Хадис

Айтатын сөз бен әңгіменің растығына көз жеткізіп барып айту керектігі жайлы

О необходимости проверять правдивость слов и рассказов, прежде чем передавать их

Риядус-салихин, 262-тақырып · 3 хадис · № 1549–1551

Хадистер

«وَلَا تَقْفُ مَا لَيْسَ لَكَ بِهِ عِلْمٌ إِنَّ السَّمْعَ وَالْبَصَرَ وَالْفُؤَادَ كُلُّ أُولَٰئِكَ كَانَ عَنْهُ مَسْئُولًا» «Өзің нақты білмейтін нәрсенің соңына түспе! Шынында, адам баласы құлақ, көз және жүрек үшін жауапқа тартылады!» («Исра», 36-аят).

«مَا يَلْفِظُ مِنْ قَولٍ إِلَّا لَدَيْهِ رَقِيبٌ عَتِيدٌ» «Адам баласының аузынан қандай сөз шықса да, дәл қасында оның аузын бағып, бірде-бір сөзін қалт жібермей жазып алып тұратын бақылаушы періште бар» («Қаф», 18-аят).

«Не следуй за тем, о чём у тебя нет знания! Воистину, ведь слух, зрение, сердце – все они будут призваны к ответу» (сура «Исра», 17:36).

«И какое бы слово ни произнёс он, всё записывает ангел при нём, следящий за всем и не оставляющий без внимания ни единого слова» (сура «Каф», 50:18).

1549
Риядус-салихин, № 1549Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «كَفَى بِالْمَرْءِ كَذِبًا أَنْ يُحَدِّثَ بِكُلِّ مَا سَمِعَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Естігеннің бәрін (анық-қанығына жетпей жатып) өзгелерге тәптіштеп айтып беру, адамның өтірікші болуына әбден жеткілікті», – деп айтты», – делінген (Муслим: 7).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Человеку вполне достаточно для того, чтобы стать лжецом, подробно пересказывать другим всё услышанное (не удостоверившись в его достоверности)» (Муслим: 7).

1550
Риядус-салихин, № 1550Риуаят етуші: Сәмура (р.а.)

عَنْ سَمُرَةَ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ حَدَّثَ عَنِّى بِحَديثٍ يَرَى أَنَّهُ كَذِبٌ فَهُوَ أَحَدُ الْكَاذِبينَ»

Қазақша аудармасы

Сәмура (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім, қандай да бір сөздің жалған екенін біле тұра, соны адамдарға менің сөзім (яғни, пайғамбар хадисі) деп жеткізсе, сол нағыз суайттардың бірі болады», – деп айтты», – деген (Муслим: 1, Ахмад: 20221).

Орысша аудармасы

Самура (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Кто, зная, что какое-либо сообщение ложно, всё же передаёт его людям как мои слова (то есть как хадис Пророка), тот является одним из настоящих лжецов» (Муслим: 1; Ахмад: 20221).

1551
Риядус-салихин, № 1551Риуаят етуші: Әсма (р.а.)

عَنْ أسماء أَنَّ امْرَأَةً قَالَتْ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ لِى ضَرَّةً فهل عَلَيَّ جُنَاحٌ إِنْ تَشَبَّعْتُ مِنْ زَوْجِى غَيْرَ الَّذِى يُعْطِيني؟ فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «المُتَشَبِّعُ بِما لَمْ يُعْطَ كَلَابِسِ ثَوْبَيْ زُورٍ»

Қазақша аудармасы

Әсмә (р.а.) жеткізген хадисте: Бір әйел: «Уа, Расулалла! Менің күндесім бар, (соның қызғанышын ояту үшін) күйеуім маған бермеген нәрселерді бергендей етіп көрсетіп жүрсем маған күнә жазыла ма?» – дегенде, Пайғамбарымыз ﷺ: «Өзіне берілмеген артықшылықты берілгендей етіп көрсетуші – бейне бір жалған қос киім1 киген алаяқ адам сияқты», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 5219, Муслим: 5584, Ахмад: 25340). (Хадисте келген الْمتشبع сөзінің тура мағынасы – қарны тоймаса да, тойынғандай болып көрінген адам).

Орысша аудармасы

Асма (да будет доволен ею Аллах) передала, что одна женщина спросила: «О Посланник Аллаха! У моего мужа есть другая жена. Будет ли записан мне грех, если я (желая вызвать у неё ревность) стану делать вид, будто муж даровал мне то, чего в действительности не давал?» Пророк ﷺ ответил: «Тот, кто делает вид, будто ему даровано благо, которого в действительности он не получал, подобен обманщику, облачившемуся в два одеяния лжи1» (Аль-Бухари: 5219; Муслим: 5584; Ахмад: 25340).

Түсіндірме

Буквальное значение употреблённого в хадисе слова «الْمُتَشَبِّعُ» – «человек, который, не насытившись, делает вид, будто сыт».

  1. 1«Жалған қос киім киюші» деген тіркес сөз – өзінің нағыз шын болмысын көрсетпей, өзін керісінше көрсететін, мысалы, ғалым болмаса да, ғалым боп көрінетін, тақуа болмаса да тақуа боп көрінетін, бай болмаса да, бай боп көрінетін алаяқ адамдарға қатысты қолданылады.
  1. 1Выражение «облачившийся в два одеяния лжи» употребляется в отношении обманщиков, которые скрывают свою истинную сущность и представляют себя не теми, кем являются на самом деле: например, не будучи учёными, выдают себя за учёных; не будучи богобоязненными, изображают богобоязненность; не будучи богатыми, притворяются состоятельными.