Хадис

Риядус-салихин, № 1612

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
283. Тіршілік иелерін отпен азаптауға тыйым салынады
Нөмірі
№ 1612 (қазақша басылым реті)
1612
Риядус-салихин, № 1612Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ قَالَ: كنَّا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِى سَفَرٍ، فانْطَلَقَ لحَاجَتِهِ، فَرَأَيْنَا حُمَّرَةً مَعَهَا فَرْخَانِ، فَأَخَذْنَا فَرْخَيْهَا، فَجَاءَتِ الْحُمَّرَةُ فَجَعَلَتْ تَعْرِشُ فَجَاءَ النَّبِيُّ ﷺ فَقَالَ: «مَنْ فَجَعَ هَذِهِ بِوَلَدِهَا؟، رُدُّوا وَلَدَهَا إِلَيْها». ورأَى قَرْيَةَ نَمْلٍ قَدْ حَرَّقْنَاهَا، فَقَالَ: «مَنْ حَرَّقَ هَذِهِ؟» قُلْنَا: نَحْنُ قَالَ: «إِنَّهُ لَا يَنْبَغِى أَنْ يُعَذِّبَ بِالْنَّارِ إِلَّا رَبُّ النَّارِ»

Қазақша аудармасы

Ибн Масғуд (р.а.) былай деген: «Біз Алла елшісімен ﷺ бірге сапарда болған едік. Орта жолда аялдап, Пайғамбарымыз түзге отыруға кеткен кезде, біз қос балапаны бар бір торғайды көріп, оның қос балапанын ұстап алдық. Сонда әлгі торғай балапандарын құтқару үшін жан ұшырып, шырылдай бастады. Дәл сол кезде Пайғамбарымыз келіп: «Балапандарын алып қойып, мына байғұс құсты мұншалықты қайғыға қалдырған қайсың? Балапандарын өзіне қайтарыңдар!» – деді. Сонымен қатар құмырсқаның өртенген илеуін көріп: «Мынаны кім өртеді?» – деді. «Біз», – деп жауап бергенімізде, ол: «Отпен тек оттың иесі болған Алладан басқа ешкім азаптай алмайды», – деп қатаң ескерту айтты» (Әбу Дәуіт: 2675, Ахмад: 3835).

Орысша аудармасы

Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Мы находились в пути вместе с Посланником Аллаха ﷺ. Во время пути мы сделали привал, и, когда Пророк ﷺ отошёл по нужде, мы увидели воробья с двумя птенцами и забрали их. Тогда птица, пытаясь спасти своих птенцов, стала отчаянно метаться и тревожно щебетать. В этот самый момент подошёл Пророк ﷺ и спросил: “Кто из вас, забрав птенцов, причинил этой бедной птице такую боль? Верните ей птенцов!” Затем он увидел сожжённый муравейник и спросил: “Кто это сжёг?” Мы ответили: “Мы”. Тогда он строго предостерёг нас: “Никто, кроме Аллаха (Владыки огня), не вправе подвергать мучениям огнём”» (Абу Дауд: 2675; Ахмад: 3835).