Хадис

Риядус-салихин, № 214

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
26. Зұлымдық пен залым турасында
Нөмірі
№ 214 (қазақша басылым реті)
214
Риядус-салихин, № 214

عَنْ أَبِى بكْرة نُفَيْع بْنِ الْحارث عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «إِنَّ الزَّمَانَ قَدِ اسْتَدَارَ كَهَيْئَته يَوْمَ خَلَقَ اللَّهُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ: السَّنَةُ اثْنَا عَشَرَ شَهْرًَا، مِنْهَا أَرْبَعَةٌ حُرُمٌ: ثَلَاثٌ مُتَوالِياتٌ: ذُو الْقَعْدَة، وذُو الْحِجَّةِ، وَالْمُحَرَّمُ، وَرَجَبُ مُضَرَ الَّذِى بَيْنَ جُمَادَى وَشعْبَانَ، أَيُّ شَهْر هَذَا؟» قُلْنَا: اللَّهُ وَرَسُولُهُ أَعْلَمُ، فَسَكَتَ حَتَّى ظَننَّا أَنَّهُ سَيُسَمِّيهِ بِغَيْرِ اسْمِهِ، قَالَ: «ألَيْسَ ذَا الْحِجَّةِ؟» قُلْنَا: بَلَى. قَالَ: «فَأيُّ بَلَد هَذَا؟» قُلْنَا: اللَّهُ ورَسُولُهُ أَعْلَمُ، فَسَكَتَ حَتَّى ظَنَنَّا أَنَّهُ سَيُسَمِّيهِ بِغَيرِ اسْمِهِ. قَالَ: «ألَيْسَ الْبَلْدَةَ؟» قُلْنَا: بَلَى. قَالَ: «فَأيُّ يَوْم هَذَا؟» قُلْنَا: اللَّهُ ورَسُولُهُ أَعْلَمُ، فَسَكَتَ حَتَّى ظَنَنَّا أَنَّهُ سَيُسَمِّيهِ بغَيرِ اسْمِهِ. قَالَ: «ألَيسَ يَوْمَ النَّحْرِ؟» قُلْنَا: بَلَى. قَالَ: «فَإِنَّ دِمَاءكُمْ وَأمْوَالَكُمْ وَأَعْرَاضَكُمْ عليكم حَرَامٌ، كَحُرْمَةِ يَوْمِكُمْ هَذَا فِى بَلَدِكُمْ هَذَا فِى شَهْرِكُمْ هَذَا، وَسَتَلْقُونَ رَبَّكُمْ فَيَسْألُكُمْ عَنْ أَعْمَالِكُمْ، ألا فَلَا تَرْجعوا بعدي كُفّارًا يَضْرِبُ بَعْضُكُمْ رِقَابَ بَعْض، ألا لَيُبَلِّغ الشَّاهِدُ الْغَائِبَ، فَلَعَلَّ بَعْضَ مَنْ يَبْلُغُهُ أَنْ يَكُونَ أوْعَى لَهُ مِنْ بَعْض مَنْ سَمِعَهُ»، ثُمَّ قَالَ: «إِلَّا هَلْ بَلَّغْتُ، أَلَا هَلْ بَلَّغْتُ؟» قُلْنَا: نَعَمْ. قَالَ: «اللَّهُمَّ اشْهَدْ»

Қазақша аудармасы

Әбу Бәкра Нуфәйғ ибн Харис (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ: «Расында, заман – Алла аспандар мен жерді жаратқан күндегідей қалпына қайта айналып келді. Жыл – он екі ай, оның төртеуі харам (қасиетті) айлар. Үшеуі бірінен соң бірі келетін зул-қағда, зул-хижжа және мухаррам айлары болса, төртіншісі – жумадә (ахира) мен шағбанның арасындағы мудардың1 айы ережеп», – деп айтты. Сосын: «Бұл қай ай?» – деп сұрады. Біз: «Алла және елшісі бәрінен жақсы біледі», – дедік. Содан ол біраз үнсіз қалды, сонда біз оны басқаша атайды-ау деп ойладық. Ол: «Бұл зул-хижжа айы емес пе?» – дегенде, біз: «Әлбетте», – дедік. Сосын Ол: «Бұл қай елді мекен?» – деп сұрады. Біз: «Алла және елшісі бәрінен жақсы біледі», – деп жауап қаттық. Содан ол бұл жолы да біраз үнсіз қалды, сонда біз оны басқаша атайды-ау деп ойладық. Ол: «Бұл қасиетті мекен емес пе?» – дегенде, біз: «Әлбетте», – дедік. Содан ол тағы да: «Бұл қай күн?» – деп сұрады. Біз: «Алла және елшісі бәрінен жақсы біледі», – деп жауап бердік. Ол бұл жолы да біраз үнсіз қалды, сонда біз сол күнді басқаша атайды-ау деп ойладық. Ол: «Бұл құрбандық шалатын күн емес пе?» – дегенде, біз: «Әлбетте», – деп жауап бердік. Сол кезде Алла елшісі: «Шындығында қандарың, дүние-мүліктерің және ар-намыстарың – осынау қасиетті мекендеріңдегі, осынау қасиетті айдағы, осынау қасиетті күндерің тәрізді бір-біріңе «харам»!2 Жақында Раббыларыңа міндетті түрде жолығасыңдар, сонда сендерден істеген істерің жайлы сұрайды! Ендеше, менен кейін бір-біріңнің басын шабатын кәпірлерге айналмаңдар! (Бұл айтқандарымды) осы жерде болғандар болмағандарға жеткізсін! Бәлкім, осынау сөзді кейін еститін кейбір адамдар осында тұрып, менен тікелей естіген кейбір жандардан әлдеқайда жақсы түсінер», – деді. Сосын бар дауысымен: «Жеткіздім бе?!» – деді, біз: «Иә!» – дегенде: «Уа, Алла! Куә бол!» – деп айтты», – деген (Бұхари: 5550; Муслим: 4383; Ахмад: 20386).

Орысша аудармасы

Абу Бакра Нуфай ибн Харис (да будет доволен им Аллах) передал: «Пророк ﷺ сказал: “Поистине, время вновь вернулось к тому порядку, в каком оно пребывало в день, когда Аллах создал небеса и землю. Год состоит из двенадцати месяцев, четыре из которых являются запретными (священными). Три из них следуют друг за другом: зуль-када, зуль-хиджа и мухаррам. Четвёртый – раджаб племени Мудар1, находящийся между джумадой (аль-ахира) и шабаном”.

Затем он спросил: “Что это за месяц?” Мы ответили: “Аллах и Его Посланник знают лучше”. После этого он некоторое время молчал, и мы подумали, что он назовёт этот месяц иначе. Тогда он спросил: “Разве это не месяц зуль-хиджа?” Мы ответили: “Конечно!” Затем он спросил: “Что это за место?” Мы ответили: “Аллах и Его Посланник знают лучше”. Он снова некоторое время молчал, и мы подумали, что он назовёт это место иначе. Тогда он спросил: “Разве это не священное место?” Мы ответили: “Конечно!” Затем он спросил: “Что это за день?” Мы ответили: “Аллах и Его Посланник знают лучше”. Он вновь некоторое время молчал, и мы подумали, что он назовёт этот день иначе. Тогда он спросил: “Разве это не день жертвоприношения?” Мы ответили: “Конечно!”

Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Поистине, кровь, имущество и честь каждого из вас столь же неприкосновенны для остальных2, как священны этот ваш день, этот ваш месяц и это ваше место! Вскоре вам непременно предстоит встретиться с вашим Господом, и тогда Он спросит вас о ваших деяниях! Поэтому не становитесь после меня неверующими, рубящими друг другу головы! Пусть присутствующие здесь передадут отсутствующим (то, что я сказал)! Возможно, некоторые из тех, кто услышит эти слова позднее, поймут их гораздо лучше некоторых из тех, кто сейчас стоит здесь и слышит их непосредственно от меня”. Затем он во весь голос спросил: “Довёл ли я до вас?!” Мы ответили: “Да!” Тогда он сказал: “О Аллах! Будь свидетелем!”» (Аль-Бухари: 5550; Муслим: 4383; Ахмад: 20386).

  1. 1Ережеп айының мудар тайпасына телінуінің себебі, мудар тайпасының бұл айды басқа араб руларынан артық құрметтейтіндігі еді.
  2. 2Яғни, мұсылманның қаны, мал-дүниесі және ар-намысы өзге мұсылмандар үшін қол сұғуға болмайтын қасиетті дүниелер.
  1. 1Месяц раджаб связывают с племенем Мудар, поскольку это племя почитало его больше других арабских племён.
  2. 2То есть кровь, имущество и честь мусульманина священны и неприкосновенны для других мусульман.