Хадис

Мұсылманды қор санамау жайлы

О запрете презирать мусульманина

Риядус-салихин, 273-тақырып · 3 хадис · № 1576–1578

Хадистер

«يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا يَسْخَرْ قَوْمٌ مِنْ قَومٍ عَسَى أَنْ يَكُونُوا خَيْرًا مِنْهُمْ وَلَا نِسَاءٌ مِنْ نِسَاءٍ عَسَى أَنْ يَكُنَّ خَيْرًا مِنْهُنَّ وَلَا تَلْمِزُوا أَنْفُسَكُمْ وَلَا تَنَابَزُوا بِالألْقَابِ بِئْسَ الاسْمُ الْفُسُوقُ بَعْدَ الْإِيْمَانِ وَمَنْ لَمْ يَتُبْ فَأُولَئِكَ هُمُ الظَّالِمُونَ» «Уа, иман келтіргендер! Араларыңнан бір қауым басқа бір қауымды мазақтап, келемеждемесін! Бәлкім, мазаққа ұшыраған қауым өзін мазақ қылған қауымнан әлдеқайда қайырлы болар. Әйелдер қауымы да, өзге әйелдерді мазақтап, келемеждемесін! Бәлкім, мазаққа ұшыраған әйелдер өздерін мазақ қылған әйелдерден анағұрлым қайырлы болар. Бір-біріңді кемсітпеңдер! Біріңді-бірің намысқа тиетін лақап атпен атамаңдар. Адам баласының иман келтіргеннен кейін күнәһар деген жаман атқа қалуы қандай жаман! Кімде-кім тәубесіне келіп, мұндай жаман қылықтан дереу тыйылып, Аллаға бет бұрмаса міне, солар нағыз залымдар!» («Хужурат», 11-аят).

«وَيلٌ لِكُلِّ هُمَزَةٍ لمزَةٍ» «Әрбір сынап-мінеуші, ым-ишарамен келемеждеп, кемсітушінің жағдайы қандай өкінішті!» («Һумаза», 1-аят).

«О вы, кто уверовал! Пусть одни люди из вас не насмехаются над другими людьми! Откуда же вам знать? Быть может, люди, которые подвергаются насмешкам, намного лучше, чем те, которые насмехаются над ними. И пусть одни женщины не насмехаются над другими женщинами! Быть может, женщины, которые подверглись насмешкам, намного лучше женщин, которые насмехаются над ними. Не унижайте самих себя! Не зовите друг друга унизительными прозвищами. Скверно для человека прослыть нечестивцем после того, как он уверовал! А кто не покается и не обратится к Аллаху, то такие – истинные беззаконники» (сура «Худжурат», 49:11).

«Горе всякому хулителю и обидчику!» (сура «Хумаза», 104:1).

1576
Риядус-салихин, № 1576Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «بِحَسْبِ امْرِئٍ مِنَ الشَّرِّ أَنْ يَحْقِرَ أَخَاهُ الْمُسْلِمَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Кісінің мұсылман бауырын қор санауы жамандық ретінде жетіп артылады», – деп айтқан (Муслим: 6541, Ахмад: 7727).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Человеку более чем достаточно зла уже в том, что он презирает своего брата-мусульманина» (Муслим: 6541; Ахмад: 7727).

1577
Риядус-салихин, № 1577Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ عَنِ النَّبِيِّّ ﷺ قَالَ: «لَا يَدْخُلُ الْجَنَّةَ مَنْ كَانَ فِى قَلْبِهِ مِثْقَالُ ذَرَّةٍ مِنْ كِبْرٍ!» فَقَالَ رَجُلٌ: إِنَّ الرَّجُلَ يُحِبُّ أَنْ يَكُونَ ثَوْبُهُ حَسَنًا، وَنَعْلُهُ حَسَنةً، فَقَالَ: «إِنَّ اللَّهَ جَمِيلٌ يُحِبُّ الْجَمَالَ، الْكِبْرُ: بَطَرُ الْحَقِّ، وَغَمْطُ النَّاسِ»

Қазақша аудармасы

Ибн Масғуд (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Жүрегінде мысқалдай тәкаппарлық болған адам жаннатқа кірмейді», – дегенде, бір кісі: «Бір адам өзінің киімі мен аяқ киімінің әдемі, көркем болғанын қалайды (бұл тәкаппарлыққа жата ма?)», – дейді. Сонда Пайғамбарымыз оған: «Алла теңдесі жоқ жамал иесі, әсемдікті жақсы көреді! Ал тәкаппарлық – ақиқатты мойындамау және адамдарды қор санау!» – деп айтады (Муслим: 265, Ахмад: 3789).

Орысша аудармасы

Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Не войдёт в рай человек, в сердце которого есть хотя бы крупица высокомерия». Тогда один человек спросил: «Человеку хочется, чтобы его одежда и обувь были красивыми (относится ли это к высокомерию?)». Пророк ﷺ ответил: «Аллах – Обладатель несравненной красоты и любит красоту! Высокомерие же – это непризнание истины и презрение к людям!» (Муслим: 265; Ахмад: 3789).

1578
Риядус-салихин, № 1578Риуаят етуші: Жундуб ибн Абдулла (р.а.)

عَنْ جُندب بْنِ عَبْدِ اللَّهِ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «قَالَ رَجُلٌ: وَاللَّهِ لَا يَغْفِرُ اللَّهُ لِفُلَانٍ، فَقَالَ اللَّهُ تَعَالَى: مَنْ ذا الَّذِى يَتَأَلَّى عَلَيَّ أَنْ لَا أغْفِرَ لِفُلَانٍ! فَإِنِّى قَدْ غَفَرْتُ لَهُ، وَاحْبَطْتُ عَمَلَكَ»

Қазақша аудармасы

Жундуб ибн Абдуллаһ (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Бірде біреу: «Уаллаһи! Алла Тағала пәленше деген адамды кешірмейді», – деп ант-су ішкен еді. Сонда құдіреті күшті Ұлы Алла оған: «Менің пәленше деген пендемді кешірмейтінімді айтып, Менің атыммен ант ішкен кім? Мен пәленшенің күнәларын кештім. Ал сенің істеріңді түкке тұрғысыз қылдым», – деп айтты», – деген (Муслим: 6681).

Орысша аудармасы

Джундуб ибн Абдуллах (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Однажды один человек поклялся: “Клянусь Аллахом! Аллах Всевышний не простит такого-то”. Тогда Всемогущий и Великий Аллах сказал ему: “Кто это поклялся Моим именем, утверждая, что Я не прощу Моего раба такого-то? Я простил грехи такого-то, а твои дела сделал тщетными”» (Муслим: 6681).