عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «كُتِبَ عَلَى ابْن آدَمَ نَصِيبُهُ مِنَ الزِّنَا مُدْرِكُ ذَلِكَ لَا مَحَالَةَ: الْعَيْنَانِ زِنَاهُمَا النَّظَرُ، وَالْأُذُنَانِ زِنَاهُمَا الاسْتِمَاعُ، وَاللِّسَانُ زِناهُ الْكَلَامُ، وَاليَدُ زِنَاهَا الْبَطْشُ، وَالرِّجْلُ زِنَاهَا الْخُطَا، والقَلْبُ يَهْوَى وَيَتَمَنَّى، وَيُصَدِّقُ ذَلِكَ الْفَرْجُ أَوْ يُكَذِّبُهُ»
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Адам баласының пешенесіне зинадан нәсібі әуелден жазылып қойған, сол нәсібін міндетті түрде алады: Көздің зинасы – назар салып қарау, құлақтың зинасы – құлақ салып тыңдау, тілдің зинасы – (арсыз) сөйлеу, қолдың зинасы – ұстау және аяқтың зинасы (зина жасау ниетімен) жүру. Ал жүрекке келсек, ол соны қалайды әрі аңсайды. Алайда жыныстық мүше оның қалауын растап, жүзеге асырады, не болмаса жоққа шығарады», – деп айтты» – делінген. (Бұхари, 9; Мүслим, 20).
Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Человеку изначально предписана его доля прелюбодеяния, которую он непременно получит: прелюбодеяние глаз – пристальный взгляд, прелюбодеяние ушей – внимательное слушание, прелюбодеяние языка – (непристойная) речь, прелюбодеяние руки – прикосновение, а прелюбодеяние ног – ходьба (с намерением совершить прелюбодеяние). Что касается сердца, то оно желает этого и жаждет. Однако половой орган либо подтверждает это желание и осуществляет его, либо отвергает» (Аль-Бухари: 9; Муслим: 20).
Түсіндірме (қазақша)
Қасиетті Құран Кәрімде: «Зинаға мүлдем жақындаушы болмаңдар»,1 – деп айту арқылы тікелей зина жасауға ғана емес, тіпті оған апаратын жолдардың бәріне де қатаң тыйым салынады. Яғни, хадисте айтылған көзбен қарау, құлақпен тыңдау арқылы және т.б. дене мүшелерінің әртүрлі жолдармен зина жасауы тура мағынадағы нағыз зинаның алғышарттары саналады, сондықтан адам баласы бойындағы бар күш-жігерін жұмсап, ауыр күнәлардың бірі болған зинадан жыныстық мүшесін ғана емес, бүкіл бой-басын, тіпті ойын да тыя білуі керек. Ондай адам нәтижеде кей адамдар қырық жыл құлшылық қылып қана жететін жоғары дәрежеге нәпсіқұмарлығын тізгіндеу, сонымен қатар өзіне парыз етілген құлшылықтарды орындау арқылы аз ғана уақыттың ішінде жетуі мүмкін.
Түсіндірме (орысша)
В Священном Коране словами «Ни в коем случае не приближайтесь к прелюбодеянию»1 налагается строгий запрет не только на непосредственное совершение прелюбодеяния, но и на все пути, ведущие к нему. Иными словами, упомянутые в хадисе прелюбодеяния различных частей тела – посредством взгляда, слушания и прочего – являются предпосылками настоящего прелюбодеяния в прямом смысле этого слова. Поэтому человек должен приложить все свои силы, чтобы уберечь от прелюбодеяния – одного из тяжких грехов – не только половые органы, но и всё своё естество, даже свои мысли. Обуздывая плотские страсти и совершая предписанные ему обязательные виды поклонения, такой человек может за совсем короткое время достичь высокой степени, которой некоторые достигают лишь после сорока лет поклонения.
- 1«Исра» сүресі, 32-аят
- 1Сура «Исра», 17:32.