Хадис

Риядус-салихин, № 1449

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
247. Алланы еске алатын ортаның артықшылығы
Нөмірі
№ 1449 (қазақша басылым реті)
1449
Риядус-салихин, № 1449Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ وَعَنْ أَبِى سَعِيدٍ، قالا: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا يَقْعُدُ قَومٌ يَذكُرُونَ اللَّهَ تَعَالَى إِلَّا حَفَّتْهُمُ الْمَلَائِكَةُ وغَشِيَتْهُمُ الرَّحْمَةُ وَنَزَلَتْ عَلَيْهِمْ السَّكِينَةُ؛ وَذَكَرَهُمُ اللَّهُ فِيمَنْ عِنْدَهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) және Әбу Сағид әл-Худри (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Қайсыбір қауым жиналып отырып, Алланы еске алатын болса, оларды періштелер жан-жағынан қаумалап қоршап алады, оларға Алланың рақымы жауады, сөйтіп ерекше жан тыныштығына бөленіп, байыпты күйге енеді және Алла олар жайлы дәргейіндегілерге айтып береді (яғни, дәргейіндегі үлкен періштелерге оларды мақтайды)», – деп айтты, – деген (Муслим: 6855, Ахмад: 11875).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра и Абу Саид аль-Худри (да будет доволен ими обоими Аллах) передали, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Когда какие-либо люди собираются вместе и поминают Аллаха, ангелы окружают их со всех сторон, на них нисходит милость Аллаха, их сердца наполняются особым спокойствием и умиротворением, а Аллах упоминает их перед теми, кто пребывает при Нём (то есть восхваляет их перед великими ангелами, приближёнными к Нему)» (Муслим: 6855; Ахмад: 11875).