عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ قَالَ: لَعَنَ اللَّهُ الْوَاشِمَاتِ والمُسْتَوشِمَاتِ وَالْمُتَنَمِّصَاتِ، والمُتَفَلِّجَاتِ لِلْحُسْنِ، الْمُغَيِّرَاتِ خَلْقَ اللَّه، فَقَالَتْ لَهُ امْرَأَةٌ فِى ذَلِكَ فَقَالَ: وَمَا لِى لَا ألْعَنُ مَنْ لَعَنَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، وَهُوَ فِى كِتَابِ اللَّهِ؟ قَالَ اللَّهُ تَعَالَى: «وَمَا آتَاكُمُ الرَّسُولُ فَخُذُوهُ وَمَا نَهَاكُمْ عَنْهُ فَانْتَهُوا» سورة الْحشر: 7
Ибн Масғуд (р.а.): «Денеге сурет салумен айналысатын әйелдер мен денелеріне сурет салғызған әйелдерді, қасын жұлдырған әйелдерді, алдыңғы тістерінің арасын егету арқылы аштырған әйелдерді,1 сөйтіп Алла жаратқан табиғи қалпын бұзып, өзгерткен әйелдерді Алла лағынеттеді», – деді. Сонда бір әйел Ибн Масғудты (р.а.) неге олай айтасың деп жазғырады. Сол кезде Ибн Масғуд (р.а.) оған: «Алланың елшісі ﷺ лағынет айтқан адамдарға мен неге лағынет айтпаймын? Оның үстіне бұл Алланың кітабында да бар, Алла Тағала былай деген: «Алланың елшісі (діни үкім ретінде) сендерге не әкелсе, соны қабыл алып, бұлжытпай ұстаныңдар, сондай-ақ сендерді не нәрседен тыйса, содан тыйылыңдар! Аллаға қарсы келуден сақтаныңдар. Расында Алланың жазасы тым ауыр!2» – деп айтады (Бұхари: 4886, Муслим: 5573, Ахмад: 4129).
Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) сказал: «Аллах проклял женщин, наносящих татуировки, и женщин, которым их наносят, женщин, которым выщипывают брови, а также женщин, которые посредством подпиливания увеличивают расстояние между передними зубами1. Тем самым они искажают и изменяют естественный облик, сотворённый Аллахом». Тогда одна женщина стала укорять Ибн Масуда (да будет доволен им Аллах), спрашивая, почему он так говорит. Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) ответил ей: «Почему же мне не проклинать тех, кого проклял Посланник Аллаха ﷺ? К тому же об этом сказано и в Книге Аллаха. Аллах Всевышний сказал: “Принимайте и неукоснительно соблюдайте всё, что принёс вам Посланник Аллаха (в качестве религиозного предписания), и сторонитесь всего, что он вам запретил! Остерегайтесь ослушания Аллаха. Поистине, Аллах суров в наказании!2”» (Аль-Бухари: 4886; Муслим: 5573; Ахмад: 4129).