Хадис

Риядус-салихин, № 1411

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
244. Алланы жиі еске алудың артықшылығы
Нөмірі
№ 1411 (қазақша басылым реті)
1411
Риядус-салихин, № 1411Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ: أَنَّ رسُولَ اللَّه ﷺ قَالَ: «مَنْ قَالَ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ؛ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ، فِى يَوْمٍ مِئَةَ مَرَّةٍ كَانَتْ لَهُ عَدْلَ عَشْرِ رِقَابٍ وكُتِبَتْ لَهُ مِئَةُ حَسَنَةٍ، وَمُحِيَتْ عَنْهُ مِئَةُ سَيِّئَةٍ، وَكَانَتْ لَهُ حِرْزًا مِنَ الشَّيْطَانِ يَوْمَهُ ذَلِكَ حَتَّى يُمْسِى، وَلَمْ يَأْتِ أَحَدٌ بِأَفْضَلَ مِمَّا جَاءَ بِهِ إِلَّا رَجُلٌ عَمِلَ أَكْثَرَ مِنْهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім бір күнде жүз рет: «Лә иләһә иллаллаһу уахдәһу лә шәрикә ләһу, ләһул-мулку уә ләһул-хамду уә һуә алә кулли шәйин қадир» (Өзі дара әрі ешбір серігі болмаған Алладан басқа тәңір жоқ. Билік Оның иелігінде, бар мадақ пен шүкіршілік Соған ғана лайық, Оның құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді), деп айтса, он құлды азат еткенмен тең. Сондай-ақ оған жүз сауап жазылып, жүз күнәсі өшіріледі әрі бұл дұға сол күні кешке дейін оның шайтанға қарсы қорғаны болады. Сонымен қатар, аталмыш дұғаны одан да көп айтқан адамнан өзге ешбір жан оның істеген ісінен абзал іс істей алмайды. Және кімде-кім бір күнде жүз рет: «Субханаллаһи уә бихамдиһи» (Аллаға мақтау мен шексіз шүкіршілік айта отырып, Оны күллі кемшілік атаулыдан пәктеймін), десе, күнәлары теңіздің көбігіндей көп болса да, кешіріледі», – деп айтты», – деген (Бұхари: 6405, Муслим: 6842, Ахмад: 8008).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Кто сто раз в течение дня произнесёт: “Ля иляха илляллаху вахдаху ля шарика ляху, ляхуль мульку ва ляхуль хамду ва хува ‘аля кулли шайин кадир” (Нет божества, кроме одного лишь Аллаха, у Которого нет сотоварища. Ему принадлежит вся власть, и лишь Он достоин всей хвалы и благодарности. Его могущество простирается на всё), тому это зачтётся как освобождение десяти рабов. Ему запишут сто благих деяний, сотрут сто его грехов, а эта молитва будет служить ему защитой от шайтана до самого вечера. Никто не совершит лучшего деяния, кроме того, кто произнесёт эту молитву ещё большее число раз. А тому, кто сто раз в течение дня произнесёт: “Субханаллахи ва бихамдихи” (Воздавая Аллаху хвалу и безмерную благодарность, я провозглашаю Его пречистым от всякого недостатка), простятся его грехи, даже если их будет столько, сколько морской пены» (Аль-Бухари: 6405; Муслим: 6842; Ахмад: 8008).