Хадис

Риядус-салихин, № 1463

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
249. Ұйқыға жатарда айтылатын дұғалар
Нөмірі
№ 1463 (қазақша басылым реті)
1463
Риядус-салихин, № 1463Риуаят етуші: Бәра (р.а.)

عَنْ الْبراءِ بْنِ عازبٍ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذَا أَتَيتَ مَضْجعَكَ فَتَوَضَّأْ وُضُوءكَ لِلصَّلَاةِ، ثُمَّ اضْطَجِعْ عَلَى شِقِّكَ الْأيْمَن، وَقُلْ: اللَّهُمَّ أَسْلَمْتُ نَفْسِى إِلَيْكَ، وَوَجَّهْتُ وَجْهِى إِلَيْكَ، وَفَوَّضْتُ أَمْرِى إِليكَ، وأَلْجَأتُ ظَهرِى إِلَيْكَ، رَغْبَةً وَرهْبَةً إِليكَ، لَا مَلْجَأَ وَلَا مَنْجَا مِنْكَ إِلَّا إِليكَ، آمَنْتُ بِكِتابِكَ الَّذِى أنْزَلْتَ، وَبِنَبِيِّكَ الَّذِى أرْسَلْتَ، فإِنْ مِتَّ مِتَّ عَلَى الْفِطْرَةِ، وَاجْعَلْهُنَّ آخِرَ مَا تَقُولُ»

Қазақша аудармасы

әл-Бараа ибн Азиб (р.а.): «Алла елшісі ﷺ маған былай деп айтты: «Түн ұйқысына жататын кезіңде намазға дәрет алғандай дәрет ал. Содан кейін оң жақ бүйіріңмен жат та: «Аллаһуммә әсламту нәфси иләйкә, уә фаууадту әмри иләйкә, уә әлжату заһри иләйкә, рағбатан уә раһбатән иләйкә, лә мәлжәә уә лә мәнжә минкә иллә иләйкә. Әәмәнту бикитәбикәл-ләзи әнзәлтә, уә бинәбиикә әләзи әрсалтә! (Уа, Алла, жанымды Өзіңе бағындырдым, Өзіңе толықтай бет бұрдым, бар ісімді Өзіңе тапсырдым. Сауабыңнан үміт еткен һәм азабыңнан қорыққан күйде бір Өзіңе арқа сүйедім. Өзіңнен басқа азабыңнан сақтайтын қорған да, пана да жоқ. Түсірген кітабыңа, жіберген пайғамбарыңа иман келтірдім!)», – деп айт. Егер (сол түні) жан тапсырсаң, кіршіксіз таза сеніммен (таухидпен) жан тапсырасың. Сондықтан осынау дұғаларды ең соңғы сөзің еткейсің», – деген (Бұхари: 247, Муслим: 6882, Ахмад: 18561).

Орысша аудармасы

Аль-Бара ибн Азиб (да будет доволен им Аллах) передал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал мне: “Когда будешь ложиться спать на ночь, соверши такое же омовение, какое совершаешь перед молитвой. Затем ляг на правый бок и произнеси: ‘Аллахумма, асламту нафси иляйка, ва ваджжахту ваджхи иляйка, ва фаввадту амри иляйка, ва альджа‘ту захри иляйка, рагбатан ва рахбатан иляйка. Ля мальджаа ва ля манджа минка илля иляйка. Аманту би китабикаллязи анзальта, ва би набиййикаллязи арсальта’ (О Аллах! Я подчинил Тебе свою душу, всецело обратился к Тебе и вверил Тебе все свои дела. Надеясь на Твою награду и страшась Твоего наказания, я уповаю лишь на Тебя. Кроме Тебя, нет ни защиты, ни убежища, способных спасти от Твоего наказания. Я уверовал в Твою Книгу, которую Ты ниспослал, и в Твоего Пророка, которого Ты послал!). Если (этой ночью) ты умрёшь, то умрёшь с чистой, незапятнанной верой (единобожием). Поэтому пусть эти слова мольбы будут последними словами, которые ты произнесёшь”» (Аль-Бухари: 247; Муслим: 6882; Ахмад: 18561).