Хадис

Риядус-салихин, № 235

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
27. Мұсылмандардың құқығын құрметтеу, оларға жанашырлық танытып, мейірімді болу
Нөмірі
№ 235 (қазақша басылым реті)
235
Риядус-салихин, № 235Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «المُسْلِمُ أخُو الْمُسْلِمُ، لَا يَخُونُهُ، وَلَا يَكْذِبُهُ، وَلَا يَخْذُلُهُ، كُلُّ الْمُسْلِمِ عَلَى الْمُسْلِم حَرَامٌ عِرْضُهُ وَمَالهُ وَدَمُهُ، التَّقْوى هَاهُنَا، بحَسْب امْرىءٍ مِنَ الشَّرِّ أَنْ يَحْقِرَ أخَاهُ الْمُسْلِم»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Мұсылман – мұсылманның бауыры. Шынайы мұсылман – бауырына опасыздық жасамайды, оған өтірік айтып алдамайды және тарыққанда қолдаусыз қалдырмайды. Мұсылманның ар-намысы, дүние-мүлкі мен қаны өзге мұсылмандарға харам»,1 – дегеннен кейін, қолымен көкірегін нұсқап: «Міне, тақуалық мына жерде. Мұсылман үшін мұсылман бауырын өзінен төмен санап, менсінбеуден өткен жаман (қылық) жоқ», – деп айтты» – делінген (Тирмизи: 1927).

Орысша аудармасы

Передают со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Мусульманин – брат мусульманину. Истинный мусульманин не предаёт своего брата, не лжёт ему и не оставляет без поддержки в трудную минуту. Честь, имущество и кровь мусульманина неприкосновенны для других мусульман»1. Затем, указав рукой на грудь, он сказал: «Вот где богобоязненность. Нет для мусульманина худшего поступка, чем считать своего брата-мусульманина ниже себя и относиться к нему с презрением» (Ат-Тирмизи: 1927).

  1. 1Яғни, шынайы мұсылман өзге мұсылманның ар-намысын таптап, дүние-мүлкіне қол сұғып, қанын төге алмайды.
  1. 1То есть истинный мусульманин не может посягать на честь другого мусульманина, присваивать его имущество и проливать его кровь.