Хадис

Риядус-салихин, № 1470

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
250. Дұғаның артықшылығы
Нөмірі
№ 1470 (қазақша басылым реті)
1470
Риядус-салихин, № 1470

عَنْ طارق بْنِ أَشْيَمَ قَالَ: كَانَ الرَّجُلُ إِذَا أَسْلَمَ عَلَّمَهُ النَّبِيُّ ﷺ الصَّلَاةَ ثُمَّ أَمَرَهُ أَنْ يَدْعُوَ بِهؤلَاءِ الْكَلِمَاتِ: «اللَّهُمَّ اغْفِرْ لِى، وَارْحَمْنِى، وَاهْدِني، وَعَافِني، وَارْزُقْنِى»

وَفِى رِوَايَةٍ له عَنْ طارق: أَنَّهُ سمع النَّبِيَّ ﷺ، وأتاهُ رَجُلٌ فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، كَيْفَ أَقُولُ حِيْنَ أسْأَلُ رَبِّى؟ قَالَ: «قُلْ: اللَّهُمَّ اغْفِرْ لِى، وَارْحَمْنِى، وَعَافِني، وارْزُقْنِى، فَإِنَّ هؤلَاءِ تَجْمَعُ لَكَ دُنْيَاكَ وَآخِرَتَكَ»

Қазақша аудармасы

Тариқ ибн Әйшәм (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ тілін кәлимаға келтіріп, мұсылман болған кісіге алдымен намаз оқуды үйрететін. Содан кейін: «Аллаһуммағфир ли уархамни уәһдини уә афини уарзуқни» (Уа, Алла! Мені кешіре көр! Мейіріміңе бөлеп, тура жолға сала көр! Маған тән және жан саулығы мен адал ризық-несібе бере көр!), – деп дұға етуді бұйыратын еді», – деп айтты (Муслим: 6849).

Басқа бір риуаятта Тариқ (р.а.): «Бірде Пайғамбарымызға бір кісі келіп: «Уа, Расулалла! Раббымнан мұң-мұқтажымды сұрағанымда не деп дұға етейін?» – деген еді. Сонда Алла елшісінің оған: «Уа, Алла! Мені кешіре көр! Мені мейіріміңе бөлей көр! Маған тән және жан саулығы мен адал ризық-несібе бере көр!» – деп дұға ет. Шынында, бұл дұға дүние мен ақыретке қатысты барлық мұң-мұқтажыңды қамтиды деп айтқанын естідім», – деген.

Орысша аудармасы

Тарик ибн Ашьям (да будет доволен им Аллах) сказал: «Когда человек произносил свидетельство веры и принимал ислам, Пророк ﷺ сначала обучал его совершению намаза, а затем велел обращаться к Аллаху со следующей мольбой: “Аллахумма гфир ли, вархамни, вахдини, ва ‘афини, варзукни” (О Аллах! Прости меня! Окружи меня Своей милостью и наставь на прямой путь! Даруй мне телесное и душевное здравие и дозволенный удел!)» (Муслим: 6849).

В другой версии Тарик (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды к Пророку ﷺ пришёл человек и спросил: “О Посланник Аллаха! Что мне говорить в мольбе, когда я обращаюсь к своему Господу со своими нуждами?” Я услышал, как Посланник Аллаха ﷺ ответил ему: “Говори: ‘О Аллах! Прости меня! Окружи меня Своей милостью! Даруй мне телесное и душевное здравие и дозволенный удел!’ Поистине, эта мольба охватывает всё, в чём ты нуждаешься в этом мире и мире вечном”».