وَعَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّّ ﷺ قَالَ: «إِنَّ الْعَبْدَ لَيَتَكَلَّمُ بِالكَلِمَةِ مِنْ رِضْوَانِ اللَّه تَعَالَى مَا يُلْقِى لَهَا بَالًا يَرْفَعُهُ اللَّهُ بِهَا دَرَجاتٍ، وإِنَّ الْعَبْدَ لَيَتَكَلَّمُ بِالكَلَمَةِ مِنْ سَخَطِ اللَّهِ تَعَالَى لَا يُلْقِى لَهَا بَالًا يَهْوِى بِهَا فِى جَهَنَّمَ»
Әбу Һурайра (р.а.): Пайғамбарымыз ﷺ: «Қайсыбір пенде парқына бармастан Алланың разылығына бөлейтін бір сөз ауыз айтады да, сол үшін Алла оның дәрежесін көтереді. Енді бір пенде парқына бармастан Алланың қаһарына ұшырататын бір сөз ауыз айтады да, соның кесірінен тозаққа түседі», – деп айтты», – деген (Бұхари: 6478, Ахмад: 8411).
Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Раб Аллаха может, не сознавая значения сказанного, произнести одно слово, угодное Аллаху, и за это Аллах возвысит его степень. Другой раб может, также не сознавая значения сказанного, произнести одно слово, вызывающее гнев Аллаха, и из-за него окажется в аду» (Аль-Бухари: 6478; Ахмад: 8411).
Түсіндірме (қазақша)
Сондақтан да әр адам әр сөзін ойланып, елеп екшеп айтуы керек. Ауыз өзімдікі екен деп, ойланбай, парқына бармай не болса, соны айта бермеуі керек. Өйткені адам бұл дүниеде, болмаса о дүниеде әр сөзі үшін жауап береді. «Басқа бәле – тілден» деген аталы сөз де бекер айтылмаған. Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім маған екі жағы мен екі бұтының арасына қатысты кепілдік берсе, мен де оның жұмаққа кіруіне кепіл боламын», – деген. Демек, тіл адамды жұмаққа да кіргізуі, тозаққа да түсіруі мүмкін.
Түсіндірме (орысша)
Поэтому каждый человек должен тщательно обдумывать и взвешивать каждое своё слово. Нельзя рассуждать: «Мой рот – что хочу, то и говорю», – и бездумно произносить всё, что придёт на ум, не задумываясь о значении и последствиях сказанного. Ведь за каждое своё слово человек ответит либо в этом мире, либо в мире ином. Недаром говорится: «Все беды головы – от языка». Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Кто поручится мне за то, что находится между его челюстями, и за то, что находится между его ногами, тому я поручусь за рай». Следовательно, язык способен привести человека как в рай, так и в ад.