәйтә ’ала нәфсикә (Уа, Алла! Өзіңнің ашуыңнан сақтанып, разылығыңды, жазаңнан сақтанып, кешіріміңді паналаймын. Өзіңнің азабыңнан қашып, мейіріміңді паналаймын. Қанша тырыссам да, Өзіңді лайықты түрде мадақтай алмаймын, Өзіңді қалай мадақтасаң сондайсың!)», – деп мінәжат жасап жатқан еді, – деген (Муслим: 1090, Ахмад: 25178).
Аиша (да будет доволен ею Аллах) передала: «Однажды ночью я заметила, что Пророка ﷺ нет рядом со мной, и стала ощупью искать его. Оказалось, он находился в поясном поклоне (или в земном поклоне) и обращался к Аллаху с мольбой: “Субханака Аллахумма бихамдика, ля иляха илля анта” (О Аллах! Ты пречист от всякого недостатка, и вся хвала и благодарность принадлежат лишь Тебе! Нет божества, кроме Тебя!)».
В другой версии хадиса Аиша сказала: «Когда я стала искать его ощупью, моя рука коснулась подошв обеих стоп Пророка ﷺ: он совершал земной поклон, держа ступни вертикально. Он обращался к Аллаху с мольбой: “Аллахумма инни а‘узу биридака мин сахатика, ва биму‘афатика мин ‘укубатика, ва а‘узу бика минка. Ля ухси санаан ‘алейка, анта кама аснайта ‘аля нафсика” (О Аллах! От Твоего гнева я прибегаю к Твоему благоволению, а от Твоего наказания – к Твоему прощению. Спасаясь от Твоей кары, я прибегаю к Твоей милости. Как бы я ни старался, я не способен воздать Тебе достойную хвалу. Ты таков, как Сам восхвалил Себя!)» (Муслим: 1090; Ахмад: 25178).