Хадис

Шаш жалғау, денеге сурет салу және тіс егеудің харамдығы жайында

О запрете наращивания волос, нанесения татуировок и подпиливания зубов

Риядус-салихин, 296-тақырып · 4 хадис · № 1644–1647

Хадистер

«إِنْ يَدْعُونَ مِنْ دُونِهِ إِلا إِنَاثًا وَإِنْ يَدْعُونَ إِلا شَيْطَانًا مَرِيدًا لَعَنَهُ اللَّهُ وَقَالَ لأَتَّخِذَنَّ مِنْ عِبَادِكَ نَصِيبًا مَفْرُوضًا وَلأُضِلَّنَّهُمْ وَلأُمَنِّيَنَّهُمْ وَلآمُرَنَّهُمْ فَلَيُبَتِّكُنَّ آذَانَ الْأَنْعَامِ وَلآمُرَنَّهُمْ فَلَيُغَيِّرُنَّ خَلْقَ اللَّهِ» «Олар Алланы былай қалдырып, әйел атауларымен аталатын бірқатар меңіреу пұттарға жалбарынып, сиынады. Сөйтіп, олар қасарыспа шайтанға жалбарынып, сиынған болады. Сол шайтанға Алланың лағынеті жаусын! Кезінде ол Аллаға: «Ант етемін! Сенің құлдарыңнан өзіме тиесілі үлесімді алмай қоймаймын. «Ант етемін! Оларды адастырамын һәм оларды жеткізбейтін желік үмітпен алдаймын. Әрі олар менің бұйыруыммен малдардың құлағын кесіп, ен салатын әрі Алланың жаратқанын өзгертетін болады», – деп ант-су ішті» (Ниса сүресі, 117-119-аят).

«Они оставляют Аллаха и молятся, взывая к глухим идолам, наречённым женскими именами. Так они поклоняются мятежному шайтану. Да будет проклят он Аллахом! Ведь некогда сказал он: “Клянусь! Я непременно возьму из Твоих рабов долю мне положенную!” “Клянусь! Я непременно собью их с верного пути и обманом заставлю стремиться к невозможному. И будут они обрезывать уши скотины по моему велению, и будут они изменять творения Аллаха по моему приказу”» (сура «Ниса», 4:117⁠–⁠119).

1644
Риядус-салихин, № 1644Риуаят етуші: Әсма (р.а.)

عَنْ أسماءَ أَنَّ امْرَأَةً سَأَلَتِ النَّبِيَّ ﷺ فَقَالَتْ: يَا رَسُولَ اللَّهِ إِنَّ ابْنَتِى أَصَابَتْهَا الْحَصْبَةُ، فَتَمَرَّقَ شَعْرُهَا، وإِنِّى زَوَّجْتُهَا، أفَأَصِلُ فِيهِ؟ فَقَالَ: «لَعَنَ اللَّهُ الْوَاصِلَةَ وَالْمَوْصُولَةَ»

Қазақша аудармасы

Әсмә (р.а.): «Бірде әлдебір әйел Пайғамбарымызға ﷺ келіп: «Уа, Расулалла! Қызым ойламаған жерде қызылша ауыруына шалдығып, шашы жидіп түсе бастады. Оның үстіне, оны жақында ғана ұзатқан едім. Қызыма басқа біреудің шашын жалғауыма бола ма?» – деп сұрады. Сонда Алла елшісі ﷺ: «Алла шаш жалғаушыға да, жалғатқанға да лағынет айтқан», – деді», – деген (Бұхари: 5941, Муслим: 5565, Ахмад: 26979).

Орысша аудармасы

Асма (да будет доволен ею Аллах) рассказала: «Однажды к Пророку ﷺ пришла женщина и спросила: “О Посланник Аллаха! Моя дочь неожиданно заболела корью, и у неё начали выпадать волосы. К тому же я совсем недавно выдала её замуж. Могу ли я присоединить к её волосам чужие волосы?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Аллах проклял и ту, которая наращивает волосы, и ту, которой их наращивают”» (Аль-Бухари: 5941; Муслим: 5565; Ахмад: 26979).

1645
Риядус-салихин, № 1645

عَنْ حُميدِ بْنِ عبد الرحْمانِ أَنَّهُ سَمِعَ مُعَاوِيَةَ عامَ حَجَّ على الْمِنْبَرِ وَتَنَاوَلَ قُصَّةً مِنْ شَعْرٍ كَانَتْ فِى يَدِ حَرَسِيٍّ فَقَالَ: يَا أَهْلَ الْمَدِينَةِ أيْنَ عُلَمَاؤُكُمْ؟! سَمِعتُ النَّبِيَّ ﷺ يَنْهَى عَنْ مِثْلِ هَذِهِ، ويقُولُ: «إِنَّمَا هَلَكَتْ بَنُوإِسْرَائِيلَ حينَ اتَّخَذَهَا نِسَاؤُهُمْ»

Қазақша аудармасы

Хумәйд ибн Абдуррахман (р.а.): «Мұсылмандардың әміршісі Муғауия (р.а.) ақырғы рет қажылық жасаған кезінде мінберге шығып, қасындағы қорғаушыларының бірінің қолынан бір уыс шашты алып: «Уа, мәдиналықтар! (Сендерді жақсылыққа үндеп, жамандықтан тыятын) ғалымдарың кәне? Мен Пайғамбарымыздың ﷺ мына (жасанды шаш) секілді нәрселерге қатысты: «Расында, Исрайылұлдарының түбіне жеткен күнә істердің бірі – олардың әйелдерінің мынаны (жасанды шашты) қолданғандары болатын», – деп ескерткенін естіген едім», – деп айтты», – деген (Бұхари: 3468, Муслим: 5578, Ахмад: 16891).

Орысша аудармасы

Хумайд ибн Абдуррахман (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Во время своего последнего хаджа повелитель мусульман Муавия (да будет доволен им Аллах) поднялся на минбар, взял из рук одного из находившихся рядом стражников пучок волос и сказал: “О жители Медины! Где ваши учёные (призывающие вас к благому и удерживающие от дурного)? Я слышал, как Пророк ﷺ предостерегал от подобных вещей (искусственных волос), говоря: ‘Поистине, одним из грехов, погубивших сынов Исраиля, было то, что их женщины пользовались этим (искусственными волосами)’”» (Аль-Бухари: 3468; Муслим: 5578; Ахмад: 16891).

1646
Риядус-салихин, № 1646Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ أَنَّ رسُولَ اللَّه ﷺ لَعَنَ الْوَاصِلَةَ والمُسْتَوْصِلَةَ، والوَاشِمَةَ والمُسْتَوشِمَةَ

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Алла елшісі ﷺ шаш жалғаушыға да, жалғатқанға да, денеге сурет салушыға да, денесіне сурет салдырғанға да лағынет айтқан», – деп айтты (Бұхари: 5937, Муслим: 5571, Ахмад: 4724).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ проклял и женщину, наращивающую волосы, и ту, которой их наращивают, а также женщину, наносящую татуировки, и ту, которой их наносят (Аль-Бухари: 5937; Муслим: 5571; Ахмад: 4724).

1647
Риядус-салихин, № 1647Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ قَالَ: لَعَنَ اللَّهُ الْوَاشِمَاتِ والمُسْتَوشِمَاتِ وَالْمُتَنَمِّصَاتِ، والمُتَفَلِّجَاتِ لِلْحُسْنِ، الْمُغَيِّرَاتِ خَلْقَ اللَّه، فَقَالَتْ لَهُ امْرَأَةٌ فِى ذَلِكَ فَقَالَ: وَمَا لِى لَا ألْعَنُ مَنْ لَعَنَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، وَهُوَ فِى كِتَابِ اللَّهِ؟ قَالَ اللَّهُ تَعَالَى: «وَمَا آتَاكُمُ الرَّسُولُ فَخُذُوهُ وَمَا نَهَاكُمْ عَنْهُ فَانْتَهُوا» سورة الْحشر: 7

Қазақша аудармасы

Ибн Масғуд (р.а.): «Денеге сурет салумен айналысатын әйелдер мен денелеріне сурет салғызған әйелдерді, қасын жұлдырған әйелдерді, алдыңғы тістерінің арасын егету арқылы аштырған әйелдерді,1 сөйтіп Алла жаратқан табиғи қалпын бұзып, өзгерткен әйелдерді Алла лағынеттеді», – деді. Сонда бір әйел Ибн Масғудты (р.а.) неге олай айтасың деп жазғырады. Сол кезде Ибн Масғуд (р.а.) оған: «Алланың елшісі ﷺ лағынет айтқан адамдарға мен неге лағынет айтпаймын? Оның үстіне бұл Алланың кітабында да бар, Алла Тағала былай деген: «Алланың елшісі (діни үкім ретінде) сендерге не әкелсе, соны қабыл алып, бұлжытпай ұстаныңдар, сондай-ақ сендерді не нәрседен тыйса, содан тыйылыңдар! Аллаға қарсы келуден сақтаныңдар. Расында Алланың жазасы тым ауыр!2» – деп айтады (Бұхари: 4886, Муслим: 5573, Ахмад: 4129).

Орысша аудармасы

Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) сказал: «Аллах проклял женщин, наносящих татуировки, и женщин, которым их наносят, женщин, которым выщипывают брови, а также женщин, которые посредством подпиливания увеличивают расстояние между передними зубами1. Тем самым они искажают и изменяют естественный облик, сотворённый Аллахом». Тогда одна женщина стала укорять Ибн Масуда (да будет доволен им Аллах), спрашивая, почему он так говорит. Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) ответил ей: «Почему же мне не проклинать тех, кого проклял Посланник Аллаха ﷺ? К тому же об этом сказано и в Книге Аллаха. Аллах Всевышний сказал: “Принимайте и неукоснительно соблюдайте всё, что принёс вам Посланник Аллаха (в качестве религиозного предписания), и сторонитесь всего, что он вам запретил! Остерегайтесь ослушания Аллаха. Поистине, Аллах суров в наказании!2”» (Аль-Бухари: 4886; Муслим: 5573; Ахмад: 4129).

  1. 1Баяғы заманда жасы үлкен әйелдер жас көріну үшін және сән үшін солай істейтін болған.
  2. 2Хашр сүресі, 7-аят
  1. 1В старину пожилые женщины делали это ради красоты и для того, чтобы выглядеть моложе.
  2. 2Сура «Хашр», 59:7.