Хадис

Мұсылмандардың айыбын жасыру және зәру жағдай болмайынша ол жайлы тіс жармау

О сокрытии недостатков мусульман и недопустимости говорить о них без крайней необходимости

Риядус-салихин, 28-тақырып · 4 хадис · № 241–244

Хадистер

«إِنَّ الَّذِينَ يُحِبُّونَ أَنْ تَشِيعَ الْفَاحِشَةُ فِى الَّذِينَ آمَنُوا لَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ فِى الدُّنْيَا وَالْآخِرَة» «Иман келтіргендердің арасында арсыздық атаулының белең алуын көксейтіндерге келсек, оларға бұл жалғанда да, ақыретте де жан төзгісіз азап бар...» («Нұр» сүресі, 19-аят)

«Поистине, для тех, кто желает распространения мерзостей об уверовавших, уготованы нестерпимые мучения в мире ближнем и в мире ином» (сура «Нур», 24:19).

241
Риядус-салихин, № 241Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَا يَسْتُرُ عَبْدٌ عَبْدًا فِى الدُّنْيَا إِلَّا سَتَرَهُ اللَّهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Бұл дүниеде қайсыбір пенде өзгенің айыбын жасырса, Алла қиямет күні оның (айыбын) жасырады», – деп айтқан (Муслим: 6594; Ахмад: 9045).

Орысша аудармасы

Передают со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что Пророк ﷺ сказал: «Если раб в этом мире скроет недостаток другого человека, Аллах в День воскресения скроет (его недостатки)» (Муслим: 6594; Ахмад: 9045).

242
Риядус-салихин, № 242Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ، قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «كُلُّ أُمَّتِى مُعَافى إِلَّا الْمُجَاهِرِينَ، وَإِنَّ مِنَ الْمُجَاهَرَةِ أَنْ يَعْمَلَ الرَّجُلُ بِاللَّيْلِ عَمَلًا، ثُمَّ يُصْبحُ وَقَدْ سَتَرَهُ اللَّهُ عَلَيْهِ، فَيقُولُ: يَا فُلَانُ، عَمِلت الْبَارِحَةَ كَذَا وَكَذَا، وَقَدْ بَاتَ يَسْتُرُهُ رَبُّهُ، وَيُصبحُ يَكْشِفُ ستْرَ اللَّهِ عَنْه»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Істеген күнәсін жар салып, жария еткендерден өзге үмбетім түгелдей кешіріледі. Күнәні жария ету дегеніміз – пенденің түнімен күнәға батып, Алла Тағала таңға дейін күнәсін жасырғанына қарамастан ертесі күні: «Әй, пәленше! Кеше мен ананы-мынаны істедім» – деп айтуы. Раббысы оның түні бойы жасаған күнәсін жасырды. Ол болса, Алланың өзгелерден жасырғанын жария етіп таң атыруда», – деп айтқанын естідім», – деген (Бұхари: 6069; Муслим: 7485).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Все члены моей общины будут прощены, кроме тех, кто открыто разглашает свои грехи. Открытое разглашение греха – это когда раб проводит ночь, совершая грех, и, несмотря на то что Аллах Всевышний до утра скрывает его грех, на следующий день он говорит: ‘Эй, такой-то! Вчера я совершил то-то и то-то’. Его Господь скрыл грех, совершённый им ночью, а он встречает утро, разглашая то, что Аллах скрыл от других”» (Аль-Бухари: 6069; Муслим: 7485).

243
Риядус-салихин, № 243Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «إِذَا زَنَتِ الْأَمَةُ فَتَبيَّنَ زِنَاهَا فَلْيَجْلِدْهَا الْحَدَّ، وَلا يُثَرِّبْ عَلَيْهَا، ثُمَّ إِنْ زَنَتِ الثَّانِيَةَ فَلْيَجْلِدْهَا الْحَدَّ، وَلا يُثَرِّبْ عَلَيْهَا، ثُمَّ إِنْ زَنَتِ الثَّالِثَةَ فَلْيَبِعْهَا وَلَوْ بِحَبْل مِنْ شَعَر»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Егер бір күң зина жасаса, һәм де оның ойнастығы айқын дәлелденсе, иесі оған дүре соқтырсын, алайда оны балағаттамасын. Содан кейін ол тағы да зина жасаса, тағы да дүре соқтырсын, бірақ оны балағаттамасын. Содан соң ол үшінші рет зина жасаса, оны қыл арқанға болса да айырбастап, сатып жіберсін», – деді», – деп айтқан (Бұхари: 2152; Муслим: 445; Ахмад: 7395).

Орысша аудармасы

Передают со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что Пророк ﷺ сказал: «Если рабыня совершит прелюбодеяние и её вина будет достоверно доказана, пусть хозяин велит высечь её, но не оскорбляет. Если после этого она вновь совершит прелюбодеяние, пусть он снова велит высечь её, но не оскорбляет. Если же затем она совершит прелюбодеяние в третий раз, пусть он продаст её, хотя бы в обмен на волосяную верёвку» (Аль-Бухари: 2152; Муслим: 445; Ахмад: 7395).

244
Риядус-салихин, № 244Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ، قَالَ: أُتِيَ النَّبِيّ ﷺ برجل قَدْ شَرِبَ خَمْرًا، قَالَ: «اضْربُوهُ» قَالَ أَبُو هُرَيْرَة: فَمِنَّا الضَّارِبُ بِيَدِهِ، والضَّارِبُ بِنَعْلِهِ، وَالضَّارِبُ بِثَوبِهِ. فَلَمَّا انْصَرَفَ، قَالَ بَعضُ الْقَومِ: أخْزَاكَ اللَّه، قَالَ: «لَا تَقُولُوا هكَذا لَا تُعِينُوا عَلَيْهِ الشَّيْطَانَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Бірде сахабалар Пайғамбарымыздың ﷺ құзырына шарап ішкен біреуді әкелді. Расулалла бізге: «Оны соғып, жазасын беріңдер», – деп бұйырды. Сонда біреулер қолымен, біреулер аяқ киімімен, енді біреулер үстіндегі киімімен жабылып есін жиғанша ұрдық. Содан әлгі адам тиісті жазасын алып, кетіп бара жатқанда, кейбіреулер оның артынан: «Алла сені қара бет қылсын!» – деп қарғады. Мұны естігенде Расулалла: «Олай айтпаңдар! Оған лағынет айтып, шайтанға болыспаңдар», – деп қатаң ескерту жасады», – деген (Бұхари: 6777; Ахмад: 7985).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды к Пророку ﷺ привели человека, выпившего вина. Посланник Аллаха ﷺ велел нам: “Побейте его и подвергните наказанию”. Тогда мы все принялись бить его: одни – руками, другие – обувью, третьи – своей одеждой, пока он не пришёл в себя. Когда этот человек, понеся положенное наказание, стал уходить, некоторые прокричали ему вслед: “Да опозорит тебя Аллах!” Услышав это, Посланник Аллаха ﷺ строго предостерёг: “Не говорите так! Не проклинайте его, помогая тем самым шайтану”» (Аль-Бухари: 6777; Ахмад: 7985).