Хадис

Шаш пен сақалға түскен ақты жұлмау жайында

О том, что не следует выщипывать седые волосы на голове и в бороде

Риядус-салихин, 297-тақырып · 2 хадис · № 1648–1649

Хадистер

1648
Риядус-салихин, № 1648Риуаят етуші: Амр ибн Шұғайыб әкесі арқылы атасынан

عَنْ عَمْرُو بْنِ شعيب، عَنْ أبيهِ، عَنْ جَدِّهِ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَا تَنْتِفُوا الشَّيْبَ؛ فَإِنَّهُ نُورُ الْمُسْلِمِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ»

Қазақша аудармасы

Амр ибн Шұғайб әкесінен, ал әкесі өз әкесінен (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Шаш пен сақалға түскен ақты жұлмаңдар, өйткені қиямет күні ағарған шаш пен сақал мұсылманның нұры болады», – деп айтты», – деген (Әбу Дәуіт: 4202, Тирмизи: 2822, Нәсәй: 5083, Ахмад: 6672).

Орысша аудармасы

Амр ибн Шуайб передал со слов своего отца, а тот – со слов своего деда (да будет доволен им Аллах), что Пророк ﷺ сказал: «Не выщипывайте седые волосы на голове и в бороде, ведь в День воскресения они станут светом мусульманина» (Абу Дауд: 4202; Ат-Тирмизи: 2822; Ан-Насаи: 5083; Ахмад: 6672).

1649
Риядус-салихин, № 1649Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ عَمِلَ عَمَلًا لَيْسَ علَيْهِ أمْرُنَا فَهُوَ رَدٌّ»

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім біздің дініміздің негізінде болмаған қандай да бір іс істейтін болса, ол қабылданбайды», – деген (Муслим: 4492, Ахмад: 25128).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) передала, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Кто совершит какое-либо деяние, не основанное на нашей религии, у того оно не будет принято» (Муслим: 4492; Ахмад: 25128).