عَنْ أَبِى هُرَيْرَةَ قَالَ: بعثنا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِى بَعْثٍ، فَقَالَ: «إِنْ وَجَدْتُمْ فُلَانًا وَفُلَانًا» لِرَجُلَيْنِ مِنْ قُرَيْشٍ سَمَّاهُمَا «فَأَحْرِقُوهُمَا بِالْنَّارِ» ثُمَّ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ حِيْنَ أرَدْنَا الْخرُوجَ: «إِنِّى كُنْتُ أَمَرْتُكُمْ أَنْ تُحْرِقُوا فُلَانًا وفُلَانًا، وإِنَّ النَّارَ لَا يُعَذِّبُ بِهَا إِلَّا اللَّهُ، فإِنْ وَجَدْتُمُوهُمَا فاقْتُلُوهُما»
Әбу Һурайра (р.а.): Алла елшісі ﷺ бізді арнайы жасақпен жорыққа аттандырарда, құрайштық екі кісінің1 атын атап: «Егер пәленше мен түгеншені тауып, ұстап алсаңдар, екеуін де өртеңдер», – деп қатаң нұсқау берді. Кейін жорыққа шығып бара жатқанымызда: «Мен сендерге пәленше мен түгеншені өртеңдер деп бұйырған едім, алайда отпен тек Алла ғана азаптайды. Егер ол екеуін тапсаңдар, дереу өлтіріңдер», – деп бұйырды», – деген (Бұхари: 2954, Ахмад: 8068).
Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал: «Отправляя нас в поход в составе отдельного отряда, Посланник Аллаха ﷺ назвал имена двух курайшитов1 и отдал строгое распоряжение: “Если найдёте и схватите такого-то и такого-то, сожгите обоих”. Позднее, когда мы уже выступали в поход, он сказал: “Я велел вам сжечь такого-то и такого-то, однако огнём наказывает только Аллах. Если найдёте их обоих, немедленно убейте”» (Аль-Бухари: 2954; Ахмад: 8068).
Түсіндірме (қазақша)
Алла елшісі ﷺ мұндай қатаң нұсқауды мұсылмандарға қарсы өте ауыр қылмыс жасап, ауыр жазаға лайық болған құрайштық мүшріктерге қатысты берген. Ал отпен өртеп жазалауды бұйырғанына келсек, ол Алланың әмірімен уахи арқылы тағайындалған жаза емес еді, өйткені сол қатаң бұйрықтың артынша Алла елшісіне уахи түсіп, отпен жазалау бұйрығы мансұқталып, оның орнына кәдімгі өлім жазасы тағайындалған болатын, мұны хадис мәтінінен анық көруге болады.
Түсіндірме (орысша)
Посланник Аллаха ﷺ отдал столь суровое распоряжение в отношении двух курайшитских многобожников, совершивших крайне тяжкие преступления против мусульман и заслуживавших сурового наказания. Что же касается распоряжения подвергнуть их смертной казни посредством сожжения, оно не было наказанием, установленным по повелению Аллаха через откровение. Сразу после этого сурового приказа Посланнику Аллаха ﷺ было ниспослано откровение, вследствие чего наказание огнём было отменено, а вместо него назначена обычная смертная казнь, что ясно видно из текста хадиса.
- 1Мұнда мұсылмандарға қарсы ауыр қылмыс жасаған құрайштық екі мүшрік меңзелген.
- 1Имеются в виду два курайшитских многобожника, совершивших тяжкие преступления против мусульман.