عَنْ أم سلمة: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنَّمَا أنا بَشَرٌ، وَإِنَّكُمْ تَخْتَصِمُونَ إِلَيَّ، وَلَعَلَّ بَعْضَكُمْ أَنْ يَكُونَ ألْحَنَ بِحُجّتِهِ مِنْ بَعْضٍ، فأَقْضِيَ لَهُ بِنَحْوِ مَا أسْمعُ، فَمَنْ قَضَيتُ لَهُ بِحَقِّ أخِيهِ فَإِنَّمَا أقطَعُ لَهُ قِطعةً مِنَ النَّارِ»
Үммі Сәләма (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Расында, мен де адаммын. Сендер араларыңдағы келіспеушіліктерді қара қылды қақ жарғандай етіп әділ шешіп беру үшін әрдайым менің билігіме жүгінесіңдер. Кейбіреуің қарсыласына қарағанда өз сөзін дәлелдеп, сендіре алатындай шешен болуы мүмкін. Ал мен естігендерімді таразылай отырып, соның пайдасына үкім шығарамын, сондықтан кімнің пайдасына үкім шығарып, оған бауырының ақысын алып берсем, шынтуайтында, оған тозақ отының бір бөлігін бөліп берген боламын», – деп айтты» – делінген (Бұхари: 6967; Муслим: 4473; Ахмад: 26618).
Умм Салама (да будет доволен ею Аллах) передала, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Поистине, я тоже человек. Вы постоянно обращаетесь ко мне, чтобы я беспристрастно и справедливо разрешил возникающие между вами разногласия. Однако кто-то из вас может оказаться красноречивее своего противника и убедительнее изложить свои доводы. Я же, оценивая услышанное, выношу решение в его пользу. Поэтому, если я вынесу решение в пользу кого-либо из вас и присужу ему то, что по праву принадлежит его брату, то в действительности выделю ему часть адского огня» (Аль-Бухари: 6967; Муслим: 4473; Ахмад: 26618).