Хадис

Риядус-салихин, № 1456

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
248. Таңғы және кешкі дұғалар
Нөмірі
№ 1456 (қазақша басылым реті)
1456
Риядус-салихин, № 1456Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ قَالَ: كَانَ نبيُّ اللَّه ﷺ إِذَا أَمْسَى قَالَ: «أَمْسَيْنَا وأمْسَى الْمُلْكُ للهِ، والحَمْدُ للهِ، لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ» قَالَ الراوي: أَرَاهُ قَالَ فِيهِنَّ: «لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدير، رَبِّ أسْألُكَ خَيْرَ مَا فِى هَذِهِ اللَّيْلَةِ وَخَيْرَ مَا بَعْدَهَا، وَأَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ مَا فِى هَذِهِ اللَّيْلَةِ وَشَرِّ مَا بَعْدَهَا، رَبِّ أَعُوذُ بِكَ مِنَ الْكَسَلِ، وَسُوءِ الْكِبَرِ، رَبِّ أَعُوذُ بِكَ مِنْ عَذَابٍ فِى النَّارِ، وَعَذَابٍ فِى الْقَبْرِ»، وَإِذَا أَصْبَحَ قَالَ ذَلِكَ أيضًا «أَصْبَحْنَا وأَصْبَحَ الْمُلْكُ للهِ»

Қазақша аудармасы

Ибн Масғуд (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ кеш батқанда: «Әмсәйнә уә әмсәл-мулку лилләһи уәл-хамду лилләһи лә иләһә иллаллаһу уәхдәһу лә шәрикә ләһу» (Біз де, бүкіл билік те әлемдердің Раббысы Алланың иелігінде болып кеш батырдық. Бар мақтау мен шексіз шүкір Аллаға тән! Өзі дара әрі ешбір серігі болмаған Алладан басқа тәңір жоқ), – деп, менің ойымша, мына сөздерді де қосып: «Ләһул-мулку уә ләһул-хамду уә һуә алә кулли шәйин қадир, Рабби әсәлукә хайра мә фи һәзиһил-ләйләти уә хайра мә бағдәһә уә әғузу бикә мин шәрри мә фи һәзиһил-ләйләти уә шәрри мә бағдәһә, Рабби әғузу бикә минәл-кәсәли уә суил-кибәри, әғузу бикә мин азәәбин фин-нәри уә азәбин фил-қабр» (Бүкіл билік пен бар мадақ бір Аллаға ғана тән! Оның құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді! Уа, Раббым, бір Өзіңнен осы түннің әрі осыдан кейінгі түндердің (тек қана) жақсылығын тілеймін. Сондай-ақ бір Өзіңнен осы түннің әрі осыдан кейінгі түндердің жамандығынан сақтай көр деп, пана тілеймін! Уа, Раббым, жалқаулық пен кәріліктің ауыртпалығынан бір Өзің сақтай көр! Уа, Раббым, тозақтағы әрі қабірдегі азаптан бір Өзің сақтай көр!)», – деп дұға жасайтын.

Таңға жеткенде де: «Асбахнә уә асбахал-мулку лилләһи» (Біз де, бүкіл билік те әлемдердің Раббысы Аллаға тән болып таң атырдық), – деп (дұғадағы кеш сөзінің орнына таң сөзін айтып) осы дұғаны оқитын», – деген (Муслим: 6907, Ахмад: 4192).

Орысша аудармасы

Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) сказал: «С наступлением вечера Пророк ﷺ произносил: “Амсайна ва амсаль мульку лилляхи, валь хамду лилляхи, ля иляха илляллаху вахдаху ля шарика ляху” (Мы дожили до вечера, и в этот вечер вся власть принадлежит Аллаху, Господу миров. Вся хвала и безграничная благодарность принадлежат Аллаху! Нет божества, кроме одного лишь Аллаха, у Которого нет сотоварища!). И, как мне кажется, он добавлял также следующие слова: “Ляхуль мульку ва ляхуль хамду ва хува ‘аля кулли шайин кадир. Рабби ас’алюка хайра ма фи хазихиль ляйляти ва хайра ма ба‘даха, ва а‘узу бика мин шарри ма фи хазихиль ляйляти ва шарри ма ба‘даха. Рабби а‘узу бика миналь касали ва суиль кибари. А‘узу бика мин ‘азабин фин нари ва ‘азабин филь кабр” (Вся власть и вся хвала принадлежат одному лишь Аллаху! Его могущество объемлет всё! О Господь мой! Я прошу у Тебя одного (только) блага этой ночи и последующих ночей. И прибегаю к Тебе одному, прося уберечь меня от зла этой ночи и последующих ночей! О Господь мой! Убереги меня от лени и тягот старости! О Господь мой! Убереги меня от мучений в аду и могиле!).

Когда же наступало утро, он произносил: “Асбахна ва асбахаль мульку лилляхи” (Мы дожили до утра, и в это утро вся власть принадлежит Аллаху, Господу миров), – и читал ту же мольбу (заменяя в ней слово “вечер” словом “утро”)» (Муслим: 6907; Ахмад: 4192).