Хадис

Зұлымдық пен залым турасында

О несправедливости и притеснителях

Риядус-салихин, 26-тақырып · 19 хадис · № 204–222

Хадистер

«مَا لِلظَّالِمِينَ مِنْ حَمِيمٍ وَلا شَفِيعٍ يُطَاعُ» «Әрі ол күні залымдар үшін бірде-бір жанашыр дос та, сөзі өтетін шапағатшы да табылмайды» («Мүмін (Ғафир)» сүресі, 18-аят).

«وَمَا لِلظَّالِمِينَ مِنْ نَصِيرٍ» «Залымдардың бірде-бір жәрдемшісі болмайды» («Хаж» сүресі, 71-аят).

«Не найдется в тот День для злодеев ни близкого друга, ни заступника, с кем будут считаться» (сура «Мумин (Гафир)», 40:18).

«Воистину, нет для таких нечестивцев никакого помощника» (сура «Хадж», 22:71).

204
Риядус-салихин, № 204Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِر أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «اتَّقُوا الظُّلْمَ؛ فَإِنَّ الظُّلْمَ ظُلُمَاتٌ يَوْمَ الْقِيَامَةِ. وَاتَّقُوا الشُّحَّ؛ فَإِنَّ الشُّحَّ أَهْلَكَ مَنْ كَانَ قَبْلَكُمْ. حَمَلَهُمْ عَلَى أَنْ سَفَكُوا دِمَاءهُمْ، وَاسْتَحَلُّوا مَحَارِمَهُمْ»

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Біреуге зұлымдық жасаудан сақтаныңдар! Шынында, зұлымдық – қиямет күні (қаскүнем үшін) тастай қара түнекке айналады. Сараңдықтан да бойларыңды аулақ ұстаңдар! Расында, сараңдық сендерге дейінгі қауымдардың түбіне жеткен. Олар сараңдықтың салдарынан бір-бірінің қанын төгіп, (зинақорлық пен өсімқорлық секілді) өздеріне харам етілген күнә істерді адал деп есептеуге дейін барды», – деп айтты» – делінген (Муслим: 6576; Ахмад: 14461).

Орысша аудармасы

Передают со слов Джабира (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Остерегайтесь поступать несправедливо по отношению к другим! Поистине, несправедливость в День воскресения обернётся (для притеснителя) кромешной тьмой. Сторонитесь также скупости! Поистине, скупость погубила жившие до вас общины. Из-за скупости они стали проливать кровь друг друга и дошли до того, что начали считать дозволенными запрещённые им греховные деяния (такие как прелюбодеяние и ростовщичество)» (Муслим: 6576; Ахмад: 14461).

205
Риядус-салихин, № 205Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَتُؤَدُّنَّ الْحُقُوقَ إِلَى أَهْلِهَا يَوْمَ الْقِيَامَةِ، حَتَّى يُقَادَ للشَّاةِ الْجَلْحَاءِ مِنَ الشَّاةِ الْقَرْنَاءِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «(Аллаға серт!) Қиямет күні (бұл дүниеде кеткен) барлық ақылар иелеріне сөзсіз қайтарылады! Тіпті мүйізсіз қойдың да мүйізді қойда кеткен есесі қайтарылады», – деді», – делінген (Муслим: 6580; Ахмад: 8288).

Орысша аудармасы

Передаётся от Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «(Клянусь Аллахом!) В День воскресения все права (нарушенные в этом мире) непременно будут возвращены их обладателям! Даже безрогой овце будет возмещён ущерб, причинённый ей рогатой овцой» (Муслим: 6580; Ахмад: 8288).

206
Риядус-салихин, № 206Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ، قَالَ: كُنَّا نَتَحَدَّثُ عَنْ حَجَّةِ الْوَدَاعِ والنَّبِيُّ ﷺ بَيْنَ أظْهُرِنَا، وَلا نَدْرِى مَا حَجَّةُ الْوَدَاعِ حَتَّى حَمِدَ اللَّهَ رَسُول اللَّهِ ﷺ وَأثْنَى عَلَيْهِ ثُمَّ ذَكَرَ الْمَسْيحَ الدَّجَّال فَأطْنَبَ فِى ذِكْرِهِ، وَقَالَ: «مَا بَعَثَ اللَّهُ مِنْ نَبِيٍّ إِلَّا أنْذَرَهُ أُمَّتَهُ أنْذَرَهُ نُوحٌ وَالنَّبِيُّونَ مِنْ بَعْدِهِ، وَإِنَّهُ إِنْ يَخْرُجْ فِيكُمْ فَما خَفِيَ عَليْكُمْ مِنْ شَأنِه فَلَيْسَ يَخْفَى عَليْكُم، إِنَّ رَبَّكُمْ لَيْسَ بأعْوَرَ وإِنَّهُ أعْوَرُ عَيْنِ الْيُمْنَى، كَأَنَّ عَيْنَهُ عِنَبَةٌ طَافِيَةٌ. ألا إِنَّ اللَّهَ حَرَّمَ عَلَيْكُمْ دِمَاءكُمْ وَأمْوَالَكُمْ كحُرْمَةِ يَوْمِكُمْ هَذَا، فِى بلدكم هذا، فِى شَهْرِكُمْ هَذَا، ألا هَلْ بَلّغْتُ؟» قَالُوا: نَعَمْ، قَالَ: «اللَّهُمَّ اشْهَدْ» ثَلَاثًا «وَيْلَكُمْ – أَوْ وَيْحَكُمْ -، انْظُروا: لَا تَرْجعُوا بَعْدِى كُفّارًا يَضْرِبُ بَعْضُكُمْ رِقَابَ بَعْضٍ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыздың ﷺ құзырында отырып, қоштасу қажылығы жайлы әңгіме қозғаған едік. Алайда ешбіріміз де қоштасу қажылығының не екенін (яғни, неліктен олай аталғанын) білмейтінбіз. Сол кезде Расулалла алдымен Аллаға шүкіршілік білдіріп, мақтау айтып, содан соң бізге Тажал туралы тарқатып айтып берді. Сондағы айтқаны: «Алла тарапынан жіберілген әрбір пайғамбар өз үмбетін міндетті түрде Тажалдан сақтандырып отырған. Әзірет Нұх (а.с.) пен одан кейінгі пайғамбарлар да өз үмбеттеріне бұны ескерткен. Егер ол сендер өмір сүрген кезеңде шықса, еш шүбәсіз бұл жайттан сендер хабарсыз, қаперсіз болмайсыңдар. Өйткені Раббыларыңның бір көзі соқыр емес. Ал Тажалдың оң көзі соқыр, әрі бейне бір жүзімнің шоғынан шығыңқырап қалған жалғыз жүзім секілді томпақ болып келеді. Біліп қойыңдар! Алла Тағала осы күндеріңді (Құрбан айт күндерін), осы мекендеріңді және осы айларыңды (яғни, зулхижжа айын) сендер үшін қалай харам (яғни, қасиетті) қылса, сендерге бір-біріңнің қандарыңды және дүние-мүліктеріңді де харам қылды. Сендерге осыны айтып жеткіздім бе?» – деп сұрады. Сахабалар: «Әрине, айттыңыз!» – деді. Сонда Расулалла үш рет: «Уа, Аллам, бір Өзің куә бол!» – деп айтты да (бізге жаны ашып): «Байғұстар-ау! Байқаңдар, менен кейін бір-біріңнің қандарыңды төгіп, кәпір болып кетіп жүрмеңдер», – деп қатаң ескерту жасады», – деген (Бұхари: 4402-4403; Муслим: 224,425; Ахмад: 6185).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен ими обоими Аллах) сказал: «Однажды, когда мы сидели в присутствии Пророка ﷺ, мы заговорили о прощальном хадже. Однако никто из нас не знал, что означает “прощальный хадж” (то есть почему он получил такое название). Тогда Посланник Аллаха ﷺ сначала воздал Аллаху благодарность и хвалу, а затем подробно рассказал нам о Даджале. Среди прочего он сказал: “Каждый пророк, посланный Аллахом, непременно предостерегал свою общину от Даджаля. Пророк Нух (мир ему) и все пророки после него также предупреждали о нём свои общины. Если он появится при вашей жизни, вы, без сомнения, не останетесь в неведении об этом. Ведь ваш Господь не слеп на один глаз, тогда как правый глаз Даджаля слеп и выпукл, словно отдельная виноградина, выступающая из грозди.

Знайте! Подобно тому как Аллах Всевышний объявил неприкосновенными (то есть священными) эти ваши дни (дни Курбан-айта), это ваше место и этот ваш месяц (то есть месяц зуль-хиджа), Он объявил неприкосновенными для вас кровь и имущество друг друга. Довёл ли я это до вас?”

Сподвижники ответили: “Да, довели!” Тогда Посланник Аллаха ﷺ трижды произнёс: “О Аллах, Ты Сам будь свидетелем!” – а затем (сострадая нам) строго предостерёг: “Горе вам! Смотрите же, не становитесь после меня неверующими, проливая кровь друг друга”» (Аль-Бухари: 4402–4403; Муслим: 224, 425; Ахмад: 6185).

207
Риядус-салихин, № 207Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَنْ ظَلَمَ قيدَ شِبْرٍ مِنَ الْأَرْضِ، طُوِّقَهُ مِنْ سبْعِ أرَضينَ»

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім біреуге тиесілі бір сүйем жерді озбырлықпен иемденіп алса, қиямет күні сол жердің жеті қабаты бірдей оның мойнына оралады», – деп айтты» – делінген (Бұхари: 2453; Муслим: 4137; Ахмад: 24353).

Орысша аудармасы

Передают со слов Аиши (да будет доволен ею Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Кто несправедливо захватит хотя бы пядь чужой земли, тому в День воскресения на шею возложат все семь слоёв этой земли» (Аль-Бухари: 2453; Муслим: 4137; Ахмад: 24353).

208
Риядус-салихин, № 208Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِى مُوسَى، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ اللَّهَ لَيُمْلِى لِلظَّالِمِ، فَإِذَا أَخَذَهُ لَمْ يُفْلِتْهُ»، ثُمَّ قَرَأَ: «وكَذَلِكَ أَخْذُ رَبِّكَ إِذَا أَخَذَ الْقُرَى وَهِيَ ظَالِمَةٌ إِنَّ أَخْذَهُ أَلِيمٌ شَدِيدٌ»

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Расында, Алла Тағала залымды дереу жазаламай оған мұрсат береді. Ал егер оны жазалау үшін ұстаса, қашып құтыла алмайды», – деп, Құранның «Міне, Раббың залым ауылдың (тұрғындарының) сазайын осылай береді. Шынында, Оның жазасы өте ауыр әрі қатты»1 деген аятын оқыды», – деп айтты», – деген (Бұхари: 4682; Муслим: 6581).

Орысша аудармасы

Передают со слов Абу Мусы (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Поистине, Аллах Всевышний не наказывает притеснителя сразу, а даёт ему отсрочку. Но когда Он схватит его для наказания, тот уже не сможет вырваться и спастись», – после чего прочитал следующий аят Корана: «Так карает твой Господь (жителей) несправедливых селений. Поистине, Его наказание мучительно и сурово»1 (Аль-Бухари: 4682; Муслим: 6581).

  1. 1«Һуд» сүресі, 102-аят
  1. 1Сура «Худ», аят 102.
209
Риядус-салихин, № 209Риуаят етуші: Мұғаз (р.а.)

عَنْ معاذ قَالَ: بَعَثَنِى رَسُول اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: «إِنَّكَ تَأتِى قَوْمًا مِنْ أَهْلِ الْكِتَابِ فَادْعُهُمْ إِلَى شَهَادَةِ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، وَأنِّى رَسُولُ اللَّهِ، فَإِنْ هُمْ أَطَاعُوا لِذَلِكَ، فَأعْلِمْهُمْ أَنَّ اللَّهَ قَدِ افْتَرضَ عَلَيْهِمْ خَمْسَ صَلَواتٍ فِى كُلِّ يَوْمٍ وَلَيلَةٍ، فَإِنْ هُمْ أطَاعُوا لِذَلِكَ، فَأعْلِمْهُمْ أَنَّ اللَّهَ قَدِ افْتَرَضَ عَلَيْهِمْ صَدَقَةً تُؤخَذُ مِنْ أغْنِيَائِهِمْ فَتُرَدُّ عَلَى فُقَرَائِهِمْ، فَإِنْ هُمْ أطَاعُوا لِذَلِكَ، فَإِيَّاكَ وَكَرَائِمَ أمْوَالِهِمْ، وَاتَّقِ دَعْوَةَ الْمَظْلُومِ؛ فَإِنَّهُ لَيْسَ بَيْنَها وَبَيْنَ اللَّهِ حِجَابٌ»

Қазақша аудармасы

Мұғаз (р.а.): «Алла елшісі ﷺ мені (Йемен жеріне әмірші етіп) жіберерде: «Расында, сен кітап иелерінен болған бір қауымға барасың. Әуелі оларды Алладан өзге ешбір құдайдың жоқтығына һәм менің Алланың елшісі екеніме куәлік келтіруге шақыр. Егер олар бұған бойсұнса, Алланың оларға әр күн сайын бес уақыт намаз оқуды парыз қылғанын білдір. Олар бұған да мойынсұнса, Алланың оларға бай-бағландарынан алынып, кедей-кепшіктеріне берілетін зекет төлеуді парыз қылғанын білдір. Егер олар соған көнсе, олардың құнды дүние-мүліктерін алма әрі мазлұмның қарғысынан сақтан! Өйткені оны мен Алланың арасында бөгет жоқ», – деп айтты», – деген (Бұхари: 1492; Муслим: 121; Ахмад: 2071).

Орысша аудармасы

Муаз (да будет доволен им Аллах) сказал: «Когда Посланник Аллаха ﷺ отправлял меня (назначив правителем Йемена), он сказал: “Поистине, ты направляешься к народу из числа людей Писания. Прежде всего призови их засвидетельствовать, что нет божества, кроме Аллаха, и что я – Посланник Аллаха. Если они подчинятся этому, сообщи им, что Аллах обязал их ежедневно совершать пять молитв. Если они подчинятся и этому, сообщи им, что Аллах обязал их выплачивать закят, который берётся с их богатых и передаётся их бедным. Если они согласятся и с этим, не забирай самое ценное из их имущества и остерегайся проклятия притеснённого! Поистине, между его проклятием и Аллахом нет преграды”» (Аль-Бухари: 1492; Муслим: 121; Ахмад: 2071).

210
Риядус-салихин, № 210

عَنْ أَبِى حُمَيدٍ عَبْد الرَّحْمَان بْنِ سعد السَّاعِدِى قَالَ: اسْتَعْمَلَ النَّبِيُّ ﷺ رَجُلًا مِنَ الْأزْدِ يُقَالُ لَهُ: ابْنُ اللُّتْبِيَّةِ عَلَى الصَّدَقَةِ، فَلَمَّا قَدِمَ، قَالَ: هَذَا لَكُمْ، وَهَذَا أُهْدِيَ إِلَيَّ، فَقَامَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَلَى الْمِنْبَرِ فَحَمِدَ اللَّه وَأثْنَى عَلَيْهِ، ثُمَّ قَالَ: «أَمَّا بَعْدُ، فَإِنِّى أسْتَعْمِلُ الرَّجُلَ منْكُمْ عَلَى الْعَمَلِ مِمَّا وَلاَّنِى اللَّهُ، فَيَأْتِى فَيَقُولُ: هَذَا لَكُمْ وَهَذا هَدِيَّةٌ أُهْدِيتْ إِلَيَّ، أفَلا جَلَسَ فِى بيت أبِيهِ أَوْ أُمِّهِ حَتَّى تَأتِيَهُ هَدِيَّتُهُ إِنْ كَانَ صَادِقًا ‍، واللَّهِ لَا يَأْخُذُ أَحَدٌ مِنْكُمْ شَيْئًا بِغَيرِ حَقِّهِ إِلَّا لَقِيَ اللَّه تَعَالَى، يَحْمِلُهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ، فَلَا أعْرِفَنَّ أَحَدًا مِنْكُمْ لَقِيَ اللَّهَ يَحْمِلُ بَعيرًا لَهُ رُغَاءٌ، أَوْ بَقَرَةً لَهَا خُوَارٌ، أَوْ شَاةً تَيْعَرُ» ثُمَّ رفع يديهِ حَتَّى رُؤِيَ بَيَاضُ إِبْطَيْهِ، فَقَالَ: «اللَّهُمَّ هَلْ بَلَّغْتُ» ثَلَاثًا

Қазақша аудармасы

Абдуррахман ибн Сағд әс-Сағиди (р.а.): «Пайғамбар ﷺ Әзд руынан шыққан Ибн Лутбия деген бір кісіге зекет жинауды тапсырған еді. Ол жұмысын бітірген соң, Пайғамбарымызға келіп (зекеттен түскен дүниені тапсырып тұрып): «Мынау сіздерге тиесілі. Ал мынау болса, маған сыйға тартылды», – деді. Мұны естіген Расулалла дереу мінберге көтеріліп, Аллаға мақтау айтқан соң: «Алла Тағала маған тапсырған бір істі атқарып келу үшін сендердің араларыңнан біреуді жұмсасам, әлгі адам маған келіп: «Мынау сіздерге тиесілі. Ал мынау болса, маған сыйға тартылған дүние», – дейді. Егер оның айтқаны рас болса, неліктен сол кәдесін әкесінің (немесе анасының) үйінде отырып-ақ күтпеді? Алланың атымен ант етейін! Сендерден кімде-кім өзіне тиесілі болмаған нәрсеге қол сұқса, еш шүбәсіз қиямет күні Аллаға соны арқалаған күйде қауышады. Сендердің араларыңнан Алланың алдына боздаған түйе, мөңіреген сиыр немесе маңыраған қой арқалап барғандарды танымаймын», – деп ескертті. Сосын қос қолтығы көрінетіндей етіп қолдарын көкке көтеріп: «Уа, Алла Тағалам! Айтып жеткіздім бе?» – деп үш қайтара айтты» – деген (Бұхари: 7197; Муслим: 4738; Ахмад: 23598).

Орысша аудармасы

Передают со слов Абдуррахмана ибн Саада ас-Саиди (да будет доволен им Аллах), что он сказал: «Однажды Пророк ﷺ поручил человеку из племени Азд по имени Ибн Лутбия собрать закят. Завершив работу, тот пришёл к Пророку ﷺ и, передавая собранное в качестве закята имущество, сказал: “Это принадлежит вам, а это было подарено мне”.

Услышав это, Посланник Аллаха ﷺ тотчас поднялся на минбар и, воздав хвалу Аллаху, сказал: “Когда я посылаю кого-либо из вас исполнить дело, которое поручил мне Аллах Всевышний, этот человек возвращается ко мне и говорит: ‘Это принадлежит вам, а это было подарено мне’. Если он говорит правду, почему же он не остался в доме своего отца (или матери) и не дождался там этого подарка? Клянусь Аллахом! Кто бы из вас ни присвоил то, что ему не принадлежит, тот непременно встретит Аллаха в День воскресения, неся это на себе. Я не признаю никого из вас, кто предстанет перед Аллахом, неся на себе ревущего верблюда, мычащую корову или блеющую овцу”».

Затем он поднял руки к небу так высоко, что стали видны обе его подмышки, и трижды произнёс: «О Аллах! Донёс ли я?» (Аль-Бухари: 7197; Муслим: 4738; Ахмад: 23598).

211
Риядус-салихин, № 211Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «مَنْ كَانَتْ عِنْدَهُ مَظْلمَةٌ لأَخِيه، مِنْ عِرضِهِ أَوْ مِنْ شَيْءٍ، فَلْيَتَحَلَّلْهُ مِنْهُ الْيَوْمَ قبْلَ أَنْ لَا يَكُونَ دِينَار وَلَا دِرْهَمٌ؛ إِنْ كَانَ لَهُ عَمَلٌ صَالِحٌ أُخِذَ مِنْهُ بِقَدْرِ مَظْلمَتِهِ، وَإِنْ لَمْ يَكُنْ لَهُ حَسَنَاتٌ أُخِذَ مِنْ سَيِّئَاتِ صَاحِبِهِ فَحُمِلَ عَلَيْهِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Пайғамбар ﷺ: «Кімде-кім бауырының ар-намысына немесе (дүние-мүлкі сынды) бір нәрсесіне қол сұғып, зұлымдық қылған болса, динар мен дирхам пайда бермейтін күн келмей тұрып, оның ақысынан дәл бүгін құтылсын. (Ал біреуге жасаған жамандығы қияметке қалған жағдайда,) оның істеген ізгі амалдары болса, содан жасаған зұлымдығының мөлшеріндей алынып, мазлұмға беріледі. Ал егер оның ізгі амалдары мүлдем болмаса, онда (жасаған зұлымдығының мөлшеріндей күнә) жәбірленушінің күнәларынан алынып, оның мойнына артылады», – деп айтқан (Бұхари: 6534; Ахмад: 10573).

Орысша аудармасы

Передают со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что Пророк ﷺ сказал: «Пусть тот, кто посягнул на честь своего брата или на что-либо принадлежащее ему (например, на его имущество) и тем самым поступил с ним несправедливо, уже сегодня рассчитается с ним, прежде чем наступит день, когда не принесут пользы ни динары, ни дирхамы. (Если же расчёт за причинённое другому зло будет отложен до Дня воскресения), то при наличии у него благих дел из них будет взята часть, соразмерная совершённой им несправедливости, и передана пострадавшему. Если же благих дел у него совсем не окажется, тогда на него возложат грехи пострадавшего (столько, сколько соответствует совершённой им несправедливости)» (Аль-Бухари: 6534; Ахмад: 10573).

212
Риядус-салихин, № 212Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرُو بْنِ الْعاص عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «المُسْلِمُ منْ سَلِمَ الْمُسْلِمُونَ مِنْ لِسَانِهِ وَيَدِهِ، وَالْمُهَاجِرُ مَنْ هَجَرَ مَا نَهَى اللَّهُ عَنْهُ»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбар ﷺ: «Шынайы мұсылман – тілі мен қолынан өзге мұсылмандарға зияны тимейтін жан. Ал нағыз мұһажыр1 – Алла Тағала тыйым салғандарды түгелдей тәрк еткен адам», – деп айтты» – делінген (Бұхари: 10; Муслим: 161; Ахмад: 6515).

Орысша аудармасы

Передаётся от Абдуллаха ибн Амра ибн аль-Аса (да будет доволен ими обоими Аллах), что Пророк ﷺ сказал: «Истинный мусульманин – тот, от языка и рук которого не страдают другие мусульмане. А настоящий мухаджир1 – человек, полностью оставивший всё, что запретил Аллах Всевышний» (Аль-Бухари: 10; Муслим: 161; Ахмад: 6515).

  1. 1Мұһажыр – араб тілінде «бір нәрсені тәрк етуші, қоныс аударушы» дегенді білдіреді. Ал терминдік тұрғыдан алғанда, Меккеден Мәдинаға қоныс аударған алғашқы мұсылман сахабалардың атауы. Хадистегі мағынасы – Алла тыйым салған нәрселерді тастаған, тәрк еткен адам.
  1. 1Мухаджир в арабском языке означает «оставляющий что-либо, переселяющийся». В качестве термина это слово обозначает первых мусульманских сподвижников, переселившихся из Мекки в Медину. В данном хадисе имеется в виду человек, отказавшийся от того, что запретил Аллах.
213
Риядус-салихин, № 213Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр (р.а.)

وَعَنْهُ قَالَ: كَانَ عَلَى ثَقَل النَّبِيِّ ﷺ رَجُلٌ يُقَالُ لَهُ كِرْكِرَةُ، فَمَاتَ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «هُوَ فِى النَّارِ» فَذَهَبُوا يَنْظُرُونَ إِلَيْه، فَوَجَدُوا عَبَاءةً قَدْ غَلَّهَا

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.): «Пайғамбарымыздың ﷺ шаруашылық қызметін атқарған Киркира есімді бір кісі болған еді, сол қайтыс болғанда Алла елшісі: «(Алла кешірмесе,) ол тозақта!» – деді. Содан сахабалар оның (үйіне) барып (не бүлдірді екен деп) қарағанда, олжадан ұрланған аба1 тауып алды», – деген (Бұхари: 3074; Ахмад: 6493).

Орысша аудармасы

Передают со слов Абдуллаха ибн Амра ибн аль-Аса (да будет доволен ими обоими Аллах), что он сказал: «У Пророка ﷺ был человек по имени Киркира, который занимался его хозяйственными делами. Когда тот умер, Посланник Аллаха ﷺ сказал: “(Если Аллах не простит его,) он окажется в аду!” После этого сподвижники отправились (к нему домой), чтобы выяснить (какой проступок он совершил), и обнаружили абу1, похищенную из военной добычи» (Аль-Бухари: 3074; Ахмад: 6493).

  1. 1Иірген жүннен тоқылған жамылғы түріндегі қара жолақты шапан.
  1. 1Аба – накидка из прядёной шерсти в чёрную полоску.
214
Риядус-салихин, № 214

عَنْ أَبِى بكْرة نُفَيْع بْنِ الْحارث عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «إِنَّ الزَّمَانَ قَدِ اسْتَدَارَ كَهَيْئَته يَوْمَ خَلَقَ اللَّهُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ: السَّنَةُ اثْنَا عَشَرَ شَهْرًَا، مِنْهَا أَرْبَعَةٌ حُرُمٌ: ثَلَاثٌ مُتَوالِياتٌ: ذُو الْقَعْدَة، وذُو الْحِجَّةِ، وَالْمُحَرَّمُ، وَرَجَبُ مُضَرَ الَّذِى بَيْنَ جُمَادَى وَشعْبَانَ، أَيُّ شَهْر هَذَا؟» قُلْنَا: اللَّهُ وَرَسُولُهُ أَعْلَمُ، فَسَكَتَ حَتَّى ظَننَّا أَنَّهُ سَيُسَمِّيهِ بِغَيْرِ اسْمِهِ، قَالَ: «ألَيْسَ ذَا الْحِجَّةِ؟» قُلْنَا: بَلَى. قَالَ: «فَأيُّ بَلَد هَذَا؟» قُلْنَا: اللَّهُ ورَسُولُهُ أَعْلَمُ، فَسَكَتَ حَتَّى ظَنَنَّا أَنَّهُ سَيُسَمِّيهِ بِغَيرِ اسْمِهِ. قَالَ: «ألَيْسَ الْبَلْدَةَ؟» قُلْنَا: بَلَى. قَالَ: «فَأيُّ يَوْم هَذَا؟» قُلْنَا: اللَّهُ ورَسُولُهُ أَعْلَمُ، فَسَكَتَ حَتَّى ظَنَنَّا أَنَّهُ سَيُسَمِّيهِ بغَيرِ اسْمِهِ. قَالَ: «ألَيسَ يَوْمَ النَّحْرِ؟» قُلْنَا: بَلَى. قَالَ: «فَإِنَّ دِمَاءكُمْ وَأمْوَالَكُمْ وَأَعْرَاضَكُمْ عليكم حَرَامٌ، كَحُرْمَةِ يَوْمِكُمْ هَذَا فِى بَلَدِكُمْ هَذَا فِى شَهْرِكُمْ هَذَا، وَسَتَلْقُونَ رَبَّكُمْ فَيَسْألُكُمْ عَنْ أَعْمَالِكُمْ، ألا فَلَا تَرْجعوا بعدي كُفّارًا يَضْرِبُ بَعْضُكُمْ رِقَابَ بَعْض، ألا لَيُبَلِّغ الشَّاهِدُ الْغَائِبَ، فَلَعَلَّ بَعْضَ مَنْ يَبْلُغُهُ أَنْ يَكُونَ أوْعَى لَهُ مِنْ بَعْض مَنْ سَمِعَهُ»، ثُمَّ قَالَ: «إِلَّا هَلْ بَلَّغْتُ، أَلَا هَلْ بَلَّغْتُ؟» قُلْنَا: نَعَمْ. قَالَ: «اللَّهُمَّ اشْهَدْ»

Қазақша аудармасы

Әбу Бәкра Нуфәйғ ибн Харис (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ: «Расында, заман – Алла аспандар мен жерді жаратқан күндегідей қалпына қайта айналып келді. Жыл – он екі ай, оның төртеуі харам (қасиетті) айлар. Үшеуі бірінен соң бірі келетін зул-қағда, зул-хижжа және мухаррам айлары болса, төртіншісі – жумадә (ахира) мен шағбанның арасындағы мудардың1 айы ережеп», – деп айтты. Сосын: «Бұл қай ай?» – деп сұрады. Біз: «Алла және елшісі бәрінен жақсы біледі», – дедік. Содан ол біраз үнсіз қалды, сонда біз оны басқаша атайды-ау деп ойладық. Ол: «Бұл зул-хижжа айы емес пе?» – дегенде, біз: «Әлбетте», – дедік. Сосын Ол: «Бұл қай елді мекен?» – деп сұрады. Біз: «Алла және елшісі бәрінен жақсы біледі», – деп жауап қаттық. Содан ол бұл жолы да біраз үнсіз қалды, сонда біз оны басқаша атайды-ау деп ойладық. Ол: «Бұл қасиетті мекен емес пе?» – дегенде, біз: «Әлбетте», – дедік. Содан ол тағы да: «Бұл қай күн?» – деп сұрады. Біз: «Алла және елшісі бәрінен жақсы біледі», – деп жауап бердік. Ол бұл жолы да біраз үнсіз қалды, сонда біз сол күнді басқаша атайды-ау деп ойладық. Ол: «Бұл құрбандық шалатын күн емес пе?» – дегенде, біз: «Әлбетте», – деп жауап бердік. Сол кезде Алла елшісі: «Шындығында қандарың, дүние-мүліктерің және ар-намыстарың – осынау қасиетті мекендеріңдегі, осынау қасиетті айдағы, осынау қасиетті күндерің тәрізді бір-біріңе «харам»!2 Жақында Раббыларыңа міндетті түрде жолығасыңдар, сонда сендерден істеген істерің жайлы сұрайды! Ендеше, менен кейін бір-біріңнің басын шабатын кәпірлерге айналмаңдар! (Бұл айтқандарымды) осы жерде болғандар болмағандарға жеткізсін! Бәлкім, осынау сөзді кейін еститін кейбір адамдар осында тұрып, менен тікелей естіген кейбір жандардан әлдеқайда жақсы түсінер», – деді. Сосын бар дауысымен: «Жеткіздім бе?!» – деді, біз: «Иә!» – дегенде: «Уа, Алла! Куә бол!» – деп айтты», – деген (Бұхари: 5550; Муслим: 4383; Ахмад: 20386).

Орысша аудармасы

Абу Бакра Нуфай ибн Харис (да будет доволен им Аллах) передал: «Пророк ﷺ сказал: “Поистине, время вновь вернулось к тому порядку, в каком оно пребывало в день, когда Аллах создал небеса и землю. Год состоит из двенадцати месяцев, четыре из которых являются запретными (священными). Три из них следуют друг за другом: зуль-када, зуль-хиджа и мухаррам. Четвёртый – раджаб племени Мудар1, находящийся между джумадой (аль-ахира) и шабаном”.

Затем он спросил: “Что это за месяц?” Мы ответили: “Аллах и Его Посланник знают лучше”. После этого он некоторое время молчал, и мы подумали, что он назовёт этот месяц иначе. Тогда он спросил: “Разве это не месяц зуль-хиджа?” Мы ответили: “Конечно!” Затем он спросил: “Что это за место?” Мы ответили: “Аллах и Его Посланник знают лучше”. Он снова некоторое время молчал, и мы подумали, что он назовёт это место иначе. Тогда он спросил: “Разве это не священное место?” Мы ответили: “Конечно!” Затем он спросил: “Что это за день?” Мы ответили: “Аллах и Его Посланник знают лучше”. Он вновь некоторое время молчал, и мы подумали, что он назовёт этот день иначе. Тогда он спросил: “Разве это не день жертвоприношения?” Мы ответили: “Конечно!”

Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Поистине, кровь, имущество и честь каждого из вас столь же неприкосновенны для остальных2, как священны этот ваш день, этот ваш месяц и это ваше место! Вскоре вам непременно предстоит встретиться с вашим Господом, и тогда Он спросит вас о ваших деяниях! Поэтому не становитесь после меня неверующими, рубящими друг другу головы! Пусть присутствующие здесь передадут отсутствующим (то, что я сказал)! Возможно, некоторые из тех, кто услышит эти слова позднее, поймут их гораздо лучше некоторых из тех, кто сейчас стоит здесь и слышит их непосредственно от меня”. Затем он во весь голос спросил: “Довёл ли я до вас?!” Мы ответили: “Да!” Тогда он сказал: “О Аллах! Будь свидетелем!”» (Аль-Бухари: 5550; Муслим: 4383; Ахмад: 20386).

  1. 1Ережеп айының мудар тайпасына телінуінің себебі, мудар тайпасының бұл айды басқа араб руларынан артық құрметтейтіндігі еді.
  2. 2Яғни, мұсылманның қаны, мал-дүниесі және ар-намысы өзге мұсылмандар үшін қол сұғуға болмайтын қасиетті дүниелер.
  1. 1Месяц раджаб связывают с племенем Мудар, поскольку это племя почитало его больше других арабских племён.
  2. 2То есть кровь, имущество и честь мусульманина священны и неприкосновенны для других мусульман.
215
Риядус-салихин, № 215

عَنْ أَبِى أمامة إِياس بْنِ ثعلبة الْحارثي أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَن اقْتَطَعَ حَقَّ امْرىء مُسْلِم بيَمِينه، فَقدْ أوْجَبَ اللَّهُ لَهُ النَّارَ، وَحَرَّمَ عَلَيْهِ الْجَنَّةَ» فَقَالَ رَجُلٌ: وإِنْ كَانَ شَيْئًا يَسيرًا يَا رَسُولَ اللَّهِ؟ فَقَالَ: «وإِنْ قَضيبًا مِنْ أَرَاك»

Қазақша аудармасы

Әбу Умама Ияс ибн Сағләбә әл-Харисиден (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім ант-су ішіп, мұсылман адамның ақысын жесе, Алла оған тозақты міндетті етіп, жаннатты харам қылады», – дегенде, бір кісі: «Болмашы нәрсе болса да ма, уа, Расулалла?» – дейді. Сонда оған: «Тіпті мисуак1 бұтағы болса да», – деп жауап берген (Муслим: 353; Ахмад: 24009).

Орысша аудармасы

Передаётся от Абу Умамы Ияса ибн Салябы аль-Хариси (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Кто, поклявшись, присвоит себе то, что по праву принадлежит мусульманину, для того Аллах сделает ад неизбежным, а рай – запретным». Один человек спросил: «Даже если речь идёт о чём-то незначительном, о Посланник Аллаха?» Он ответил: «Даже если это всего лишь веточка мисвака1» (Муслим: 353; Ахмад: 24009).

  1. 1Таяу Шығыс елдерінде өсетін, бұтақтарынан тіс ысқыш жасалатын хош иісті ағаштың атауы.
  1. 1Мисвак – ароматное дерево, произрастающее в странах Ближнего Востока; из его веточек делают палочки для чистки зубов.
216
Риядус-салихин, № 216

عَنْ عَدِيّ بْنِ عَميْرَةَ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «مَنِ اسْتَعْمَلْنَاهُ مِنْكُمْ عَلَى عَمَل، فَكَتَمَنَا مِخْيَطًا فَمَا فَوْقَهُ، كَانَ غُلُولًا يَأْتِى به يَوْمَ الْقِيَامَةِ» فَقَامَ إِليه رَجُلٌ أسْوَدُ مِنَ الْأنْصَارِ، كَأنِّى أنْظُرُ إِلَيْهِ، فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، اقْبَلْ عَنِّى عَمَلَكَ، قَالَ: «وَمَا لَكَ؟» قَالَ: سَمِعْتكَ تَقُولُ كَذَا وكَذَا، قَالَ: «وَأَنَا أَقُولُه الآنَ: مَنِ اسْتَعْمَلْنَاهُ عَلَى عَمَلٍ فَلْيَجِيءْ بقَلِيله وَكَثِيره، فَمَا أُوتِيَ مِنْهُ أَخَذَ، وَمَا نُهِيَ عَنْهُ انْتَهَى»

Қазақша аудармасы

Ади ибн Амира (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Біз араларыңнан біреуді (зекет не олжа жинау сынды) бір қызметке тағайындағанымызда, ол бізден бір ине немесе одан да үлкен бір затты жасырып қалса, онысы қиянат болады һәм қиямет күні (Алланың құзырына) сонымен келеді», – деп айтқанын естідім. Сол кезде ансарлардан реңі қара бір кісі (оның түрі қазір де көз алдымда) орнынан тұрып: «Уа, Расулалла! Маған берген қызметіңізді қайтарып аласыз ба», – дейді. Оған: «Саған не болды?» – дегенде, ол: «Сіздің осылай да осылай деп айтқаныңызды естідім», – дейді. Сонда Алла елшісі: «Мен қазір де солай айтамын: Біз араларыңнан біреуді бір қызметте қолдансақ, ол соның азын да, көбін де алып келсін. Сосын өзіне берілгенді алсын да, тыйым салынғаннан тыйылсын», – деп айтты», – деген (Муслим: 4743; Ахмад: 17723).

Орысша аудармасы

Ади ибн Амира (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Если мы назначим кого-либо из вас на какую-нибудь службу (например, поручим ему сбор закята или военной добычи), а он утаит от нас хотя бы иглу или что-либо более крупное, то совершит предательство и в День воскресения предстанет (перед Аллахом), неся это с собой”.

Тогда один темнокожий человек из числа ансаров (его облик и сейчас стоит у меня перед глазами) поднялся со своего места и сказал: “О Посланник Аллаха! Освободи меня от порученной мне службы”. Он спросил: “Что с тобой?” Тот ответил: “Я слышал, как ты сказал то-то и то-то”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Я и сейчас говорю то же самое: если мы назначим кого-либо из вас на какую-либо службу, пусть он принесёт всё – и малое, и большое. Затем пусть возьмёт то, что ему будет дано, и воздержится от того, что ему запрещено”» (Муслим: 4743; Ахмад: 17723).

217
Риядус-салихин, № 217Риуаят етуші: Омар (р.а.)

عَنْ عمر بْنِ الْخطاب قَالَ: لَمَّا كَانَ يَوْمُ خَيبَر أقْبَلَ نَفَرٌ مِنْ أَصْحَابِ النَّبِيِّ ﷺ فقَالُوا: فُلَانٌ شَهِيدٌ، وفُلَانٌ شَهِيدٌ، حَتَّى مَرُّوا عَلَى رَجُلٍ، فَقَالُوا: فُلَانٌ شَهِيدٌ. فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «كَلاَّ، إِنِّى رَأَيْتُهُ فِى النَّار فِى بُرْدَةٍ غَلَّهَا– أَوْ عَبَاءة»

Қазақша аудармасы

Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.): «Хайбар шайқасы орын алған күні Пайғамбарымыздың ﷺ бір топ сахабасы: «Пәленше шейіт, түгенше шейіт», – деп (шайқас болған жерді аралап, қаза тапқандарды түгендеп келе жатады да, сұлап жатқан) бір кісінің қасынан өтіп бара жатып: «Пәленше де шейіт», – дегенде, Пайғамбарымыз: «Жоқ! Оның олжадан бір шапан жымқырғаны үшін тозаққа түскенін көрдім», – деп айтты», – деген (Муслим: 309; Ахмад: 203).

Орысша аудармасы

Умар ибн аль-Хаттаб (да будет доволен им Аллах) сказал: «В день битвы при Хайбаре группа сподвижников Пророка ﷺ говорила: “Такой-то – шахид, такой-то – шахид”. Затем (обходя поле сражения, пересчитывая погибших и увидев одного человека, лежавшего на земле) они прошли мимо него и сказали: “Такой-то тоже шахид”. Тогда Пророк ﷺ сказал: “Нет! Я видел, что он оказался в аду за то, что тайно присвоил себе плащ из военной добычи”» (Муслим: 309; Ахмад: 203).

218
Риядус-салихин, № 218

عَنْ أَبِى قتادة الْحارث بْنِ ربعي، عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ: أَنَّهُ قَامَ فيهم، فَذَكَرَ لَهُمْ أَنَّ الْجِهَادَ فِى سبيلِ اللَّه، وَالإِيمَانَ بِاللَّهِ أَفْضَلُ الْأَعْمَالِ، فَقَامَ رَجُلٌ، فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَرَأَيْتَ إِنْ قُتِلْتُ فِى سبيلِ اللَّه، تُكَفَّرُ عَنّي خَطَايَايَ؟ فَقَالَ لَهُ رَسُول اللَّهِ ﷺ: «نَعَمْ، إِنْ قُتِلْتَ فِى سبيلِ اللَّهِ، وَأَنْتَ صَابرٌ مُحْتَسِبٌ، مُقْبِلٌ غَيْرُ مُدْبر» ثُمَّ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «كَيْفَ قُلْتَ؟» قَالَ: أَرَأَيْتَ إِنْ قُتِلْتُ فِى سبيلِ اللَّه، أتُكَفَّرُ عَنّي خَطَايَايَ؟ فَقَالَ لَهُ رَسُول اللَّهِ ﷺ: «نَعمْ، وَأَنْتَ صَابرٌ مُحْتَسِبٌ، مُقْبِلٌ غَيْرُ مُدْبِرٍ، إِلَّا الدَّيْنَ؛ فَإِنَّ جِبرِيلَ تَعَالَى قَالَ لِى ذَلِكَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Қатаданың жеткізуі бойынша (р.а.): «Бірде Расулалла ﷺ сахабаларға құтба оқып, құтбасында Алла жолындағы күрес пен Аллаға иман етудің істердің ең абзалы екенін баса айтқан еді. Сол кезде сахабалардың бірі орнынан тұрып: «Уа, Расулалла! Егер Алла жолында шейіт болсам, күнәларым кешіріле ме?» – деп сұрады. Сонда Алла елшісі: «Әрине. Егер сен барынша сабырлылық танытып, әрі сауапты Алладан ғана күтіп, бір қадам артқа шегінбей тек қана алға ұмтылып, Алла жолында қаза тапсаң, күнәларың кешіріледі», – деп жауап берді. Сәлден кейін Алла елшісі әлгі кісіден: «Сен не деп айтып едің?» – деп сұрады. Әлгі сахаба: «Егер Алла жолында шейіт болсам, күнәларым кешіріле ме?» – деп қайта сұрады. Сонда Алла елшісі: «Әрине, егер сен барынша сабырлылық танытып, әрі сауапты Алладан ғана күтіп, бір қадам артқа шегінбей тек қана алға ұмтылып, Алла жолында қаза тапсаң, қарыздарыңнан басқа барлық күнәларың кешіріледі. Бұны маған Жәбірейіл (а.с.) періште айтты», – деп қайта жауап берді» – делінген (Муслим: 4880; Ахмад: 22585).

Орысша аудармасы

Передают со слов Абу Катады (да будет доволен им Аллах), что однажды Посланник Аллаха ﷺ обратился к сподвижникам с проповедью, в которой особо подчеркнул, что борьба на пути Аллаха и вера в Аллаха являются наилучшими деяниями. Тогда один из сподвижников поднялся и спросил: «О Посланник Аллаха! Если я стану шахидом на пути Аллаха, будут ли прощены мои грехи?» Посланник Аллаха ﷺ ответил: «Да. Если ты проявишь предельное терпение, будешь ожидать награды только от Аллаха и, не отступая ни на шаг, устремишься лишь вперёд, а затем погибнешь на пути Аллаха, твои грехи будут прощены».

Немного спустя Посланник Аллаха ﷺ спросил того человека: «Что ты сказал?» Сподвижник повторил свой вопрос: «Если я стану шахидом на пути Аллаха, будут ли прощены мои грехи?» Тогда Посланник Аллаха ﷺ вновь ответил: «Да. Если ты проявишь предельное терпение, будешь ожидать награды только от Аллаха и, не отступая ни на шаг, устремишься лишь вперёд, а затем погибнешь на пути Аллаха, тебе будут прощены все грехи, кроме долгов. Об этом сообщил мне ангел Джибрил (мир ему)» (Муслим: 4880; Ахмад: 22585).

219
Риядус-салихин, № 219Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرِيرةَ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «أتدرونَ مَنِ الْمُفْلِسُ؟» قَالُوا: الْمفْلسُ فِينَا مَنْ لَا دِرهَمَ لَهُ وَلَا مَتَاع، فَقَالَ: «إِنَّ الْمُفْلسَ مِنْ أُمَّتي مَنْ يأتي يَوْمَ الْقيامَةِ بصلاةٍ وصيامٍ وزَكاةٍ، ويأتي وقَدْ شَتَمَ هَذَا، وقَذَفَ هَذَا، وَأَكَلَ مالَ هَذَا، وسَفَكَ دَمَ هَذَا، وَضَرَبَ هَذَا، فيُعْطَى هَذَا مِنْ حَسَنَاتِهِ، وهَذَا مِنْ حَسناتهِ، فإِنْ فَنِيَتْ حَسَناتُه قَبْل أَنْ يُقضى مَا عَلَيْهِ، أُخِذَ منْ خَطَاياهُم فَطُرِحَتْ عَلَيْهِ، ثُمَّ طُرِحَ فِى النَّارِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Бірде Алла елшісі ﷺ сахабаларынан: «Нағыз зиянға ұшыраушының кім екенін білесіңдер ме?» – деп сұрағанда, олар: «Біз зиянға ұшыраған деп қолындағы бар дүниесінен айырылған адамды айтамыз», – деді. Сонда Расулалла: «Менің үмбетімнің ішіндегі зиянға ұшыраған адам – қиямет күні (дүниеде жасаған) намаз, ораза және зекет секілді игі істерге қоса анаған тіл тигізіп, мынаған жала жауып, ана біреудің мүлкіне қол сұғып, мына біреудің нақақтан қанын төгіп, енді біреуді ұрып-соғып талай күнә арқалай келген адам. Оның жиған-терген сауаптары анаған да, мынаған да үлестіріліп, мойнындағы кісі ақысы бітпестен сауаптары таусылса, ақысы кеткендердің күнәлары мойнына жүктеліп сол күйі тозаққа тасталады», – деп айтты» – делінген (Муслим: 6579; Ахмад: 8029).

Орысша аудармасы

Передаётся от Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что однажды Посланник Аллаха ﷺ спросил своих сподвижников: «Знаете ли вы, кто является истинным банкротом?» Они ответили: «Банкротом мы называем того, кто лишился всего своего имущества». Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Истинным банкротом из моей общины окажется человек, который в День воскресения явится с совершёнными (в земной жизни) молитвами, соблюдёнными постами, выплаченным закятом и другими благими деяниями, но вместе с тем будет обременён множеством грехов: одного он оскорбил, другого оклеветал, посягнул на имущество третьего, без права пролил кровь четвёртого, а пятого избил. Накопленные им награды будут розданы одному и другому. Если же его награды иссякнут прежде, чем он полностью рассчитается с людьми за нарушение их прав, на него возложат грехи тех, чьи права он нарушил, после чего его бросят в ад» (Муслим: 6579; Ахмад: 8029).

220
Риядус-салихин, № 220Риуаят етуші: Үммі Сәләма (р.а.)

عَنْ أم سلمة: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنَّمَا أنا بَشَرٌ، وَإِنَّكُمْ تَخْتَصِمُونَ إِلَيَّ، وَلَعَلَّ بَعْضَكُمْ أَنْ يَكُونَ ألْحَنَ بِحُجّتِهِ مِنْ بَعْضٍ، فأَقْضِيَ لَهُ بِنَحْوِ مَا أسْمعُ، فَمَنْ قَضَيتُ لَهُ بِحَقِّ أخِيهِ فَإِنَّمَا أقطَعُ لَهُ قِطعةً مِنَ النَّارِ»

Қазақша аудармасы

Үммі Сәләма (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Расында, мен де адаммын. Сендер араларыңдағы келіспеушіліктерді қара қылды қақ жарғандай етіп әділ шешіп беру үшін әрдайым менің билігіме жүгінесіңдер. Кейбіреуің қарсыласына қарағанда өз сөзін дәлелдеп, сендіре алатындай шешен болуы мүмкін. Ал мен естігендерімді таразылай отырып, соның пайдасына үкім шығарамын, сондықтан кімнің пайдасына үкім шығарып, оған бауырының ақысын алып берсем, шынтуайтында, оған тозақ отының бір бөлігін бөліп берген боламын», – деп айтты» – делінген (Бұхари: 6967; Муслим: 4473; Ахмад: 26618).

Орысша аудармасы

Умм Салама (да будет доволен ею Аллах) передала, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Поистине, я тоже человек. Вы постоянно обращаетесь ко мне, чтобы я беспристрастно и справедливо разрешил возникающие между вами разногласия. Однако кто-то из вас может оказаться красноречивее своего противника и убедительнее изложить свои доводы. Я же, оценивая услышанное, выношу решение в его пользу. Поэтому, если я вынесу решение в пользу кого-либо из вас и присужу ему то, что по праву принадлежит его брату, то в действительности выделю ему часть адского огня» (Аль-Бухари: 6967; Муслим: 4473; Ахмад: 26618).

221
Риядус-салихин, № 221Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَنْ يَزَالَ الْمُؤْمِنُ فِى فُسْحَةٍ مِنْ دِينهِ مَا لَمْ يُصِبْ دَمًا حَرَامًا»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Мүмін өзіне харам болған қанды төкпейінше дінінде кеңдік табады1», – деп айтты», – деген (Бұхари: 6862; Ахмад: 5681).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен ими обоими Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Для верующего в религии сохраняется простор1 до тех пор, пока он не прольёт кровь, которую ему запрещено проливать» (Аль-Бухари: 6862; Ахмад: 5681).

  1. 1Яғни, мүмін қанша жерден үлкен күнәлар жасаса да, нақақтан-нақақ қан төкпейінше Раббысының кешірімі мен мейір-шапағатынан үміт ете алады.
  1. 1То есть верующий, какие бы тяжкие грехи он ни совершил, может надеяться на прощение и милость своего Господа, пока не прольёт невинную кровь.
222
Риядус-салихин, № 222

عَنْ خولة بنتِ عامر الْأنصارِية، وهي امْرَأَةٌ حمزة وَعَنْهَا، قَالَتْ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّ رِجَالًا يَتَخَوَّضُونَ فِى مَالِ اللَّه بغَيرِ حَقٍّ، فَلَهُمُ النَّارُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ»

Қазақша аудармасы

Әзірет Хамзаның әйелі Хаулә бинт Амир әл-Ансария (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Кейбір адамдар Алланың мал-мүлкін заңсыз оңды-солды пайдаланады (яғни, елдің дүниесі мен қаражатын заңсыз, арам жолмен жейді). Ал қиямет күні олардың еншісі тозақ болады», – деп айтқанын естідім», – деген (Бұхари: 3118; Ахмад: 27054).

Орысша аудармасы

Жена Хамзы, Хауля бинт Амир аль-Ансария (да будет доволен ею Аллах), сказала: «Я слышала, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Некоторые люди самовольно и незаконно распоряжаются имуществом Аллаха (то есть присваивают имущество и денежные средства народа незаконным, запретным путём). В День воскресения их уделом станет ад”» (Аль-Бухари: 3118; Ахмад: 27054).