Хадис

Риядус-салихин, № 1477

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
250. Дұғаның артықшылығы
Нөмірі
№ 1477 (қазақша басылым реті)
1477
Риядус-салихин, № 1477Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِى مُوسَى عَنِ النَّبِيِّ ﷺ أَنَّهُ كَانَ يدْعُو بِهذا الدُّعَاءِ: «اللَّهُمَّ اغْفِرْ لِى خَطِيئَتِى وَجَهْلِى، وإِسرافِى فِى أمْرِى، وَمَا أَنْتَ أَعْلَمُ بِهِ مِنّي، اللَّهُمَّ اغْفِرْ لِى جِدِّى وَهَزْلِي؛ وَخَطَئِى وَعَمْدِي؛ وَكُلُّ ذَلِكَ عِنْدِى، اللَّهُمَّ اغْفِرْ لِى مَا قَدَّمْتُ وَمَا أخَّرْتُ، وَمَا أسْرَرْتُ وَمَا أَعْلَنْتُ، وَمَا أَنْتَ أَعْلَمُ بِهِ مِنِّى، أَنْتَ الْمُقَدِّمُ، وأَنْتَ الْمُؤَخِّرُ، وأَنْتَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ»

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса әл-Әшғари (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ мына дұғамен мінәжат ететін еді: «Аллаһуммә иғфир ли хатыйати уә жәһли, уә исрафи фи әмри, уә мә әнтә а’ләму биһи минни. Аллаһуммә иғфир ли жидди уә һәзли, уә хатаи уә а’мди, уә куллу зәлика и’нди. Аллаһуммә иғфир ли мә қаддамту уә мә аххарту, уә мә әсрарту, уә мә а’ләнту, уә мә әнтә а’ләму биһи минни, әнтә-л-муқаддиму, уә әнтә-л-муаххиру, уә әнтә а’лә кулли шәйин қадир! (Уа, Алла! Менің күнәмді, надандығымды, шектен шыққан істерімді және (санын, мөлшерін және үкімін) Өзің жақсы білетін (бірақ мен білмейтін) барлық күнәларымды кешіре көр! Уа, Алла! Менің шындап немесе әзілдеп, қателесіп немесе әдейі істеген күнәларымды кешіре көр! Өйткені соның барлығы менде бар. Уа, Алла! Менің бұған дейін жасаған әрі алдағы уақытта жасайтын, жасырын және жария түрде жасаған күнәларымды, сондай-ақ (санын, мөлшерін және үкімін) Өзің жақсы білетін (бірақ мен білмейтін) барлық күнәларымды кешіре көр! Қалағаныңды қолдап, жаннатқа ұсынасың, қалағаныңды қолдаусыз қалдырып, тозаққа тоғытылуға лайық етесің және Сенің құдіретің барлық нәрсеге толық жетеді!)», – деді», – деген (Бұхари: 6398, Муслим: 6901, Ахмад: 19738).

Орысша аудармасы

Абу Муса аль-Ашари (да будет доволен им Аллах) передал: «Пророк ﷺ обращался к Аллаху со следующей мольбой: “Аллахумма гфир ли хатиати ва джахли, ва исрафи фи амри, ва ма анта а‘ляму бихи минни. Аллахумма гфир ли джидди ва хазли, ва хатаи ва ‘амди, ва куллу залика ‘инди. Аллахумма гфир ли ма каддамту ва ма аххарту, ва ма асрарту, ва ма а‘лянту, ва ма анта а‘ляму бихи минни. Анталь Мукаддиму, ва Анталь Муаххиру, ва Анта ‘аля кулли шайин кадир!” (О Аллах! Прости мой грех, моё невежество, поступки, в которых я перешёл границы, и все мои грехи, о которых Ты знаешь лучше меня (Ты знаешь их число, меру и оценку, тогда как я сам их не знаю)! О Аллах! Прости мои грехи, совершённые всерьёз или в шутку, по ошибке или намеренно! Ведь всё это мне присуще.

О Аллах! Прости мои грехи, совершённые прежде, и те, которые я совершу в будущем, совершённые тайно и явно, а также все мои грехи, о которых Ты знаешь лучше меня (Ты знаешь их число, меру и оценку, тогда как я сам их не знаю)! Кого пожелаешь, Ты поддерживаешь и продвигаешь к раю, а кого пожелаешь, оставляешь без поддержки и делаешь достойным быть ввергнутым в ад. Твоё могущество объемлет всё!)» (Аль-Бухари: 6398; Муслим: 6901; Ахмад: 19738).