Хадис

Ұйқыға жатарда айтылатын дұғалар

Мольбы, произносимые перед сном

Риядус-салихин, 249-тақырып · 7 хадис · № 1459–1465

Хадистер

«إِنَّ فِى خَلْقِ السَّمَاوَاتِ والْأَرْضِ وَاخْتِلَافِ اللَّيْلِ وَالنَّهَارِ لآيَاتٍ لأُولِى الْأَلْبَابِ الَّذِينَ يَذْكُرُونَ اللَّهَ قِيَامًا وَقُعُودًا وَعَلَى جُنُوبِهمْ وَيَتَفَكَّرُونَ فِى خَلْقِ السَّمَاواتِ وَالْأَرْضِ» «Шынында, күллі аспан әлемі мен жердің жаратылуында, түн мен күннің алма-кезек ауысып, ұзарып-қысқаруында ақыл иелері үшін ғибратқа толы талай айқын белгілер бар. Олар тікесінен тік тұрып та, отырып та, бір бүйірлеп жантайып жатып та, үнемі Алланы еске алады және жеті қат көк пен жердің жаратылысына терең ой жүгіртеді...» («Әли Имран», 190-191-аят).

«Поистине, в сотворении небес и земли, в смене ночи и дня заключены ясные знамения для обладателей разума. Такие неизменно поминают Аллаха, стоя ли, сидя ли, иль лежа на своих боках и размышляют о сотворении небес и земли…» (сура «Али Имран», 3:190⁠–⁠191).

1459
Риядус-салихин, № 1459

عَنْ حُذَيْفَةَ، وأبي ذرٍّ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ إِذَا أَوَى إِلَى فِراشِهِ، قَالَ: «بِاسْمِكَ اللَّهُمَّ أَحْيَا وأَمُوتُ»

Қазақша аудармасы

Хузәйфа және Әбу Зәрр (р.а.): «Алла елшісі ﷺ төсегіне жатқанда: «Бисмикаллаһуммә ахйә уә әмуту» (Уа, Алла, Өзіңнің атыңмен көз жұмып, Өзіңнің атыңмен қайта тірілемін!), – деп дұға ететін еді», – деген (Бұхари: 6324, 6325).

Орысша аудармасы

Хузайфа и Абу Зарр (да будет доволен ими обоими Аллах) передали: «Когда Посланник Аллаха ﷺ ложился в постель, он произносил следующую мольбу: “Бисмикаллахумма ахья ва амуту” (О Аллах! С Твоим именем я живу и умираю (засыпаю и вновь пробуждаюсь)!)» (Аль-Бухари: 6324, 6325).

1460
Риядус-салихин, № 1460Риуаят етуші: Әли (р.а.)

عَنْ عليٍّ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ لَهُ ولِفَاطِمَةَ: «إِذَا أَوَيْتُمَا إِلَى فِرَاشِكُمَا – أَوْ إِذَا أَخَذْتُمَا مَضَاجِعَكُمَا – فَكَبِّرا ثَلَاثًا وَثَلَاثِينَ، وَسَبِّحَا ثَلَاثًا وَثَلَاثِينَ، واحْمِدا ثَلَاثًا وَثَلَاثِينَ» وَفِى رِوَايَةٍ: التَّسْبيحُ أرْبعًا وثَلَاثينَ

Қазақша аудармасы

Әли (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ оған және Фатимаға (р.а.): «Түн ұйқысына жататын кездеріңде отыз үш рет (Аллаһу әкбар деп) тәкбір, отыз үш рет (субханалла деп) тасбих, отыз үш рет (әлхамдулилла деп) тахмид (мадақ пен шүкіршілік) айтыңдар», – деп айтқан. Хадистің басқа бір нұсқасында: «Отыз төрт рет тасбих...», – деп келсе, тағы бір нұсқасында: «Отыз төрт рет тәкбір...», – деп келген (Бұхари: 6318, Муслим: 6915, Ахмад: 1250).

Орысша аудармасы

Али (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал ему и Фатиме (да будет доволен ею Аллах): «Когда будете ложиться спать на ночь, произнесите тридцать три раза такбир (слова “Аллаху акбар”), тридцать три раза тасбих (слова “Субханаллах”) и тридцать три раза тахмид (слова “Альхамдулиллях”, выражающие хвалу и благодарность Аллаху)».

В другой версии хадиса говорится: «Произнесите тасбих тридцать четыре раза…», а ещё в одной версии: «Произнесите такбир тридцать четыре раза…» (Аль-Бухари: 6318; Муслим: 6915; Ахмад: 1250).

1461
Риядус-салихин, № 1461Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذَا أَوَى أَحَدُكُمْ إِلَى فِرَاشِهِ فَليَنْفُضْ فِرَاشَهُ بِدَاخِلَةِ إِزَارِهِ فَإِنَّهُ لَا يَدْرِى مَا خَلَفَهُ عَلَيْهِ، ثُمَّ يَقُولُ: بِاسمِكَ رَبِّى وَضَعْتُ جَنْبي، وَبِكَ أرْفَعُهُ، إِنْ أَمْسَكْتَ نَفْسِى فَارْحَمْهَا، وَإِنْ أَرْسَلْتَهَا، فاحْفَظْهَا بِمَا تَحْفَظُ بِهِ عِبَادَكَ الصَّالِحِينَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Қайсыбірің болса да төсегіне жатар алдында, киімінің астарымен төсегін жақсылап қақсын, өйткені ол бос тұрған төсегіне не нәрсенің кіріп-кірмегенін білмейді. Содан кейін: «Бисмикә рабби уадағту жәнби уә бикә арфәғуһу, ин әмсәктә нәфси фархамһә уә ин арсәлтәһә фахфазһә бимә тахфазу биһи ибәдәкәс-салихин» (Уа, Раббым! Өзіңнің атыңмен (оң жақ) бүйіріммен жантайып жаттым. Егер жанымды алсаң (яғни, ұйқыдан оянбасам), оны шексіз рақымыңа бөлей көр! Ал, егер оны қоя берсең (яғни, аман-есен оянсам), оны Өзіңнің салиқалы құлдарыңды сақтағаныңдай (бәле-жаладан) сақтай көр!), – деп дұға етсін», – деп айтты», – деген (Бұхари: 6320, Муслим: 6892, Ахмад: 7938).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Прежде чем лечь в постель, пусть каждый из вас тщательно отряхнёт её внутренней стороной своей одежды, ведь он не знает, что могло попасть в неё, пока она оставалась пустой. Затем пусть произнесёт мольбу: “Бисмика, Рабби, вада‘ту джанби ва бика арфа‘уху, ин амсакта нафси фархамха, ва ин арсалтаха фахфазха бима тахфазу бихи ‘ибадакас салихин” (О мой Господь! С Твоим именем я лёг на (правый) бок и с Твоей помощью встану. Если Ты заберёшь мою душу (то есть если я не пробужусь ото сна), окружи её Своей безграничной милостью! Если же Ты отпустишь её (то есть если я благополучно пробужусь), храни её так же, как хранишь Своих праведных рабов (от бед и несчастий)!)» (Аль-Бухари: 6320; Муслим: 6892; Ахмад: 7938).

1462
Риядус-салихин, № 1462Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَة: أَنَّ رسُولَ اللَّه ﷺ، كَانَ إِذَا أَخَذَ مَضْجَعَهُ نَفَثَ فِى يَدَيْهِ، وَقَرَأَ بِالْمُعَوِّذَاتِ، ومَسَحَ بِهِمَا جَسَدَهُ

Қазақша аудармасы

Айша анамыз (р.а.): «Алла елшісі ﷺ жатар алдында екі алақанына үрлеп, «муаууизатәйн» («Ықылас», «Фәлақ», «Нас») деп аталатын сүрелерді оқып, содан кейін бүкіл денесін сипайтын еді», – деген (Бұхари: 6319).

Орысша аудармасы

Мать правоверных Аиша (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Перед сном Посланник Аллаха ﷺ дул на обе свои ладони, читал суры, называемые “му‘аввизат” (“Аль-Ихляс”, “Аль-Фаляк” и “Ан-Нас”), а затем проводил ладонями по всему телу» (Аль-Бухари: 6319).

1463
Риядус-салихин, № 1463Риуаят етуші: Бәра (р.а.)

عَنْ الْبراءِ بْنِ عازبٍ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذَا أَتَيتَ مَضْجعَكَ فَتَوَضَّأْ وُضُوءكَ لِلصَّلَاةِ، ثُمَّ اضْطَجِعْ عَلَى شِقِّكَ الْأيْمَن، وَقُلْ: اللَّهُمَّ أَسْلَمْتُ نَفْسِى إِلَيْكَ، وَوَجَّهْتُ وَجْهِى إِلَيْكَ، وَفَوَّضْتُ أَمْرِى إِليكَ، وأَلْجَأتُ ظَهرِى إِلَيْكَ، رَغْبَةً وَرهْبَةً إِليكَ، لَا مَلْجَأَ وَلَا مَنْجَا مِنْكَ إِلَّا إِليكَ، آمَنْتُ بِكِتابِكَ الَّذِى أنْزَلْتَ، وَبِنَبِيِّكَ الَّذِى أرْسَلْتَ، فإِنْ مِتَّ مِتَّ عَلَى الْفِطْرَةِ، وَاجْعَلْهُنَّ آخِرَ مَا تَقُولُ»

Қазақша аудармасы

әл-Бараа ибн Азиб (р.а.): «Алла елшісі ﷺ маған былай деп айтты: «Түн ұйқысына жататын кезіңде намазға дәрет алғандай дәрет ал. Содан кейін оң жақ бүйіріңмен жат та: «Аллаһуммә әсламту нәфси иләйкә, уә фаууадту әмри иләйкә, уә әлжату заһри иләйкә, рағбатан уә раһбатән иләйкә, лә мәлжәә уә лә мәнжә минкә иллә иләйкә. Әәмәнту бикитәбикәл-ләзи әнзәлтә, уә бинәбиикә әләзи әрсалтә! (Уа, Алла, жанымды Өзіңе бағындырдым, Өзіңе толықтай бет бұрдым, бар ісімді Өзіңе тапсырдым. Сауабыңнан үміт еткен һәм азабыңнан қорыққан күйде бір Өзіңе арқа сүйедім. Өзіңнен басқа азабыңнан сақтайтын қорған да, пана да жоқ. Түсірген кітабыңа, жіберген пайғамбарыңа иман келтірдім!)», – деп айт. Егер (сол түні) жан тапсырсаң, кіршіксіз таза сеніммен (таухидпен) жан тапсырасың. Сондықтан осынау дұғаларды ең соңғы сөзің еткейсің», – деген (Бұхари: 247, Муслим: 6882, Ахмад: 18561).

Орысша аудармасы

Аль-Бара ибн Азиб (да будет доволен им Аллах) передал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал мне: “Когда будешь ложиться спать на ночь, соверши такое же омовение, какое совершаешь перед молитвой. Затем ляг на правый бок и произнеси: ‘Аллахумма, асламту нафси иляйка, ва ваджжахту ваджхи иляйка, ва фаввадту амри иляйка, ва альджа‘ту захри иляйка, рагбатан ва рахбатан иляйка. Ля мальджаа ва ля манджа минка илля иляйка. Аманту би китабикаллязи анзальта, ва би набиййикаллязи арсальта’ (О Аллах! Я подчинил Тебе свою душу, всецело обратился к Тебе и вверил Тебе все свои дела. Надеясь на Твою награду и страшась Твоего наказания, я уповаю лишь на Тебя. Кроме Тебя, нет ни защиты, ни убежища, способных спасти от Твоего наказания. Я уверовал в Твою Книгу, которую Ты ниспослал, и в Твоего Пророка, которого Ты послал!). Если (этой ночью) ты умрёшь, то умрёшь с чистой, незапятнанной верой (единобожием). Поэтому пусть эти слова мольбы будут последними словами, которые ты произнесёшь”» (Аль-Бухари: 247; Муслим: 6882; Ахмад: 18561).

1464
Риядус-салихин, № 1464Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَس أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ إِذَا أَوَى إِلَى فِرَاشِهِ قَالَ: «الحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِى أَطْعَمَنَا وَسَقَانَا، وكفَانَا وآوانَا، فَكَمْ مِمَّنْ لَا كَافِيَ لَهُ وَلَا مُؤْوِيَ»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ түн ұйқысына жатар алдында: «Әлхамдулиллаһил-ләзи атғаманә, уә сәқанә, уә кәфәәнә, уә әәуәнә, фә кәм миммән лә кәфиә ләһу уә лә му’уия! (Бізді азықтандырып, шөлімізді қандырған, бізге қамқор һәм пана болған Аллаға шүкіршілік және мадақ айтамыз! Қорғаны да, панасы да болмаған қаншама жандар бар)», – деп айтатын еді», – деген (Муслим: 6894, Ахмад: 12552).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) передал: «Перед тем как лечь спать на ночь, Пророк ﷺ произносил: “Альхамдулилляхиллязи ат‘амана, ва сакана, ва кафана, ва авана, фа кам мимман ля кафия ляху ва ля му’вия” (Хвала и благодарность Аллаху, Который накормил нас, утолил нашу жажду, позаботился о нас и даровал нам приют! Как много людей, у которых нет ни защиты, ни приюта!)» (Муслим: 6894; Ахмад: 12552).

1465
Риядус-салихин, № 1465Риуаят етуші: Хузайфа (р.а.)

عَنْ حذيفة أَنَّ رسُولَ اللَّه ﷺ كَانَ إِذَا أَرَادَ أَنْ يَرْقُدَ، وَضَعَ يَدَهُ الْيُمْنَى تَحْتَ خَدِّهِ، ثُمَّ يَقُولُ: «اللَّهُمَّ قِنِى عَذَابَكَ يَوْمَ تَبْعَثُ عِبَادَكَ» ورواه أَبُو داود؛ من رواية حَفْصَةَ، وفيهِأَنَّهُ كَانَ يَقُولُه ثَلَاث مراتٍ

Қазақша аудармасы

Хузайфа (р.а.) жеткізген хадисте: Алла елшісі ﷺ ұйықыға жатуды қалағанда оң қолын оң жақ бетіне қойып, содан кейін: «Аллаһуммә қини а’забакә иәумә таб’асу ’ибадәкә. (Уа, Алла, пенделеріңді қайта тірілетін күні мені азабыңнан сақтай көр!)», – деп айтатын еді, – деген (Тирмизи: 3398, Ахмад: 23244).

Хадистің Хафса (р.а.) жеткізген нұсқасында «Алла елшісі осы дұғаны үш рет айтатын еді» делінген.

Орысша аудармасы

Хузайфа (да будет доволен им Аллах) передал: «Когда Посланник Аллаха ﷺ собирался лечь спать, он клал правую руку под правую щёку, а затем произносил: “Аллахумма, кини ‘азабака яума таб‘асу ‘ибадака” (О Аллах! В День, когда Ты воскресишь Своих рабов, защити меня от Твоего наказания!)» (Ат-Тирмизи: 3398; Ахмад: 23244).

В версии, переданной Хафсой (да будет доволен ею Аллах), говорится: «Посланник Аллаха ﷺ произносил эту мольбу трижды».