Хадис

Мұсылмандардың құқығын құрметтеу, оларға жанашырлық танытып, мейірімді болу

Об уважении прав мусульман, проявлении сострадания и милосердия к ним

Риядус-салихин, 27-тақырып · 18 хадис · № 223–240

Хадистер

«وَمَنْ يُعَظِّمْ حُرُمَاتِ اللَّهِ فَهُوَ خَيْرٌ لَهُ عِنْدَ رَبِّه» «Кімде-кім Алланың үкімдері мен қасиетті еткендерін ұлықтайтын болса, онысы Раббысының алдында өзі үшін қайырлы болмақ...» («Хаж» сүресі, 30-аят).

«وَمَنْ يُعَظِّمْ شَعَائِرَ اللَّهِ فَإِنَّهَا مِنْ تَقْوَى الْقُلُوبِ» «Кімде-кім Алланың нышандарын лайықты түрде ұлықтайтын болса, бұл – жүректердің тақуалығынан» («Хаж» сүресі, 32-аят).

«وَاخْفِضْ جَنَاحَكَ لِلْمُؤْمِنِينَ» «...Мүміндерге жанашыр, кішіпейіл әрі жәрдемші бол!» («Хижр» сүресі, 88-аят).

«مَنْ قَتَلَ نَفْسًا بِغَيْرِ نَفْسٍ أَوْ فَسَادٍ فِى الْأَرْضِ فَكَأَنَّمَا قَتَلَ النَّاسَ جَمِيعًا وَمَنْ أَحْيَاهَا فَكَأَنَّمَا أَحْيَا النَّاسَ جَمِيعًا» «...Кімде-кім кісі өлтірмеген немесе жер бетінде бүлік шығарып, бұзақылық жасамаған бейкүнә жанды нақақтан-нақақ өлтірсе, бүкіл адамзатты өлтіргендей болады...» («Мәида» сүресі, 32-аят).

«Кто чтит священные заповеди Аллаха – то это перед Господом лучше для него самого же» (сура «Хадж», 22:30).

«Кто чтит и возвеличивает знаки Аллаха, то это, несомненно, из-за богобоязненности сердца» (сура «Хадж», 22:32).

«И склони свое крыло к верующим!» (сура «Хиджр», 15:88).

«Кто убьет понапрасну душу, не убившую душу и не сеявшую беззаконие на земле, тот будто убил всех людей. И кто спасет душу от погибели, тот будто спас всех людей» (сура «Маида», 5:32).

223
Риядус-салихин, № 223Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِى مُوسَى قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «الْمُؤْمِنُ للْمُؤْمِنِ كَالبُنْيَانِ يَشُدُّ بَعْضُهُ بَعْضًَا» وشبَّكَ بَيْنَ أَصَابِعِهِ

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Мүмін мен мүмін (яғни, мұсылман қауымы) бейне бір әрбір бөлшегі бір-бірін жымдастырып тұрған бір үйдің құрылысы секілді», – деп, екі қолының саусақтарын бір-біріне айқастырды», – деген (Бұхари: 481; Муслим: 6585; Ахмад: 19624).

Орысша аудармасы

Абу Муса (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Верующие по отношению друг к другу (то есть мусульманская община) подобны строению, каждая часть которого поддерживает и скрепляет другую», – и при этом переплёл пальцы обеих рук. (Аль-Бухари: 481; Муслим: 6585; Ахмад: 19624).

224
Риядус-салихин, № 224Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

وَعَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ مَرَّ فِى شَيْءٍ مِنْ مَسَاجِدِنا، أَوْ أَسْوَاقِنَا، وَمَعَهُ نَبْلٌ فَلْيُمْسِكْ، أَوْ لِيَقْبِضْ عَلَى نِصَالِهَا بكَفّه؛ أَنْ يُصِيبَ أَحَدًا مِنَ الْمُسْلِمِينَ مِنْهَا بِشَيْء»

Қазақша аудармасы

Әбу Мұсадан (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім біздің мешіттеріміз немесе базарларымыздан жебелер алып өтсе, мұсылмандардың біріне тиіп кетпесі үшін олардың ұштарын алақанымен жауып ұстап жүрсін», – деген (Бұхари: 8085; Муслим: 6664).

Орысша аудармасы

Передают со слов Абу Мусы (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Пусть тот, кто проходит через наши мечети или рынки, неся стрелы, прикрывает их наконечники ладонью, чтобы случайно не задеть ими кого-либо из мусульман» (Аль-Бухари: 8085; Муслим: 6664).

225
Риядус-салихин, № 225Риуаят етуші: Нұғман ибн Бәшир (р.а.)

وَعَنْ النعمان بْنِ بشير، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَثَلُ الْمُؤْمِنِينَ فِى تَوَادِّهِمْ وتَرَاحُمهمْ وَتَعَاطُفِهمْ، مَثَلُ الْجَسَدِ إِذَا اشْتَكَى مِنْهُ عُضْوٌ تَدَاعَى لَهُ سَائِرُ الْجَسَدِ بِالسَّهَرِ والحُمَّى»

Қазақша аудармасы

Нұғман ибн Бәшир (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Мүміндер бір-біріне сүйіспеншілік, мейірімділік және жанашырлық танытуда біртұтас дене тәрізді. (Адамның) бір жері ауырса, ұйқысы қашып, ыстығы көтеріліп, бүкіл денесі ауырған жерінің мұңына ортақтасады», – деп айтты» – делінген (Бұхари: 6011; Муслим: 6586; Ахмад: 18373).

Орысша аудармасы

Нуман ибн Башир (да будет доволен ими обоими Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «В любви, милосердии и сострадании друг к другу верующие подобны единому телу. Если (у человека) заболевает какая-либо часть тела, всё тело разделяет её боль, отзываясь бессонницей и жаром» (Аль-Бухари: 6011; Муслим: 6586; Ахмад: 18373).

226
Риядус-салихин, № 226Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَبَّلَ النَّبِيُّ ﷺ الْحَسَنَ بْنَ عَليٍّ، وَعِنْدَهُ الْأَقْرَعُ بْنُ حَابِس، فَقَالَ الْأقْرَعُ: إِن لِى عَشرَةً مِنَ الْوَلَدِ مَا قَبَّلْتُ مِنْهُمْ أَحَدًا. فَنَظَرَ إِلَيْهِ رَسُول اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: «مَنْ لَا يَرْحَمْ لَا يُرْحَمْ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыз ﷺ қасында отырған Ақрағ ибн Хабистің көзінше немересі Хасан ибн Әлиді (р.а.) емірене сүйген еді. Сонда Ақрағ оған: «Менің он балам бар, бірақ олардың ешбірін еркелетіп, сүйген емеспін», – деді. Сонда Расулалла: «Мейірімділік танытпаған, мейірімге бөленбейді», – деп айтты», – деген (Бұхари: 5997; Муслим: 6028; Ахмад: 7121).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Пророк ﷺ с нежностью поцеловал своего внука Хасана ибн Али (да будет доволен им Аллах) в присутствии сидевшего рядом Акры ибн Хабиса. Тогда Акра сказал ему: “У меня десять детей, но я никогда не ласкал и не целовал ни одного из них”. На это Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Кто не проявляет милосердия, тот не удостоится милосердия”» (Аль-Бухари: 5997; Муслим: 6028; Ахмад: 7121).

227
Риядус-салихин, № 227Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: قَدِمَ نَاسٌ مِنَ الْأعْرَابِ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالُوا: أتُقَبِّلُونَ صِبْيَانَكُمْ؟ فَقَالَ: «نَعَمْ» قَالُوا: لَكِنَّا واللَّه مَا نُقَبِّلُ! فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَوَ أَمْلِك إِنْ كَانَ اللَّهُ نَزَعَ مِنْ قُلُوبِكُم الرَّحْمَةَ»

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Бірде бір топ бәдәуи Алла елшісінің ﷺ құзырына келіп: «Сендер балаларыңды еркелетіп сүйесіңдер ме?» – деп сұрады. Расулалла: «Әрине», – деп жауап берді. Олар болса: «Алланың атымен ант етейік! Біз балаларымызды еркелетіп сүймейміз», – деді. Сонда Алла елшісі оларға: «Алла Тағала жүректеріңді мейірімнен жұрдай етсе, мен не істей аламын?!» – деп айтты», – деді (Бұхари: 5998; Муслим: 6027; Ахмад: 24291).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Однажды группа бедуинов пришла к Посланнику Аллаха ﷺ и спросила: “Вы ласкаете и целуете своих детей?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Конечно”. Они же сказали: “Клянёмся Аллахом! Мы своих детей не ласкаем и не целуем”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал им: “Что я могу сделать, если Аллах Всевышний лишил ваши сердца милосердия?!”» (Аль-Бухари: 5998; Муслим: 6027; Ахмад: 24291).

228
Риядус-салихин, № 228Риуаят етуші: Жәрир ибн Абдулла (р.а.)

عَنْ جرِير بْنِ عَبْدِ اللَّهِ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ لَا يَرْحَم النَّاسَ لَا يَرْحَمْهُ اللَّه»

Қазақша аудармасы

Жәрир ибн Абдуллаһ (р.а.): «Расулалла ﷺ: «Адамдарға мейірімділік танытпағанды Алла мейіріміне бөлемейді», – деп айтты», – деген (Бұхари: 6013; Муслим: 6030; Ахмад: 19166).

Орысша аудармасы

Джарир ибн Абдуллах (да будет доволен ими обоими Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Аллах не помилует того, кто не проявляет милосердия к людям» (Аль-Бухари: 6013; Муслим: 6030; Ахмад: 19166).

229
Риядус-салихин, № 229Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة: أنّ رَسُول اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِذَا صَلَّى أَحَدُكُمْ للنَّاسِ فَلْيُخَفِّفْ، فَإِن فيهِم الضَّعِيفَ وَالسَّقِيمَ وَالكَبيرَ، وَإِذَا صَلَّى أَحَدُكُمْ لِنَفْسِهِ فَلْيُطَوِّل مَا شَاءَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Іштеріңнен кімде-кім жамағатқа имам болып, намаз оқытса, намазды созбай қысқа оқытсын, өйткені олардың ішінде әлсіздер, науқастар, жасы келген қарттар да болады. Ал кімде-кім жалғыз өзі намаз оқыса, қалағанынша ұзақ оқысын», – деген (Бұхари: 703; Муслим: 1046; Ахмад: 7474).

Орысша аудармасы

Передают со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Пусть тот из вас, кто возглавляет коллективную молитву в качестве имама, не затягивает её, а совершает кратко, поскольку среди молящихся могут быть слабые, больные и престарелые. Если же кто-либо молится в одиночестве, пусть совершает её столь долго, сколько пожелает» (Аль-Бухари: 703; Муслим: 1046; Ахмад: 7474).

230
Риядус-салихин, № 230Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَة قَالَتْ: إِنْ كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لَيَدَعُ الْعَمَلَ، وَهُوَ يُحبُّ أَنْ يَعْمَلَ بِهِ؛ خَشْيَةَ أَنْ يَعمَلَ بِهِ النَّاسُ فَيُفْرَضَ علَيْهِمْ

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Алла елшісі ﷺ өзі ұнататын қандай да бір ісін тоқтатса, адамдардың соны (міндетті деп) істеп, түбінде соның оларға парыз қылынуынан қорыққандығынан тоқтататын», – деп айтқан (Бұхари: 1128; Муслим: 1662; Ахмад: 24559).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) передала: «Посланник Аллаха ﷺ порой отказывался от какого-либо дела, которое любил совершать, лишь из опасения, что люди станут совершать его (считая обязательным) и в конце концов оно будет вменено им в обязанность» (Аль-Бухари: 1128; Муслим: 1662; Ахмад: 24559).

231
Риядус-салихин, № 231Риуаят етуші: Айша (р.а.)

وَعَنْهَا قَالَتْ: نَهَاهُمُ النَّبِيُّ ﷺ عنِ الْوِصَال رَحمَةً لَهُمْ، فَقَالُوا: إِنَّكَ تُوَاصِلُ؟ قَالَ: «إِنِّى لَسْتُ كَهَيْئَتِكُمْ، إِنِّى أبيتُ يُطْعمُنِى رَبِّى وَيَسقِيني»

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ сахабаларына жаны ашып, оларға (ауыз ашпай, сәресін ішпей) үздіксіз ораза ұстауға1 тыйым салды. Сонда олар: «Уа, Расулалла! Шындығында, сіз (ауыз ашпай, сәресін ішпей) үздіксіз ораза ұстайсыз ғой?» – дегенде, ол: «Мен дәл сендер сияқты емеспін ғой, ақиқатында, Раббым мені тамақтандырып, сусындатады2», – деп айтты», – деген (Бұхари: 1964; Муслим: 2572; Ахмад: 24945).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Проявляя сострадание к своим сподвижникам, Пророк ﷺ запретил им соблюдать непрерывный пост1 (не разговляясь и не принимая предрассветную пищу). Тогда они сказали: “О Посланник Аллаха! Но ведь ты сам соблюдаешь непрерывный пост (не разговляясь и не принимая предрассветную пищу)?” Он ответил: “Я не такой, как вы. Поистине, мой Господь кормит и поит меня2”» (Аль-Бухари: 1964; Муслим: 2572; Ахмад: 24945).

  1. 1Екі немесе одан да көп күн қатарынан ауыз ашпай және сәресін ішпей, яғни, нәр татпай үздіксіз ораза ұстау.
  2. 2Яғни, бірнеше күн қатарынан нәр татпастан үздіксіз ораза ұстап, еш нәрсе ішіп-жемесем де, Алла Тағала маған ас-су ішіп жүрген адамның күш-қуатын береді дегенді білдіреді.
  1. 1Непрерывный пост в течение двух или более дней подряд без разговения и предрассветной трапезы, то есть совсем без еды и питья.
  2. 2Эти слова означают: «Даже если я несколько дней подряд непрерывно пощусь, ничего не ем и не пью, Аллах Всевышний даёт мне силы, как человеку, принимающему пищу и питьё».
232
Риядус-салихин, № 232

عَنْ أَبِى قَتادةَ الْحارثِ بْنِ رِبعِى قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنِّى لأَقُومُ إِلَى الصَّلَاة، وَأُرِيدُ أَنْ أُطَوِّلَ فِيهَا، فَأسْمَع بُكَاءَ الصَّبيِّ فَأَتَجَوَّزَ فِى صَلَاتي كَرَاهية أَنْ أشُقَّ عَلَى أُمِّهِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Қатада Харис ибн Рибғи (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Намазға тұрғанымда ұзақ оқығым келеді, алайда сәбидің жылағанын естимін де, анасын қинағанды жөн көрмей намазымды қысқартамын1», – деп айтқан (Бұхари: 707; Ахмад: 22602).

Орысша аудармасы

Абу Катада Харис ибн Рибъи (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Когда я встаю на молитву, то хочу совершать её долго. Однако, услышав плач младенца, я сокращаю молитву1, не желая причинять беспокойство его матери» (Аль-Бухари: 707; Ахмад: 22602).

  1. 1Әнәстен (р.а.) жеткізген хадисте имам Муслим намазды қысқарту дегенді: «Қысқа сүре оқитын», – деп жеткізген.
  1. 1В хадисе, переданном со слов Анаса (да будет доволен им Аллах), имам Муслим разъясняет сокращение молитвы словами: «Он читал короткие суры».
233
Риядус-салихин, № 233Риуаят етуші: Жундуб ибн Абдулла (р.а.)

عَنْ جندب بْنِ عَبْدِ اللَّهِ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ صَلَّى صَلَاةَ الصُّبْحِ فَهُوَ فِى ذِمَّةِ اللَّه فَلَا يَطْلُبَنَّكُمُ اللَّه مِنْ ذِمَّته بشَيْءٍ، فَإِنَّهُ مَنْ يَطْلُبْهُ منْ ذمَّته بشَيْءٍ يُدْركْهُ، ثُمَّ يَكُبُّهُ عَلَى وَجْهِهِ فِى نَارِ جَهَنَّمَ»

Қазақша аудармасы

Жүндуб ибн Абдуллаһ (р.а.): «Расулалла ﷺ: «Таң намазын оқыған адам Алланың қорғанында болады. Алла Тағала қорғанындағы жан үшін ешбіріңді жауапқа тартпасын. Өйткені Алла Тағала кімді Өзінің қорғанына алған жан үшін жауапқа тартатын болса, оны ұстап, етпетінен тозаққа тастайды», – деп айтты» – деген (Муслим: 1494; Ахмад: 18814).

Орысша аудармасы

Джундуб ибн Абдуллах (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Совершивший утреннюю молитву находится под защитой Аллаха. Пусть же Аллах Всевышний не призовёт никого из вас к ответу за того, кто находится под Его защитой. Ибо того, кого Аллах Всевышний призовёт к ответу за находящегося под Его защитой, Он настигнет, а затем повергнет лицом в адский огонь» (Муслим: 1494; Ахмад: 18814).

234
Риядус-салихин, № 234Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «المُسْلِمُ أَخُو الْمُسْلِم، لَا يَظْلِمهُ، وَلَا يُسْلمُهُ. مَنْ كَانَ فِى حَاجَة أخيه، كَانَ اللَّهُ فِى حَاجَته، وَمَنْ فَرَّجَ عَنْ مُسْلِم كُرْبَةً، فَرَّجَ اللَّهُ عَنْهُ بِهَا كُرْبَةً مِنْ كُرَبِ يَوْمِ الْقِيَامَةِ، وَمَنْ سَتَرَ مُسْلِمًا سَتَرَهُ اللَّهُ يَوْمَ الْقِيامَةِ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Мұсылман – мұсылманның бауыры. Нағыз мұсылман – бауырына озбырлық жасамайды, оны сатпайды. Кімде-кім мұсылман бауырының қажетіне жараса, Алла Тағала да оның қажетін өтейді. Кімде-кім мұсылман бауырының қайғы-мұңын сейілтсе, Алла Тағала оны қиямет-қайымның бір қайғысынан құтқарады. Сондай-ақ кімде-кім мұсылманның айыбын жасырса, Алла Тағала да қиямет күні оның айыбын жасырады», – деп айтты» – делінген (Бұхари: 2442; Муслим: 6578; Ахмад: 5646).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен ими обоими Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Мусульманин – брат мусульманину. Истинный мусульманин не притесняет своего брата и не предаёт его. Кто удовлетворит нужду своего брата-мусульманина, нужду того удовлетворит Аллах Всевышний. Кто избавит своего брата-мусульманина от скорби, того Аллах Всевышний избавит от одной из скорбей Дня воскресения. А кто скроет изъян мусульманина, изъян того Аллах Всевышний скроет в День воскресения» (Аль-Бухари: 2442; Муслим: 6578; Ахмад: 5646).

235
Риядус-салихин, № 235Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «المُسْلِمُ أخُو الْمُسْلِمُ، لَا يَخُونُهُ، وَلَا يَكْذِبُهُ، وَلَا يَخْذُلُهُ، كُلُّ الْمُسْلِمِ عَلَى الْمُسْلِم حَرَامٌ عِرْضُهُ وَمَالهُ وَدَمُهُ، التَّقْوى هَاهُنَا، بحَسْب امْرىءٍ مِنَ الشَّرِّ أَنْ يَحْقِرَ أخَاهُ الْمُسْلِم»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Мұсылман – мұсылманның бауыры. Шынайы мұсылман – бауырына опасыздық жасамайды, оған өтірік айтып алдамайды және тарыққанда қолдаусыз қалдырмайды. Мұсылманның ар-намысы, дүние-мүлкі мен қаны өзге мұсылмандарға харам»,1 – дегеннен кейін, қолымен көкірегін нұсқап: «Міне, тақуалық мына жерде. Мұсылман үшін мұсылман бауырын өзінен төмен санап, менсінбеуден өткен жаман (қылық) жоқ», – деп айтты» – делінген (Тирмизи: 1927).

Орысша аудармасы

Передают со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Мусульманин – брат мусульманину. Истинный мусульманин не предаёт своего брата, не лжёт ему и не оставляет без поддержки в трудную минуту. Честь, имущество и кровь мусульманина неприкосновенны для других мусульман»1. Затем, указав рукой на грудь, он сказал: «Вот где богобоязненность. Нет для мусульманина худшего поступка, чем считать своего брата-мусульманина ниже себя и относиться к нему с презрением» (Ат-Тирмизи: 1927).

  1. 1Яғни, шынайы мұсылман өзге мұсылманның ар-намысын таптап, дүние-мүлкіне қол сұғып, қанын төге алмайды.
  1. 1То есть истинный мусульманин не может посягать на честь другого мусульманина, присваивать его имущество и проливать его кровь.
236
Риядус-салихин, № 236Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا تَحَاسَدُوا، وَلَا تَنَاجَشُوا، وَلَا تَبَاغَضُوا، وَلَا تَدَابَرُوا، وَلَا يَبعْ بَعْضُكُمْ عَلَى بَيْع بَعْض، وَكُونُوا عِبَادَ اللَّه إِخْوَانًا، الْمُسْلِمُ أخُو الْمُسْلم: لَا يَظْلِمُهُ، وَلا يَحْقِرُهُ، وَلَا يَخْذُلُهُ، التَّقْوَى هَاهُنَا – ويشير إِلَى صدره ثَلَاث مرات – بحَسْب امْرىءٍ مِنَ الشَّرِّ أَنْ يَحقِرَ أخَاهُ الْمُسْلِمَ، كُلُّ الْمُسْلم عَلَى الْمُسْلم حَرَامٌ، دَمُهُ ومَالُهُ وعرْضُهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Араларыңда қызғаныш отының кеулеуіне жол бермеңдер. Затты шынайы бағасынан асырып сату үшін алдын-ала сатушымен ауыз жаласып, былайғы жұртқа көз қылып, өздерің сатып алатындай болып, елді еліктірмеңдер. Бір-бірлеріңді жек көрмеңдер. Сондай-ақ араздасып, бір-бірлеріңді енді көрместей болып теріс айналмаңдар. Біреудің саудасына килігіп, сауда келісімін бұзбаңдар. Уа, Алланың құлдары! Өзара тату, бауырмал болыңдар! Мұсылман – мұсылманның бауыры. Нағыз мұсылман – бауырына озбырлық жасамайды, оған мұрын шүйіре қарап, өзінен кем көрмейді. Сондай-ақ қысылтаяң шақта жалғыз тастап кетпейді», – деген соң, кеудесін қолымен үш рет нұсқап: «Міне, тақуалық мына жерде. Мұсылман үшін мұсылман бауырын өзінен төмен санаудан асқан жамандық (жаман мінез) жоқ. Мұсылманның қаны, дүние-мүлкі және ар-намысы өзге мұсылмандарға харам»,1 – деп айтты» – делінген. (Муслим: 6541; Ахмад: 7727).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Не позволяйте огню зависти разгораться между вами. Не вступайте заранее в сговор с продавцом, чтобы продать товар дороже его настоящей цены, делая перед окружающими вид, будто сами намерены его купить, и тем самым побуждая людей к покупке. Не испытывайте ненависти друг к другу. Не враждуйте и не отворачивайтесь друг от друга так, будто больше никогда не встретитесь. Не вмешивайтесь в чужие торговые сделки и не срывайте их. О рабы Аллаха! Живите в мире и будьте братьями! Мусульманин – брат мусульманину. Истинный мусульманин не притесняет своего брата, не смотрит на него свысока, считая ниже себя, и не оставляет его одного в трудную минуту».

Затем, трижды указав рукой на свою грудь, он сказал: «Богобоязненность – вот здесь. Нет для мусульманина худшего зла (проявления дурного нрава), чем считать своего брата-мусульманина ниже себя. Кровь, имущество и честь каждого мусульманина неприкосновенны для всех остальных мусульман»1 (Муслим: 6541; Ахмад: 7727).

  1. 1Яғни, мұсылман өзге мұсылманның қанын төгіп, дүние-мүлкіне қол сұғып, ар-намысын таптай алмайды.
  1. 1То есть мусульманин не может проливать кровь другого мусульманина, присваивать его имущество и посягать на его честь.
237
Риядус-салихин, № 237Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَس عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَا يُؤْمِنُ أَحَدُكُمْ حَتَّى يُحِبَّ لأخِيهِ مَا يُحِبُّ لنَفْسِهِ»

Қазақша аудармасы

Әнәстен (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Ешбірің өзіне қалағанын мұсылман бауырына да тілемейінше, толық иман еткен болып саналмайды», – деп айтты» – делінген. (Бұхари: 13; Муслим: 170; Ахмад: 12801).

Орысша аудармасы

Передают со слов Анаса (да будет доволен им Аллах), что Пророк ﷺ сказал: «Никто из вас не будет считаться уверовавшим в полной мере, пока не пожелает своему брату-мусульманину того же, чего желает самому себе» (Аль-Бухари: 13; Муслим: 170; Ахмад: 12801).

238
Риядус-салихин, № 238Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

وَعَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «انْصُرْ أخَاكَ ظَالمًا أَوْ مَظْلُومًا» فَقَالَ رجل: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أنْصُرُهُ إِذَا كَانَ مَظْلُومًا، أَرَأَيْتَ إِنْ كَانَ ظَالِمًا كَيْفَ أنْصُرُهُ؟ قَالَ: «تحْجُزُهُ – أَوْ تمْنَعُهُ – مِنَ الظُلْمِ فَإِنَّ ذَلِكَ نَصرُهُ»

Қазақша аудармасы

Әнәстен (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Мұсылман бауырың зорлықшыл залым болса да, біреуден зорлық көріп жапа шексе де, оған жәрдем бер», – деді. Сонда біреу: «Уа, Расулалла! Бауырым біреудің зорлығынан жапа шексе, жәрдем етермін. Ал өзі залым болса, оған қалайша жәрдем етпекпін?!» – деп таңғала сұрады. Сонда Расулалла: «Басқаға зорлық-зомбылық көрсетуіне жол бермеуің – оған көрсеткен жәрдемің», – деп жауап берді» – делінген (Бұхари: 6952; Ахмад: 11949).

Орысша аудармасы

Передают со слов Анаса (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Помогай своему брату-мусульманину, будь он жестоким притеснителем или пострадавшим от чужого насилия». Тогда один человек с удивлением спросил: «О Посланник Аллаха! Если мой брат страдает от чужого притеснения, я помогу ему. Но как мне помочь ему, если он сам является притеснителем?!» Посланник Аллаха ﷺ ответил: «Не позволить ему притеснять других – это и есть помощь, оказанная ему» (Аль-Бухари: 6952; Ахмад: 11949).

239
Риядус-салихин, № 239Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «حَقُّ الْمُسْلِم عَلَى الْمُسْلِم خَمْسٌ: رَدُّ السَّلَامِ، وَعِيَادَةُ الْمَرِيض، وَاتِّبَاعُ الْجَنَائِزِ، وَإِجَابَةُ الدَّعْوَة، وتَشْميتُ الْعَاطِسِ»

وَفِى رِوَايَة لمسلم: «حَقُّ الْمُسْلِم عَلَى الْمُسْلِم ستٌّ: إِذَا لَقيتَهُ فَسَلِّمْ عَلَيْهِ، وَإِذَا دَعَاكَ فَأجبْهُ، وإِذَا اسْتَنْصَحَكَ فَانْصَحْ لَهُ، وإِذَا عَطَسَ فَحَمِدَ اللَّه فَشَمِّتْهُ، وَإِذَا مَرِضَ فَعُدْهُ، وَإِذَا مَاتَ فَاتَّبِعْهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Мұсылманның мұсылман бауырының алдында бес міндеті бар: «Сәлем бергеннің сәлемін алу, науқастың көңілін сұрау, жаназаға қатысу, шақырған жерден қалмай бару және түшкіргенге «йәрхамукаллаһу» (Алла сені рақымына бөлесін) деп айту», – деген» – делінген. (Бұхари: 1240; Муслим: 5650; Ахмад: 10966).

Осы хадисті имам Муслим: «Алла елшісі: «Мұсылманның мұсылман бауырының алдында алты міндеті бар: «Мұсылман бауырыңмен көріскенде сәлем бер; сыйлап шақырса, шақырған жерге бар; ақыл сұраса, қолыңнан келгенше ақылыңды айтып жөн сілте; түшкіргеннен кейін Аллаға мадақ айтса, «йәрхамукаллаһу» (Алла сені рақымына бөлесін) деп айт; ауырып қалса, барып көңілін сұра; қайтыс болса, жаназасына қатыс», – деп айтты», – деп жеткізген. ( Муслим: 5651; Ахмад: 8845).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «У мусульманина есть пять обязанностей перед своим братом-мусульманином: ответить на его приветствие, навестить его во время болезни, принять участие в его похоронах, принять его приглашение и сказать чихнувшему: “Ярхамукаллаху” (Да помилует тебя Аллах)» (Аль-Бухари: 1240; Муслим: 5650; Ахмад: 10966).

Этот же хадис имам Муслим передал в следующей версии: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “У мусульманина есть шесть обязанностей перед своим братом-мусульманином: при встрече с братом-мусульманином поприветствуй его; если он пригласит тебя, прими приглашение; если попросит совета, дай ему совет по мере своих сил и укажи верный путь; если, чихнув, он воздаст хвалу Аллаху, скажи ему: ‘Ярхамукаллаху’ (Да помилует тебя Аллах); если заболеет, навести его; а если умрёт, прими участие в его похоронах”» (Муслим: 5651; Ахмад: 8845).

240
Риядус-салихин, № 240

عَنْ أَبِى عُمَارة الْبراءِ بْنِ عازب، قَالَ: أمرنا رَسُول اللَّهِ ﷺ بسبع، ونهانا عَنْ سبع: أَمَرَنَا بعيَادَة الْمَرِيض، وَاتِّبَاعِ الْجَنَازَةِ، وتَشْمِيتِ الْعَاطسِ، وَإِبْرار الْمُقْسِم، ونَصْرِ الْمَظْلُوم، وَإِجَابَةِ الدَّاعِى، وَإِفْشَاءِ السَّلَامِ، ونَهَانَا عَنْ خَواتِيمٍ أَوْ تَخَتُّمٍ بالذَّهَبِ، وَعَنْ شُرْبٍ بالْفِضَّةِ، وَعَن الْميَاثِرِ الْحُمْرِ، وَعَن الْقَسِّيِّ، وَعَنْ لُبْسِ الْحَرِيرِ والإِسْتبْرَقِ وَالِدِّيبَاجِ

Қазақша аудармасы

әл-Бара ибн Азиб (р.а.): «Алла елшісі ﷺ бізге жеті нәрсені бұйырып, жеті нәрседен тыйды. Бізге бұйырғандары: «Науқастың көңілін сұрау, жаназаға қатысу, түшкіргенге «йәрхамукаллаһу» (Алла сені мейіріміне бөлесін) деп айту, айтқанын істету үшін немесе бір нәрсе сұрап ант-су ішкен адамның анты бұзылмасын деп айтқанына көну, зорлық-зомбылық көргенге қолдау көрсету, шақырған жерден қалмау және өзара амандасуды кеңінен жаю. Сондай-ақ алтын жүзік тағудан, күміс ыдыс қолданудан, жібекпен тысталған төсеніш қолданудан, жібек пен зығыр аралас матадан және харир, дүрия, қамқа түріндегі жібек маталардан тігілген киімдерді киюден тыйды»1, – деп айтты», – деген (Бұхари: 5635; Муслим: 5388; Ахмад: 18504).

Орысша аудармасы

Аль-Бара ибн Азиб (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ дал нам семь повелений и семь запретов. Он повелел нам навещать больного; участвовать в похоронах; говорить чихнувшему: “Ярхамукаллаху” (Да помилует тебя Аллах); исполнять требование или просьбу человека, подкрепившего свои слова клятвой, чтобы его клятва не оказалась нарушенной; поддерживать того, кто подвергся насилию; принимать приглашения и широко распространять приветствие среди людей.

Он также запретил носить золотые кольца, пользоваться серебряной посудой и подстилками, покрытыми шёлком, а также носить одежду из ткани, сотканной из смеси шёлка и льна, и из таких видов шёлковых тканей, как харир, дурия и камка»1 (Аль-Бухари: 5635; Муслим: 5388; Ахмад: 18504).

  1. 1Бұл хадистегі мұсылмандардың қолдануына тыйым салынған алтын жүзік пен жібектен тігілген киімдер ер адамдарға ғана қатысты айтылған.
  1. 1Упомянутый в этом хадисе запрет носить золотые кольца и шёлковую одежду касается только мужчин.