Хадис

Бөтен әйелмен оңаша қалмау керектігі жайында

О запрете оставаться наедине с посторонней женщиной

Риядус-салихин, 291-тақырып · 3 хадис · № 1630–1632

Хадистер

«وَإِذَا سَأَلْتُمُوهُنَّ مَتَاعًا فاسْألُوهُنَّ مِنْ وَرَاءِ حِجابٍ» «Егер пайғамбардың жұбайларынан сұрайтын нәрселерің болса, перденің ар жағында тұрып сұраңдар» («Ахзаб», 53-аят).

«Когда же вы спрашиваете что-то у жён Пророка, то просите через завесу» (сура «Ахзаб», 33:53).

1630
Риядус-салихин, № 1630Риуаят етуші: Уқба ибн Амир (р.а.)

عَنْ عقبة بْنِ عامر أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِيَّاكُمْ وَالِدُّخُولَ عَلَى النِّسَاءِ!» فَقَالَ رَجُلٌ مِنَ الْأنْصَارِ: أفَرَأَيْتَ الْحَمْوَ؟ قَالَ: «الحَمْوُ الْمَوْتُ»

Қазақша аудармасы

Уқба ибн Амир (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ сахабаларына: «Ешбірің бөтен әйелдер отырған жерге кірмеңдер», – деп ескертті. Ансарлардың бірі: «Уа, Расулалла! Қайын ағасы немесе інілерімен оңаша қалуына қалай қарайсыз?» – деп сұрады. Сонда Расулалла оған: «Қайын ағасы немесе інілерімен оңаша қалу әйел үшін өліммен тең», – деп жауап берді», – деген (Бұхари: 5232, Муслим: 5674, Ахмад: 17347).

Орысша аудармасы

Укба ибн Амир (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ предостерёг своих сподвижников: “Пусть никто из вас не входит туда, где находятся посторонние женщины”. Один из ансаров спросил: “О Посланник Аллаха! А как быть с уединением женщины со старшим или младшим братом её мужа?” Посланник Аллаха ﷺ ответил ему: “Для женщины уединение со старшим или младшим братом мужа равносильно смерти”» (Аль-Бухари: 5232; Муслим: 5674; Ахмад: 17347).

1631
Риядус-салихин, № 1631Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

وَعَنْ ابْن عَبَّاس أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَا يَخْلُونَّ أَحَدكُمْ بامْرَأَةٍ إِلَّا مَعَ ذِى مَحْرَمٍ»

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Ешбірің жанында ет жақын туысы болмаған бөтен әйелмен оңаша қалмасын», – деген (Бұхари: 5233, Муслим: 3272, Ахмад: 1934).

Орысша аудармасы

Передаётся от Ибн Аббаса (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Пусть никто из вас не остаётся наедине с посторонней женщиной, если рядом с ней нет близкого родственника, брак с которым ей запрещён (махрама)» (Аль-Бухари: 5233; Муслим: 3272; Ахмад: 1934).

1632
Риядус-салихин, № 1632Риуаят етуші: Бурайда (р.а.)

عَنْ بُرِيدَةَ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «حُرْمَةُ نِسَاءِ الْمُجَاهِدِينَ عَلَى الْقَاعِدِينَ كَحُرْمَةِ أُمَّهَاتِهِمْ، مَا مِنْ رَجُلٍ مِنَ الْقَاعِدِيْنَ يَخْلُفُ رَجُلًا مِنَ الْمُجَاهِدِينَ فِى أَهْلِهِ، فَيَخُونُهُ فِيهِمْ إِلَّا وَقَفَ لَهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ، فَيَأْخُذُ مِنْ حَسَنَاتِهِ مَا شَاءَ حَتَّى يَرْضى» ثُمَّ التَفَتَ إِلَيْنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: «مَا ظَنُّكُمْ؟»

Қазақша аудармасы

Бурайда (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Алла жолында жорықта жүрген жауынгерлердің елде қалған әйелдері, жорыққа шықпай қалған еркектер үшін аналары сияқты харам! Жорыққа шықпай елде қалған қайсыбір еркек жорыққа аттанған жауынгердің артында қалған отбасына қарайласуды өз мойнына алып, артынша оған опасыздық жасайтын болса, қиямет күні сол жауынгердің қақ алдында тұрады, сөйтіп ол көңілі толғанға дейін оның сауаптарын алатын болады», – деді де, содан соң Алла елшісі ﷺ бізге бұрылып: Қалай ойлайсыңдар (ол оның сауаптарынан бірдеңе қалдыра ма?!)», – деп айтты, – деген (Муслим: 4908, Ахмад: 22988).

Орысша аудармасы

Бурайда (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Жёны воинов, находящихся в походе на пути Аллаха, запретны для мужчин, оставшихся дома и не отправившихся в поход, так же, как их собственные матери! Если какой-либо мужчина из оставшихся дома возьмёт на себя заботу о семье воина, отправившегося в поход, а затем предаст его, то в День воскресения он предстанет перед этим воином, и тот будет забирать его благие дела до тех пор, пока не останется доволен». Затем Посланник Аллаха ﷺ повернулся к нам и сказал: «Как вы думаете (оставит ли он хоть что-нибудь из его благих дел?!)» (Муслим: 4908; Ахмад: 22988).