Қазақша аудармасы
Сәмура ибн Жундуб (р.а.): «Расулалла ﷺ (таң намазынан кейін) сахабаларынан: «Іштеріңде қандай да бір түс көрген адам бар ма?» – деп, жиі сұрап тұратын. Сонда түс көргендер Алланың қалауымен көрген түсін оған айтып беретін. Бір күні таңертең Алла елшісі: «Бүгін түнде түсімде маған екі періште (Жәбірейіл мен Микайл) келіп: «Бізбен бірге жүр», – деді. Мен олардың соңына ілестім. Бір кезде жантайып жатқан біреудің қасына келдік. Оның бас жағында қолына үлкен тас ұстаған басқа біреудің тұрғанын көрдік. Жай тұрған жоқ, қолындағы тасын жатқан адамның басына тастап жіберіп, мылжа-мылжасын шығарып тұр. Жерге түскен тас домалап кеткенде, әлгі адам артынан қуып барып алысқа ұзатпай ұстап алады. Сөйтіп, жатқан адамның жарылған басы оңалып, қайта қалпына келгенше маңына жоламай күтіп тұрады. Жарылған бас қайта қалпына келген соң, қасына келіп, алғашқы әрекетін қайталайды. Сонда мен екі періштеге қарап: «Субханаллаһ» (Алла күллі кемшілік атаулыдан пәк)! Бұл не сонда?!» – деп таңғалып, көргенімнің мән-жайын сұрадым. Олар болса маған (жауап бермей): «Жүр кеттік, кеттік!» – деді де, ары қарай кете бардық. Сөйтіп, шалқасынан түсіп жатқан тағы бір адамның қасына келдік. Оның да бас жағында қолында темір ілгегі бар біреу тұр. Ол жатқан адамның бір жағына шығып, қолындағы ілгегін бір жақ ұртына салып, аузын желкесіне дейін жыртады. Содан кейін мұрнының бір жағына салып, оны да желкесіне дейін қақ айырады. Көзіне де дәл солай ілгек салып шүйдесінен бір-ақ шығарады. Содан соң екінші жағына шығып, бетінің бір жағының қалай парша-паршасын шығарса, екінші жағын да дәл солай талқандайды. Әлгі адамның бетінің екінші қапталын талқандап бітпей жатып, алғаш талқандалған жағы жазылып, қайта қалпына келеді. Сөйтіп, ол жатқан адамның келесі жағына қайта шығып, алғашында істегенін тағы қайталайды. Сонда мен екі періштеге қарап: «Субханаллаһ» (Алла күллі кемшілік атаулыдан пәк)! Бұл не сонда?!» – деп таңғалып, көргенімнің жай-жапсарын сұрадым. Олар бұл жолы да маған (жауап қатпай): «Жүр кеттік, кеттік!» – деді де, ары қарай кете бардық. Бір кезде алып тандырға ұқсаған бір нәрсенің қасына келдік. Алып тандырдың ішінен түсініксіз айқай-шу мен (естіген адамның аза-бойын қаза қылатын) дауыстар естіліп жатты. Ішіне үңілгенімізде тыр жалаңаш еркектер мен әйелдерге толы екенін көрдік. Олардың астынан әлсін-әлсін оттың жалыны лап-лап етіп шапшып, күйдіріп-жандырған сайын жан дауыстары шығып, улап-шулап кетеді. Сонда мен: «Бұлар кімдер?» – деп сұрадым. Екі періште (жауап қатпастан): «Кеттік, кеттік», – деді де, мені өздерімен бірге ертіп, ары тарттық. Сөйтіп, бір өзеннің жағасына келіп жеттік. Өзеннің суы қан түстес қып-қызыл екен. Бір қарасам, әлгі өзенде біреу жүзіп жүр, ал жағалауда қасына тасты мол етіп, үйіп алған тағы біреу тұр. Өзендегі адам біраз уақыт ары жүзіп, бері жүзіп, жағадағы тас үйіндісінің қасында тұрған адамға жүзіп келіп, аузын арандай қылып ашады. Сонда жағадағы адам тастың біреуін оған жұтқызып жібереді. Сөйтіп, ол ары қарай жүзіп кетеді. Сәлден кейін бір айналып жағаға қайта соғады. Айналып келген сайын жағадағы адамға аузын арандай қылып ашады, ол болса, әр келісінде бір тасты оның өңешіне жытырып отырады. Мен тағы: «Мына екеуі кім?» – деп сұрадым. Екі періште ештеңе айтпастан: «Кеттік, кеттік», – деді де, ары қарай жүріп кеттік. Сөйтіп, бір кезде өте ұсқынсыз біреудің қасына таядық. Ол маңындағы отты шыр айналып, одан сайын қоздатып-маздатып жүр. Мен қасымдағыларға: «Бұл кім?» – дегенімде, еш нәрсе айтпастан: «Кеттік, кеттік», – деді де, ары қарай тарттық. Содан ішінде биік ағаштар мен көктемде бүр жарып, бүршік ататын гүлдердің неше түрі жайқала өскен жап-жасыл бау-бақшаға келіп кірдік. Бақшаның ортасында аңсағай бойлы бір адам тұр екен. Төбесі көк тіреп тұрғандықтан, оның басын әрең дегенде көре алдым. Айналасында шиттей бала-шаға өріп жүр. Өз басым бұрын-соңды шүпірлеген мұншама көп баланы көрген емеспін. Қасымдағы екі періштеден: «Мына кісі мен мына балалар кімдер?» – деп сұрағанымда, олар жайлы ештеңе айтпай: «Жүр, кеттік, кеттік», – деді де, әдетімізше, ары қарай жөнелдік. Содан бір алып ағашқа келдік. Ғұмырымда одан үлкен әрі әсем ағашты көрген емеспін. Әлгі екі періште маған: «Ағашқа шық», – деді. Содан бәріміз бірге әлгі ағашқа өрмелеп, жоғары көтерілдік. Көтеріле-көтеріле (үйлері) алтын мен күміс кірпіштерден салынған қалаға келіп жеттік. Қаланың қақпасына келіп, кіруге рұқсат сұрадық. Бір кезде қақпа айқара ашылып, қалаға кірдік. Алдымыздан денелерінің бір қапталы адам баласы бұрын-соңды көрмеген сұлу да сымбатты, ал екінші қапталы болса, адам баласы бұрын-соңды көрмеген ұсқынсыз адамдар шықты. Қасымдағы екі періште оларға: «Анау өзенге барып шомылыңдар», – деді. Қарасам, алдымызда көлденеңдеп суы сүттей аппақ өзен ағып жатыр екен. Әлгі жартылай көрікті, жартылай көріксіз адамдар сол өзенге барып шомылып, ұсқынсыздықтан толық арылып, көркіне көз тоймайтын сұлу кейіпте біздің қасымызға қайта оралды. Сол кезде екі періште маған: «Бұл жер – Адн жаннаты. Анау болса, сенің қоныс тебетін мәңгілік тұрағың», – деп сүйіншіледі. Басымды көтеріп жоғары қарағанымда, ақұлпа бұлтқа ұқсаған зәулім сарайды көрдім. Олар тағы: «Бұл сенің қоныс тебетін мәңгілік тұрағың болады», – деді. Сонда мен оларға: «Алла Тағала сендердің тілеулеріңді берсін! Рұқсат болса, мен бір кіріп шығайын», – дедім. Екеуі: «Жоқ, қазір емес. Алайда уақыты келгенде, міндетті түрде кіресің», – деді. Мен екеуіне: «Расында, түні бойы таңғажайып нәрселерді тамашалап шықтым. Бұл көргендерім не болды сонда?» – деп алдыңғы көргендеріме орай қойған сауалыма қайта оралдым. Екеуі маған: «Еш уайымдама, саған бәрін де айтып береміз», – деп, көргендерімнің сырын: «Өзің қасына барып көрген басы таспен мылжаланып жатқан алғашқы адам – Құранды жаттап алса да, салғырттық танытып, оқымай, жаттағанын ұмытқан әрі парыз намаздарының уақытын ұйықтап өткізіп алып жүрген бейбақ. Ал аузы-мұрны және көзі темір ілгекпен шүйдесіне дейін жыртылып, бетінің парша-паршасы шыққан адам – үйінен таң атпастан шығып алып, мың бір түрлі өтірік айтып, соны жер-әлемнің бәріне жаюмен болған бейшара. Ал алып пешке ұқсаған тамның ішіндегі тыр жалаңаш еркектер мен әйелдер болса, зинақор еркектер мен зинақор әйелдер. Ал өзенде ары-бері жүзіп, қайта-қайта тас жұтып жүрген адам – өсімқор. Жалындаған оттың айналасында шыр көбелек айналып, оны одан ары қоздатып-маздатып жүрген ұсқынсыз жан – Мәлик атты тозақтың қарауылы. Ал бақшадағы аңсағай бойлы адам – Ибраһим (а.с.) пайғамбар, оның айналасындағы балалар балиғат шағына жетпей пәк күйінде қайтыс болған сәбилер».
Барқанидің риуаятында «Жаратылыс мақсатына сай пәк күйде дүниеге келген сәбилер» деген қосымша бар.
Сонда кейбір мұсылмандар: «Уа, Расулалла! Олардың ішінде мүшріктердің де балалары болды ма?» – деп сұрағанда, ол: «Мүшріктердің де балалары бар», – деп жауап берді. Ал енді жартылай көрікті, жартылай ұсқынсыз болған адамдар дүние тіршілігінде сауапты істер істеумен қатар күнә істерді де істеп, ақырында Алланың жарылқауына бөленген жандар», – деп, рет-ретімен толық баяндап берді», – деген (Бұхари: 7047, Ахмад: 20094).
Орысша аудармасы
Самура ибн Джундуб (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ часто спрашивал своих сподвижников (после утренней молитвы): «Видел ли кто-нибудь из вас какой-либо сон?» Те, кому снился сон, по воле Аллаха рассказывали ему увиденное.
Однажды утром Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Сегодня ночью во сне ко мне явились два ангела (Джибрил и Микаил) и сказали: “Иди с нами”. Я последовал за ними.
Через некоторое время мы подошли к лежавшему человеку. У его изголовья стоял другой человек, державший в руках большой камень. Он не просто стоял: он бросал камень на голову лежавшего и разбивал её вдребезги. Упавший на землю камень откатывался в сторону, а тот человек бросался за ним и подбирал его, не давая укатиться далеко. Затем он ждал, не приближаясь к лежавшему, пока разбитая голова не заживала и не принимала прежний вид. Как только голова восстанавливалась, он подходил и повторял всё сначала.
Увидев это, я в изумлении спросил двух ангелов: “Субханаллах (Аллах превыше всех мыслимых недостатков)! Что же это такое?!” Однако они (не ответив мне) сказали: “Идём, идём!” – и мы отправились дальше.
Затем мы подошли к другому человеку, лежавшему на спине. У его изголовья стоял некто с железным крюком в руке. Он подходил к одной стороне лица лежавшего, вонзал крюк в угол его рта и раздирал рот до самого затылка. Затем вонзал крюк в одну ноздрю и так же разрывал её до затылка. После этого проделывал то же самое с глазом, протаскивая крюк до самого затылка. Закончив с одной стороной лица, он переходил к другой и терзал её точно так же. Не успевал он закончить со второй стороной, как первая уже заживала и принимала прежний вид. Тогда он вновь возвращался к ней и повторял всё сначала.
Я снова в изумлении спросил двух ангелов: “Субханаллах (Аллах превыше всех мыслимых недостатков)! Что же это такое?!” Однако и на этот раз они (не ответив мне) сказали: “Идём, идём!” – и мы продолжили путь.
Через некоторое время мы подошли к чему-то, напоминавшему огромную печь. Изнутри доносились непонятный шум, крики и голоса (от которых у слышавшего кровь стыла в жилах). Заглянув внутрь, мы увидели множество совершенно обнажённых мужчин и женщин. Время от времени снизу к ним вздымались языки пламени, обжигая их, и тогда они начинали кричать и громко стенать. Я спросил: “Кто эти люди?” Два ангела (ничего не ответив) сказали: “Идём, идём!” – и повели меня дальше.
Затем мы достигли берега реки, вода которой была ярко-красной, словно кровь. Я увидел, как в этой реке плавал человек, а на берегу стоял другой, сложивший возле себя большую груду камней.
Человек в реке некоторое время плавал туда и обратно, а затем подплывал к стоявшему возле груды камней и широко раскрывал рот. Тогда человек на берегу заставлял его проглотить один из камней. После этого тот снова уплывал, но вскоре, сделав круг, возвращался к берегу. Всякий раз, подплывая, он широко открывал рот, а стоявший на берегу заталкивал ему в горло очередной камень. Я спросил: “Кто эти двое?” Ничего не ответив, два ангела вновь сказали: “Идём, идём!” – и мы продолжили путь.
Через некоторое время мы приблизились к человеку крайне безобразного вида. Он ходил вокруг пылавшего рядом с ним огня, непрестанно раздувая и разжигая его ещё сильнее. Я спросил своих спутников: “Кто это?” Ничего не ответив, они сказали: “Идём, идём!” – и мы отправились дальше.
Затем мы вошли в зелёный сад, в котором росли высокие деревья и пышно цвели всевозможные весенние цветы. Посреди сада стоял человек необычайно высокого роста. Его макушка словно упиралась в небо, поэтому мне едва удавалось разглядеть его голову. Вокруг него резвилось множество совсем маленьких детей. Никогда прежде я не видел столько детей, собравшихся вместе. Я спросил двух ангелов: “Кто этот человек и кто эти дети?” Не объяснив мне ничего, они по обыкновению сказали: “Идём, идём!” – и мы продолжили путь.
Вскоре мы подошли к огромному дереву. За всю свою жизнь я не видел дерева больше и прекраснее. Два ангела сказали мне: “Поднимайся на него”. Мы все вместе начали взбираться по дереву и, поднимаясь всё выше и выше, достигли города, дома которого были построены из золотых и серебряных кирпичей. Мы подошли к городским воротам и попросили разрешения войти. Ворота широко распахнулись, и мы вошли в город.
Нам навстречу вышли люди, одна половина тела которых была прекрасна и совершенна, как ничто из когда-либо виденного людьми, а другая – безобразна, как ничто из когда-либо ими виденного. Два сопровождавших меня ангела сказали им: “Ступайте и искупайтесь в той реке”. Я увидел перед нами реку с белой, словно молоко, водой. Эти люди вошли в неё и искупались, а затем вернулись к нам, полностью избавившись от уродства и обретя такую красоту, что невозможно было отвести глаз.
Тогда два ангела обрадовали меня вестью: “Это – рай Адн, а вон там находится твоё вечное жилище”. Я поднял голову и увидел величественный дворец, подобный белоснежному облаку. Они вновь сказали: “Это будет твоим вечным жилищем”. Я сказал им: “Да благословит Аллах вас обоих! Позвольте мне ненадолго войти туда”. Они ответили: “Нет, сейчас ещё нельзя. Но когда настанет время, ты непременно войдёшь”.
Тогда я вновь вернулся к своему прежнему вопросу и сказал им: “Поистине, всю эту ночь я наблюдал удивительные вещи. Что же означает всё увиденное мною?” Они ответили: “Не беспокойся, мы непременно всё тебе объясним.
Первый человек, к которому ты подошёл и голову которого разбивали камнем, – это несчастный, который выучил Коран наизусть, но затем проявил небрежность, перестал его читать и забыл выученное, а также постоянно просыпал время обязательных молитв.
Человек, которому железным крюком раздирали рот, нос и глаз до самого затылка, превращая лицо в месиво, – это тот, кто рано утром выходил из своего дома, рассказывал бесчисленное множество лживых историй и распространял их по всему свету.
Совершенно обнажённые мужчины и женщины, находившиеся внутри помещения, подобного огромной печи, – это мужчины и женщины, совершавшие прелюбодеяние.
Человек, плававший туда и обратно по реке и раз за разом проглатывавший камни, – ростовщик.
Безобразный человек, непрестанно ходивший вокруг пылающего огня и всё сильнее раздувавший его, – Малик, страж ада.
Высокий человек в саду – пророк Ибрахим (мир ему), а окружавшие его дети – младенцы, которые умерли чистыми, не достигнув возраста половой зрелости”».
В версии аль-Баркани к этим словам добавлено: «Младенцы, родившиеся в чистоте, соответствующей изначальной природе творения».
Тогда некоторые мусульмане спросили: «О Посланник Аллаха! Были ли среди них дети многобожников?» Он ответил: «Среди них были и дети многобожников».
Завершая последовательное объяснение увиденного, Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Люди, одна половина тела которых была прекрасной, а другая – безобразной, – это те, кто в земной жизни наряду с благими делами совершал и грехи, но в конце концов удостоился прощения Аллаха». Так он подробно и по порядку разъяснил всё увиденное (Аль-Бухари: 7047; Ахмад: 20094).