Хадис

Риядус-салихин, № 1628

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
290. Харамға қарамау
Нөмірі
№ 1628 (қазақша басылым реті)
1628
Риядус-салихин, № 1628Риуаят етуші: Үммі Сәләма (р.а.)

عَنْ أُم سَلَمَة، قَالَتْ: كنتُ عِنْدَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وعندهُ مَيْمُونَة، فَأقْبَلَ ابنُ أُمِّ مَكْتُومٍ، وَذَلِكَ بَعْدَ أَنْ أُمِرْنَا بِالحِجَابِ فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «احْتَجِبَا مِنْهُ» فَقُلْنَا: يَا رَسُولَ اللَّهِ، ألَيْسَ هُوَ أعْمَى! لَا يُبْصِرُنَا، وَلَا يَعْرِفُنَا؟ فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «أفَعَمْيَاوَانِ أنتُما أَلَسْتُمَا تُبْصِرَانِهِ!؟»

Қазақша аудармасы

Үммі Сәләма анамыз (р.а.): «Бұл жағдай балиғат жасына жеткен әйел затына оранып, қымтанып жүру керектігі туралы Алланың әмірі түскеннен кейін орын алған болатын. Бірде Мәймуна (р.а.) екеуіміз Алла елшісінің ﷺ жанында отыр едік. Бір кезде Ибн Үммі Мәктум келді. Ол үйге кіріп келгенде, Пайғамбарымыз бізге: «Жаулықтарыңды жамылыңдар», – деп бұйырды. Біз: «Уа, Расулалла! Ол зағип емес пе? Бізді көрмейді әрі тани алмайды ғой», – дедік. Сол кезде ол бізге: «Ол зағип болса, сендер де зағипсыңдар ма? Сонда сендер де оны көрмейсіңдер ме?» – деп айтты», – деген (Әбу Дәуіт: 4112, Тирмизи: 2779, Ахмад: 26537).

Орысша аудармасы

Мать правоверных Умм Салама (да будет доволен ею Аллах) рассказывала: «Это произошло после того, как было ниспослано повеление Аллаха, обязывающее женщин, достигших половой зрелости, покрываться и скрывать своё тело. Однажды мы с Маймуной (да будет доволен ею Аллах) сидели возле Посланника Аллаха ﷺ. В это время пришёл Ибн Умм Мактум. Когда он вошёл в дом, Пророк ﷺ велел нам: “Накиньте свои покрывала”. Мы сказали: “О Посланник Аллаха! Разве он не слеп? Он ведь не видит и не может узнать нас”. Тогда он сказал нам: “Если он слеп, то неужели и вы слепы? Разве вы его не видите?”» (Абу Дауд: 4112; Ат-Тирмизи: 2779; Ахмад: 26537).

Түсіндірме (қазақша)

Бұл хадисте Пайғамбарымыз ﷺ зағип адам келгенде жұбайларына жаулықтарын жамылуды басқа әйелдерге қарағанда олардың дәрежесінің жоғары болғандығынан бұйырған еді. Ал өзге әйелдерге келсек, оларға зағип адамның алдында жамылу шарт емес.

Түсіндірме (орысша)

В этом хадисе Пророк ﷺ велел своим супругам накинуть покрывала при появлении слепого мужчины, поскольку их положение было выше положения остальных женщин. Что касается других женщин, то им необязательно покрываться перед слепым мужчиной.