عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ عَنِ النَّبِيِّّ ﷺ قَالَ: «لَا يَدْخُلُ الْجَنَّةَ مَنْ كَانَ فِى قَلْبِهِ مِثْقَالُ ذَرَّةٍ مِنْ كِبْرٍ!» فَقَالَ رَجُلٌ: إِنَّ الرَّجُلَ يُحِبُّ أَنْ يَكُونَ ثَوْبُهُ حَسَنًا، وَنَعْلُهُ حَسَنةً، فَقَالَ: «إِنَّ اللَّهَ جَمِيلٌ يُحِبُّ الْجَمَالَ، الْكِبْرُ: بَطَرُ الْحَقِّ، وَغَمْطُ النَّاسِ»
Ибн Масғуд (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Жүрегінде мысқалдай тәкаппарлық болған адам жаннатқа кірмейді», – дегенде, бір кісі: «Бір адам өзінің киімі мен аяқ киімінің әдемі, көркем болғанын қалайды (бұл тәкаппарлыққа жата ма?)», – дейді. Сонда Пайғамбарымыз оған: «Алла теңдесі жоқ жамал иесі, әсемдікті жақсы көреді! Ал тәкаппарлық – ақиқатты мойындамау және адамдарды қор санау!» – деп айтады (Муслим: 265, Ахмад: 3789).
Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Не войдёт в рай человек, в сердце которого есть хотя бы крупица высокомерия». Тогда один человек спросил: «Человеку хочется, чтобы его одежда и обувь были красивыми (относится ли это к высокомерию?)». Пророк ﷺ ответил: «Аллах – Обладатель несравненной красоты и любит красоту! Высокомерие же – это непризнание истины и презрение к людям!» (Муслим: 265; Ахмад: 3789).