عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ جعفر أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ أمْهَلَ آلَ جَعْفَر ثَلَاثًا ثُمَّ أتَاهُمْ فَقَالَ: «لَا تَبْكُوا عَلَى أخِى بَعْدَ الْيَوْمِ» ثُمَّ قَالَ: «ادْعُوا لِى بَنِى أَخِى» فَجِيءَ بِنَا كَأَنَّنَا أفْرُخٌ فَقَالَ: «ادْعُوا لِى الْحَلاَّقَ» فَأمرَهُ، فَحَلَقَ رُؤُوسَنَا
Қазақша аудармасы
Абдуллаһ ибн Жағфар (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ Жағфар ибн Әбу Тәліптің әулетіне (Жағфардың өліміне байланысты) үш күн аза тұтуға мұрсат берді. Содан кейін оларға барып: «Бүгіннен кейін бауырым Жағфарды жоқтап жылушы болмаңдар», – деді. Сосын: «Маған бауырымның балаларын шақырыңдар», – деп, бізді құзырына шақырды. Сонда бізді құдды балапандар сияқты тізіп алып келді. Содан Пайғамбарымыз: «Маған шаштаразды шақырыңдар», – деді. Шаштараз келгенде оған шашымызды тақырлап алуды бұйырды, сөйтіп ол шашымызды тақырлап алып тастады», – деген (Әбу Дәуіт: 4192, Ахмад: 1750).
Орысша аудармасы
Абдуллах ибн Джафар (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Пророк ﷺ предоставил семье Джафара ибн Абу Талиба три дня для соблюдения траура (в связи со смертью Джафара). Затем он пришёл к ним и сказал: “После сегодняшнего дня больше не оплакивайте моего брата Джафара”. После этого он велел: “Позовите ко мне детей моего брата”, – и нас привели к нему, выстроив в ряд, словно птенцов. Затем Пророк ﷺ сказал: “Позовите ко мне цирюльника”. Когда тот пришёл, Пророк ﷺ велел ему обрить нам головы налысо, что он и сделал» (Абу Дауд: 4192; Ахмад: 1750).