Хадис

Риядус-салихин, № 1544

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
260. Өтірік айту және жалған куәлікке жүруден аулақ болу керектігі жайында
Нөмірі
№ 1544 (қазақша басылым реті)
1544
Риядус-салихин, № 1544Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرُو بْنِ الْعاص أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «أَرْبَعٌ مَنْ كُنَّ فِيهِ، كَانَ مُنَافِقًا خَالِصًا، وَمَنْ كَانَتْ فِيهِ خَصْلَةٌ مِنْهُنَّ، كَانَتْ فِيهِ خَصْلَةٌ مِنْ نِفاقٍ حَتَّى يَدَعَهَا: إِذَا أؤْتُمِنَ خانَ، وَإِذَا حَدَّثَ كَذَبَ، وَإِذَا عَاهَدَ غَدَرَ، وَإِذَا خَاصَمَ فَجَرَ»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Амр ибн Ас (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Мына төрт түрлі қылық кімнің бойынан түгел табылса, сол – нағыз екіжүзді адам. Ал кімнің бойында осы төрт қылықтың бірі болса, одан арылмайынша бойында екіжүзділікке тән бір белгінің болғаны. Нағыз екіжүзді адам – аманат табысталса, қиянат жасайды; сөйлесе, өтірік айтады; уәде берсе, сөзінде тұрмайды; дауласқанда (немесе жауласқанда), қарсыласына қиянат жасауда шектен шығады», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 34, Муслим: 210, Ахмад: 6768).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Амр ибн аль-Ас (да будет доволен ими обоими Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Тот, в ком объединятся четыре качества, является истинным лицемером. Если же человеку присуще одно из этих четырёх качеств, в нём останется один из признаков лицемерия, пока он не избавится от него. Истинный лицемер предаёт доверие, когда ему вверяют что-либо; лжёт, когда говорит; не держит слова, когда даёт обещание; а вступая в спор (или враждуя), переходит все границы, поступая несправедливо со своим противником» (Аль-Бухари: 34; Муслим: 210; Ахмад: 6768).