عَنْ أَبِى قتادة الْحارث بْنِ ربعي، عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ: أَنَّهُ قَامَ فيهم، فَذَكَرَ لَهُمْ أَنَّ الْجِهَادَ فِى سبيلِ اللَّه، وَالإِيمَانَ بِاللَّهِ أَفْضَلُ الْأَعْمَالِ، فَقَامَ رَجُلٌ، فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَرَأَيْتَ إِنْ قُتِلْتُ فِى سبيلِ اللَّه، تُكَفَّرُ عَنّي خَطَايَايَ؟ فَقَالَ لَهُ رَسُول اللَّهِ ﷺ: «نَعَمْ، إِنْ قُتِلْتَ فِى سبيلِ اللَّهِ، وَأَنْتَ صَابرٌ مُحْتَسِبٌ، مُقْبِلٌ غَيْرُ مُدْبر» ثُمَّ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «كَيْفَ قُلْتَ؟» قَالَ: أَرَأَيْتَ إِنْ قُتِلْتُ فِى سبيلِ اللَّه، أتُكَفَّرُ عَنّي خَطَايَايَ؟ فَقَالَ لَهُ رَسُول اللَّهِ ﷺ: «نَعمْ، وَأَنْتَ صَابرٌ مُحْتَسِبٌ، مُقْبِلٌ غَيْرُ مُدْبِرٍ، إِلَّا الدَّيْنَ؛ فَإِنَّ جِبرِيلَ تَعَالَى قَالَ لِى ذَلِكَ»
Әбу Қатаданың жеткізуі бойынша (р.а.): «Бірде Расулалла ﷺ сахабаларға құтба оқып, құтбасында Алла жолындағы күрес пен Аллаға иман етудің істердің ең абзалы екенін баса айтқан еді. Сол кезде сахабалардың бірі орнынан тұрып: «Уа, Расулалла! Егер Алла жолында шейіт болсам, күнәларым кешіріле ме?» – деп сұрады. Сонда Алла елшісі: «Әрине. Егер сен барынша сабырлылық танытып, әрі сауапты Алладан ғана күтіп, бір қадам артқа шегінбей тек қана алға ұмтылып, Алла жолында қаза тапсаң, күнәларың кешіріледі», – деп жауап берді. Сәлден кейін Алла елшісі әлгі кісіден: «Сен не деп айтып едің?» – деп сұрады. Әлгі сахаба: «Егер Алла жолында шейіт болсам, күнәларым кешіріле ме?» – деп қайта сұрады. Сонда Алла елшісі: «Әрине, егер сен барынша сабырлылық танытып, әрі сауапты Алладан ғана күтіп, бір қадам артқа шегінбей тек қана алға ұмтылып, Алла жолында қаза тапсаң, қарыздарыңнан басқа барлық күнәларың кешіріледі. Бұны маған Жәбірейіл (а.с.) періште айтты», – деп қайта жауап берді» – делінген (Муслим: 4880; Ахмад: 22585).
Передают со слов Абу Катады (да будет доволен им Аллах), что однажды Посланник Аллаха ﷺ обратился к сподвижникам с проповедью, в которой особо подчеркнул, что борьба на пути Аллаха и вера в Аллаха являются наилучшими деяниями. Тогда один из сподвижников поднялся и спросил: «О Посланник Аллаха! Если я стану шахидом на пути Аллаха, будут ли прощены мои грехи?» Посланник Аллаха ﷺ ответил: «Да. Если ты проявишь предельное терпение, будешь ожидать награды только от Аллаха и, не отступая ни на шаг, устремишься лишь вперёд, а затем погибнешь на пути Аллаха, твои грехи будут прощены».
Немного спустя Посланник Аллаха ﷺ спросил того человека: «Что ты сказал?» Сподвижник повторил свой вопрос: «Если я стану шахидом на пути Аллаха, будут ли прощены мои грехи?» Тогда Посланник Аллаха ﷺ вновь ответил: «Да. Если ты проявишь предельное терпение, будешь ожидать награды только от Аллаха и, не отступая ни на шаг, устремишься лишь вперёд, а затем погибнешь на пути Аллаха, тебе будут прощены все грехи, кроме долгов. Об этом сообщил мне ангел Джибрил (мир ему)» (Муслим: 4880; Ахмад: 22585).