Хадис

Риядус-салихин, № 210

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
26. Зұлымдық пен залым турасында
Нөмірі
№ 210 (қазақша басылым реті)
210
Риядус-салихин, № 210

عَنْ أَبِى حُمَيدٍ عَبْد الرَّحْمَان بْنِ سعد السَّاعِدِى قَالَ: اسْتَعْمَلَ النَّبِيُّ ﷺ رَجُلًا مِنَ الْأزْدِ يُقَالُ لَهُ: ابْنُ اللُّتْبِيَّةِ عَلَى الصَّدَقَةِ، فَلَمَّا قَدِمَ، قَالَ: هَذَا لَكُمْ، وَهَذَا أُهْدِيَ إِلَيَّ، فَقَامَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَلَى الْمِنْبَرِ فَحَمِدَ اللَّه وَأثْنَى عَلَيْهِ، ثُمَّ قَالَ: «أَمَّا بَعْدُ، فَإِنِّى أسْتَعْمِلُ الرَّجُلَ منْكُمْ عَلَى الْعَمَلِ مِمَّا وَلاَّنِى اللَّهُ، فَيَأْتِى فَيَقُولُ: هَذَا لَكُمْ وَهَذا هَدِيَّةٌ أُهْدِيتْ إِلَيَّ، أفَلا جَلَسَ فِى بيت أبِيهِ أَوْ أُمِّهِ حَتَّى تَأتِيَهُ هَدِيَّتُهُ إِنْ كَانَ صَادِقًا ‍، واللَّهِ لَا يَأْخُذُ أَحَدٌ مِنْكُمْ شَيْئًا بِغَيرِ حَقِّهِ إِلَّا لَقِيَ اللَّه تَعَالَى، يَحْمِلُهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ، فَلَا أعْرِفَنَّ أَحَدًا مِنْكُمْ لَقِيَ اللَّهَ يَحْمِلُ بَعيرًا لَهُ رُغَاءٌ، أَوْ بَقَرَةً لَهَا خُوَارٌ، أَوْ شَاةً تَيْعَرُ» ثُمَّ رفع يديهِ حَتَّى رُؤِيَ بَيَاضُ إِبْطَيْهِ، فَقَالَ: «اللَّهُمَّ هَلْ بَلَّغْتُ» ثَلَاثًا

Қазақша аудармасы

Абдуррахман ибн Сағд әс-Сағиди (р.а.): «Пайғамбар ﷺ Әзд руынан шыққан Ибн Лутбия деген бір кісіге зекет жинауды тапсырған еді. Ол жұмысын бітірген соң, Пайғамбарымызға келіп (зекеттен түскен дүниені тапсырып тұрып): «Мынау сіздерге тиесілі. Ал мынау болса, маған сыйға тартылды», – деді. Мұны естіген Расулалла дереу мінберге көтеріліп, Аллаға мақтау айтқан соң: «Алла Тағала маған тапсырған бір істі атқарып келу үшін сендердің араларыңнан біреуді жұмсасам, әлгі адам маған келіп: «Мынау сіздерге тиесілі. Ал мынау болса, маған сыйға тартылған дүние», – дейді. Егер оның айтқаны рас болса, неліктен сол кәдесін әкесінің (немесе анасының) үйінде отырып-ақ күтпеді? Алланың атымен ант етейін! Сендерден кімде-кім өзіне тиесілі болмаған нәрсеге қол сұқса, еш шүбәсіз қиямет күні Аллаға соны арқалаған күйде қауышады. Сендердің араларыңнан Алланың алдына боздаған түйе, мөңіреген сиыр немесе маңыраған қой арқалап барғандарды танымаймын», – деп ескертті. Сосын қос қолтығы көрінетіндей етіп қолдарын көкке көтеріп: «Уа, Алла Тағалам! Айтып жеткіздім бе?» – деп үш қайтара айтты» – деген (Бұхари: 7197; Муслим: 4738; Ахмад: 23598).

Орысша аудармасы

Передают со слов Абдуррахмана ибн Саада ас-Саиди (да будет доволен им Аллах), что он сказал: «Однажды Пророк ﷺ поручил человеку из племени Азд по имени Ибн Лутбия собрать закят. Завершив работу, тот пришёл к Пророку ﷺ и, передавая собранное в качестве закята имущество, сказал: “Это принадлежит вам, а это было подарено мне”.

Услышав это, Посланник Аллаха ﷺ тотчас поднялся на минбар и, воздав хвалу Аллаху, сказал: “Когда я посылаю кого-либо из вас исполнить дело, которое поручил мне Аллах Всевышний, этот человек возвращается ко мне и говорит: ‘Это принадлежит вам, а это было подарено мне’. Если он говорит правду, почему же он не остался в доме своего отца (или матери) и не дождался там этого подарка? Клянусь Аллахом! Кто бы из вас ни присвоил то, что ему не принадлежит, тот непременно встретит Аллаха в День воскресения, неся это на себе. Я не признаю никого из вас, кто предстанет перед Аллахом, неся на себе ревущего верблюда, мычащую корову или блеющую овцу”».

Затем он поднял руки к небу так высоко, что стали видны обе его подмышки, и трижды произнёс: «О Аллах! Донёс ли я?» (Аль-Бухари: 7197; Муслим: 4738; Ахмад: 23598).