Хадис

Риядус-салихин, № 1493

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
250. Дұғаның артықшылығы
Нөмірі
№ 1493 (қазақша басылым реті)
1493
Риядус-салихин, № 1493Риуаят етуші: Әбу Умама (р.а.)

عَنْ أَبِى أُمَامَةَ قَالَ: دعا رسُولُ اللَّهِ ﷺ، بدُعاءٍ كَثِيرٍ، لَمْ نَحْفَظْ مِنْهُ شَيْئًا؛ قُلْنَا: يَا رَسُولَ اللَّهِ، دَعَوْتَ بِدُعاءٍ كَثِيرٍ لَمْ نَحْفَظْ مِنْهُ شَيْئًا، فَقَالَ: «ألا أدُلُّكُمْ عَلَى مَا يَجْمَعُ ذَلِكَ كُلَّهُ؟ تقول: اللَّهُمَّ إِنِّى أسَألُكَ مِنْ خَيْر مَا سَأَلَكَ مِنْهُ نَبِيُّكَ محمَّدٌ ﷺ؛ وأعوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ مَا استَعَاذَ مِنْهُ نَبِيُّكَ مُحَمَّدٌ ﷺ، وأَنْتَ الْمُسْتَعانُ، وَعَليْكَ الْبَلَاغُ، وَلَا حَوْلَ وَلَا قُوَّةَ إِلَّا بِاللَّهِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Умама (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ ұзақ дұға жасады, біз одан еш нәрсе жаттап үлгермедік. Сонда біз оған: «Уа, Расулалла! Сіз ұзақ дұға жасадыңыз, бірақ біз одан жадымызға еш нәрсе сақтап үлгермедік», – дегенімізде, ол: «Сендерге сол дұғалардың барлығын толық қамтитын бір дұға үйретейін бе?! «Аллаһуммә инни әсәлукә мин хайри мә сәәләкә минһу нәбиюкә Мұхаммад, уә ә’узу бикә мин шәрри мә истә’аза минһу нәбиюкә Мұхаммад. Уә әнтәл-мустә’ану уә а’лейкә-л-балағ! Уә лә хаулә уә лә қууата иллә билләһ! (Уа, Алла! Өзіңнен пайғамбарың Мұхаммед сұраған жақсылықтың бәрін сұраймын және пайғамбарың Мұхаммед сақтай көр деп, сиынған жамандық атаулының бәрінен Өзің сақтай көр деп, сиынамын! Медет сұрауға лайық болған бір Өзіңсің және (дүние мен ақыреттің бар жақсылығын сұрағанға) Өзің жеткіліктісің! Алладан басқа күш-қуат та, құдірет те жоқ!)», – деген дұғаны айтыңдар», – деді (Тирмизи: 3521).

Орысша аудармасы

Абу Умама (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ произнёс долгую мольбу, но мы не успели запомнить из неё ничего. Тогда мы сказали ему: “О Посланник Аллаха! Ты произнёс долгую мольбу, но мы не успели ничего из неё запомнить”.

Он сказал: “Не научить ли вас одной мольбе, которая полностью охватывает все эти мольбы?! Говорите: ‘Аллахумма инни ас’алюка мин хайри ма сааляка минху набийюка Мухаммад, ва а‘узу бика мин шарри маста‘аза минху набийюка Мухаммад. Ва анталь муста‘ану ва ‘алейкаль баляг! Ва ля хауля ва ля куввата илля биллях!’ (О Аллах! Я прошу у Тебя всего того блага, о котором просил Тебя Твой пророк Мухаммад, и прибегаю к Тебе, прося уберечь меня от всякого зла, от которого Твой пророк Мухаммад просил у Тебя защиты! Ты один достоин того, чтобы у Тебя просили помощи, и Тебя одного достаточно (для того, кто просит обо всех благах этого мира и мира вечного)! Нет ни силы, ни могущества ни у кого, кроме Аллаха!)”» (Ат-Тирмизи: 3521).