Хадис

Риядус-салихин, № 1523

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
254. Ғайбат айтудан аулақ болу керектігі жайында
Нөмірі
№ 1523 (қазақша басылым реті)
1523
Риядус-салихин, № 1523Риуаят етуші: Мұғаз (р.а.)

عَنْ مُعَاذٍ قَالَ: قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَخْبِرْنِى بِعَمَلٍ يُدْخِلُنِى الْجَنَّةَ وَيُبَاعِدُنِى مِنَ النَّارِ؟ قَالَ: «لَقَدْ سَألتَ عَنْ عَظيمٍ، وإِنَّهُ لَيَسيرٌ عَلَى مَنْ يَسَّرَهُ اللَّهُ تَعَالَى عَلَيْهِ: تَعْبُدُ اللَّه لَا تُشْرِكُ بِهِ شَيْئًا، وَتُقِيمُ الصَّلَاةَ، وتُؤتِى الزَّكَاةَ، وتَصُومُ رَمَضَانَ، وتَحُجُّ الْبَيْتَ» ثُمَّ قَالَ: «ألَا أدُلُّكَ عَلَى أبْوابِ الْخَيْرِ؟ الصَّوْمُ جُنَّةٌ، وَالصَّدَقَةُ تُطْفِئُ الْخَطِيئَةَ كَما يُطْفِئُ الْمَاءُ النَّارَ، وَصَلَاةُ الرَّجُلِ مِنْ جَوْفِ اللَّيْلِ» ثُمَّ تَلا: «تَتَجَافَى جُنُوبُهُمْ عَنِ الْمَضَاجِعِ [حَتَّى بَلَغَ] يَعْمَلُونَ» [النور: 16] ثُمَّ قَالَ: «ألا أُخْبِرُكَ بِرَأسِ الْأَمْرِ، وَعَمُودِهِ، وَذِرْوَةِ سِنَامِهِ» قُلْتُ: بَلَى يَا رَسُولَ اللَّهِ، قَالَ: «رَأسُ الْأمْر الْإِسْلَامُ، وَعَمُودُهُ الصَّلَاةُ، وَذِرْوَةِ سِنَامِهِ الْجِهادُ» ثُمَّ قَالَ: «ألَا أُخْبِرُكَ بِمِلاكِ ذَلِكَ كُلِّهِ!» قُلْتُ: بلَى يَا رَسُولَ اللَّهِ، فَأَخَذَ بِلِسانِهِ وَقَالَ: «كُفَّ عَلَيْكَ هَذَا» قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ وإِنَّا لَمُؤاخَذُونَ بما نَتَكَلَّمُ بِهِ؟ فَقَالَ: «ثَكِلَتْكَ أُمُّكَ! وَهَلْ يَكُبُّ الناسَ فِى النَّارِ عَلَى وُجُوهِهِمْ إِلَّا حَصَائِدُ أَلْسِنَتِهِمْ؟»

Қазақша аудармасы

Мұғаз (р.а.): «Бірде Алла елшісіне ﷺ: «Уа, Расулалла! Мені тозақтан алыстатып, жұмаққа кіргізетін қандай іс бар?» – деп сұрадым. Сонда ол: «Расында, сен орасан зор (тым ауыр) іс жайлы сұрадың. Алайда Алла Тағала оны кім үшін жеңілдетсе, соған оңай болады. Ендеше, жақсылап ұғып ал: «Аллаға (ешкімді және еш нәрсені) серік етіп қоспай құлшылық ет. Бес уақыт намазды шарттарына сай толық оқы. Зекет беріп, рамазан айының оразасын ұста. Жағдайың келсе, Алланың үйіне барып қажылық парызын өте», – деп, кейін: «Сондай-ақ, саған жақсылықтың қақпалары жайлы да айта кетейін бе? Ораза – (тозақ отынан қорғайтын) қалқан. Су отты қалай сөндірсе, садақа да дәл солай күнәларды жояды. Сондай-ақ адамның түннің бір уағында оқыған намазының (қаншалықты сауапты екенін білсең ғой)», – деп: «Олар (түн намазын оқу үшін ұйқыларын қиып) төсектерінен тұрып, Раббыларына Оның азабынан қорқып, мейірімінен үміттеніп, жалбарынады. Сондай-ақ олар берген нығметтеріміздің бір бөлігін ізгілік жолында жұмсайды. Істеген игі істерінің қарымы ретінде оларды қуанышқа бөлейтін қандай сый-сияпаттың сақтаулы екенін ешбір жан білмейді» деген аятты оқыды. Содан кейін: «Саған діннің басы, оның тірегі және шыңы жайлы да айтайын ба?» – деді. Мен: «Әрине, уа, Расулалла!» – дедім. Сонда ол: «Діннің басы – Ислам (яғни, Исламды қабылдау), тірегі – намаз және шыңы – Алла жолындағы күрес», – деді. Содан соң: «Ал енді осы айтылғандардың барлығының негізін қалайтын нәрсенің не екенін де айтайын ба?» – деді. Мен: «Әрине, уа, Расулалла!» – дедім. Сонда ол тілін ұстап көрсетіп: «Мынаған ие бол», – деп айтты. Мен: «Уа, Расулалла! Сонда біз айтқан сөзіміз үшін де жауапқа тартыламыз ба?» – дедім. Сол кезде ол: «Анаң сенен айырылып қалсын Мұғаз! Адамдарды етпетінен тозаққа құлататын (күнәлары) тілінен тапқандары емей немене?» – деп айтты», – деген (Тирмизи: 2616, Ахмад: 22016).

Орысша аудармасы

Муаз (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды я спросил Посланника Аллаха ﷺ: “О Посланник Аллаха! Какое деяние отдалит меня от ада и введёт в рай?” Он ответил: “Поистине, ты спросил о великом (чрезвычайно трудном) деле. Однако оно будет лёгким для того, кому Аллах Всевышний облегчит его. Поэтому хорошо усвой: поклоняйся Аллаху, не приобщая к Нему (никого и ничего) в сотоварищи; совершай в полной мере пять ежедневных молитв, соблюдая все их условия; выплачивай закят; соблюдай пост в месяц рамадан и, если имеешь возможность, отправляйся к Дому Аллаха, чтобы исполнить обязанность хаджа”.

Затем он сказал: “Не рассказать ли тебе также о вратах благого? Пост – это щит (защищающий от огня ада). Подобно тому как вода гасит огонь, милостыня уничтожает грехи. А ещё – молитва, которую человек совершает глубокой ночью (если бы ты только знал, сколь велика награда за неё!)”.

После этого он прочитал аят: “Они (лишая себя сна ради совершения ночной молитвы) покидают свои ложа и взывают к своему Господу со страхом перед Его наказанием и надеждой на Его милость. Они расходуют на благие дела часть того, чем Мы их наделили. Ни одна душа не знает, какие радующие их дары сокрыты для них в воздаяние за совершённые ими благие дела” (Коран, 32:16⁠–⁠17).

Затем он спросил: “Не рассказать ли тебе также о начале религии, её опоре и вершине?” Я ответил: “Конечно, о Посланник Аллаха!” Тогда он сказал: “Начало религии – ислам (то есть принятие ислама), её опора – молитва, а вершина – борьба на пути Аллаха”.

После этого он спросил: “А теперь не рассказать ли тебе о том, что служит основой всего сказанного?” Я ответил: “Конечно, о Посланник Аллаха!” Тогда он взялся за свой язык, показал на него и сказал: “Держи это под контролем”. Я спросил: “О Посланник Аллаха! Неужели нас будут призывать к ответу даже за произнесённые нами слова?” Он воскликнул: “Да лишится тебя твоя мать, о Муаз! Разве людей ввергает лицом вниз в ад что-либо иное, кроме (грехов), приобретённых их языками?”» (Ат-Тирмизи: 2616; Ахмад: 22016).