Хадис

Өтірік айтуға болатын жағдайлар

Случаи, в которых дозволено говорить неправду

Риядус-салихин, 261-тақырып · 1 хадис · № 1548

Хадистер

اعلَمْ أَنَّ الْكَذِبَ، وإِنْ كَانَ أصْلُهُ مُحَرَّمًا، فَيَجُوزُ فِى بَعْضِ الْأحْوَالِ بِشُروطٍ قَدْ أوْضَحْتُهَا فِى كتَاب: « الْأَذْكَارِ»، ومُخْتَصَرُ ذَلِكَ: أَنَّ الْكلَامَ وَسيلَةٌ إِلَى الْمَقَاصِدِ، فَكُلُّ مَقْصُودٍ مَحْمُودٍ يُمْكِنُ تَحْصِيلُهُ بِغَيْرِ الْكَذِبِ يَحْرُمُ الْكَذِبُ فِيهِ، وإِنْ لَمْ يُمْكِنْ تَحْصِيلُهُ إِلَّا بالكَذِبِ، جازَ الْكَذِبُ. ثُمَّ إِنْ كَانَ تَحْصِيلُ ذَلِكَ الْمَقْصُودِ مُبَاحًا كَانَ الْكَذِبُ مُبَاحًا، وإِنْ كَانَ وَاجِبًا، كَانَ الْكَذِبُ وَاجِبًا. فإِذا اخْتَفَى مُسْلِمٌ مِنْ ظَالِمٍ يُرِيدُ قَتْلَهُ، أَوْ أَخذَ مَالِهِ وأخفى مالَه وَسُئِلَ إِنْسَانٌ عَنْهُ، وَجَبَ الْكَذِبُ بإِخْفَائِه. وكذا لو كانَ عِنْدَهُ وديعَةٌ، وأراد ظالمٌ أخذها، وجبَ الْكذبُ بإِخفائها. وَالْأحْوَطُ فِى هَذَا كُلِّهِ أن يُوَرِّيَ. ومعْنَى التَّوْرِيَةِ: أَنْ يَقْصِدَ بِعِبَارَتِهِ مَقْصُودًا صَحيحًا لَيْسَ هُوَ كَاذِبًا بالنِّسْبَةِ إِلَيْهِ، وإِنْ كَانَ كَاذِبًا فِى ظَاهِرِ اللَّفْظِ، وبالنِّسْبَةِ إِلَى مَا يَفْهَمُهُ الْمُخَاطَبُ، وَلَوْ تَرَكَ التَّوْرِيَةَ وَأطْلَقَ عِبَارَةَ الْكَذِبِ، فَلَيْسَ بِحَرَامٍ فِى هَذَا الْحَالِ.

Өтірік айту шариғат бойынша тыйым салынған іс болғанымен, кейбір үзірлі жағдайларда белгілі бір шарттар негізінде өтірік айтуға рұқсат елітеді. Бұл мәселені «Әзкәр» деп аталатын кітабымда тарқатып баяндаған едім. Соның қысқаша мазмұны былай: Сөз – белгілі бір мақсатқа жеткізетін құрал. Көздеген игі мақсатқа өтірік сөз айтпай-ақ жету мүмкін болса, ондай жағдайда өтірік айту харам саналады. Ал егер қандай да бір игі мақсатқа жетудің жалғыз жолы өтірік айту болса, онда өтірік айтуға тыйым салынбайды. Сондай-ақ көзделген игі мақсаттың үкімі мубах212 болса, онда сол мақсатта өтірік айтудың үкімі де мубах болмақ. Ал егер уәжіп болса, ол жағдайда өтірік айту да уәжіп болмақ. Мысалы, бір мұсылман өзін өлтіргісі келетін немесе мал-дүниесін тартып алғысы келетін бір залымнан жасырынса немесе одан мал-дүниесін жасырса, сөйтіп әлгі мұсылманның қай жерге жасырынғанын, яки дүниесін қай жерге жасырғанын білетін біреуден ол жайлы сұралғанда, «білмеймін» деп өтірік айтып болса да, мұсылман бауырын қорғауы уәжіп болады. Сондай-ақ оның қолында біреудің сеніп тапсырған аманаты болып, соны бір залым одан алып қойғысы келсе, ол сол аманатты өтірік айту арқылы болса да, жасырып, сақтап қалуға міндетті. Мұндай жағдайларда тәурия жасаған дұрыс болады. Тәурия дегеніміз – сөздің өзі сырттай қарағанда өтірік болып көрінгенімен немесе екінші жақтағы адам үшін өтірік болғанымен, сөз иесінің өзінің іштей меңзеген мағынасы мен мақсаты тұрғысынан қарағанда өтірік саналмайтын сөз айту. Басқаша айтқанда, тәурия дегеніміз – екі түрлі мағынаны білдіретін сөз айтып, бірақ сөздің негізгі тура мағынасын емес, астарындағы мағынаны меңзеу. (Мысалы, Ибраһим (а.с.) пайғамбардың өз әйелін залым патшаға «қарындасым» деп таныстырғаны сияқты. Өйткені әлгі залым патша өзіне ұнап қалған сұлу әйелдердің күйеулерін өлтіртіп, әйелдерін иемденіп алатын еді. Яғни Ибраһим (а.с.) өз әйелін «қарындасым» дегенде, тура мағынада емес, ауыспалы мағынада айтқан болатын). Дегенмен кез келген адамға қиын жағдайда қалғанда, тәурия жасамастан тікелей өтірік айтып құтылуға да болады.

Хотя ложь запрещена шариатом, при некоторых уважительных обстоятельствах и при соблюдении определённых условий говорить неправду разрешается. Этот вопрос я подробно разъяснил в своей книге «Азкар». Вкратце его суть заключается в следующем.

Слова служат средством достижения определённой цели. Если благой цели можно достичь, не прибегая ко лжи, то говорить неправду ради неё запрещено. Если же ложь является единственным способом достижения какой-либо благой цели, то она не запрещается. Если достижение намеченной благой цели имеет статус мубах212, то и ложь ради этой цели будет иметь статус мубах. Если же достижение цели обязательно, то обязательной становится и ложь.

Например, если мусульманин скрывается от притеснителя, желающего убить его или отнять его имущество, либо прячет от него своё имущество, а человека, знающего, где скрывается этот мусульманин или где спрятано его имущество, спрашивают об этом, тот обязан защитить своего брата-мусульманина, даже если для этого придётся солгать, сказав: «Я не знаю». Точно так же, если у человека находится чужое имущество, доверенное ему на хранение, а притеснитель хочет отнять его, он обязан скрыть и сохранить доверенное имущество, даже если для этого потребуется солгать.

В подобных случаях предпочтительнее прибегнуть к таврии. Таврия – это высказывание, которое внешне может показаться ложным или восприниматься собеседником как ложь, однако с точки зрения смысла и цели, внутренне подразумеваемых самим говорящим, ложью не является. Иными словами, таврия заключается в употреблении слова или выражения, имеющего два значения, при котором подразумевается не его основное прямое значение, а скрытый смысл.

(Например, пророк Ибрахим (мир ему) представил свою жену притеснителю-царю как свою «сестру». Этот притеснитель приказывал убивать мужей понравившихся ему красивых женщин, а самих женщин забирал себе. Поэтому, называя свою жену «сестрой», Ибрахим (мир ему) употребил это слово не в прямом, а в переносном смысле.)

Тем не менее человек, оказавшийся в трудном положении, может спастись, прямо сказав неправду и не прибегая к таврии.

1548
Риядус-салихин, № 1548

واسْتَدلَّ الْعُلَماءُ بجَوازِ الكَذِب في هَذَا الحَال بحدِيث أمِّ كُلْثومٍ رَضِيَ اللَّه عنْهَا أنَّها سَمِعَتْ رَسُولَ اللَْه صَلّى اللهُ عَلَيْهِ وسَلَّم يقولُ: لَيْس الكَذَّابُ الَّذي يُصلحُ بيْنَ النَّاسِ، فينمِي خَيْراً أَوْ يقولُ خَيْراً

زاد مسلم في رواية قالت أمُّ كُلْثُومٍ: ولَم أسْمعْهُ يُرْخِّصُ في شَيءٍ مِمَّا يقُولُ النَّاسُ إلاَّ في ثلاثٍ: تَعْني: الحَرْبَ، والإصْلاحَ بيْن النَّاسِ، وحديثَ الرَّجُلَ امْرَأَتَهُ، وَحَدِيثَ المرْأَةِ زوْجَهَا

Қазақша аудармасы

Ғалымдар жоғарыда айтылғандай, кез келген адамның өз басына, жақындарына, яки мал-дүниесіне қауіп төнген қиын жағдайларда өтірік айтуға болатындығына Үммі Күлсімнің мына хадисін дәлел ретінде келтірген: Үммі Күлсімнен (р.а.) жеткен хадисте, ол Алла елшісінің ﷺ: «Ренжіскен адамдарды жарастыру мақсатында (өз ойынан шығарып болса да) жақсы сөз жеткізген немесе жақсы сөз айтқан адам өтірікші емес», – деп айтқанын естіген», – деп айтылған (Бұхари: 2692, Муслим: 6633, Ахмад: 27272).

Хадистің имам Муслимнің жинағында келген нұсқасында былай айтылған: «Үммі Күлсім (р.а.): «Алла елшісінің үш жағдайдан басқа адамдардың өзара өтірік айтуларына рұқсат бергенін естіген емеспін. (Яғни мына жағдайларда ғана өтірік айтуға рұқсат еткен): Соғыс жағдайында; Ренжіскен адамдарды жарастыру мақсатында; (Отбасының береке-бірілігін сақтау үшін) ер адамның әйеліне немесе әйелдің күйеуіне айтқан (өтірік болса да қуаныш сезімін ұялататын) сөздері», – деген..

Орысша аудармасы

Как было сказано выше, учёные приводили следующий хадис Умм Кульсум в качестве доказательства того, что человеку дозволено говорить неправду в трудных обстоятельствах, когда опасность угрожает ему самому, его близким или имуществу. Умм Кульсум (да будет доволен ею Аллах) передала, что слышала, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Не является лжецом тот, кто ради примирения поссорившихся людей передаёт им хорошие слова (даже если сам их придумал) или говорит что-либо хорошее» (Аль-Бухари: 2692; Муслим: 6633; Ахмад: 27272).

В версии хадиса, приведённой в сборнике имама Муслима, говорится: «Умм Кульсум (да будет доволен ею Аллах) сказала: “Я не слышала, чтобы Посланник Аллаха ﷺ разрешал людям лгать друг другу, кроме трёх случаев (то есть он разрешал ложь только в следующих случаях): во время войны; ради примирения поссорившихся людей; а также (ради сохранения благополучия и единства семьи) в словах мужчины, обращённых к жене, или женщины, обращённых к мужу (словах, которые, даже будучи неправдой, пробуждают чувство радости)”».