Хадис

Сыңар аяқ киім немесе сыңар мәсімен жүру мәкруһ

О нежелательности ходить в одной сандалии или одном кожаном носке

Риядус-салихин, 299-тақырып · 3 хадис · № 1651–1653

Хадистер

1651
Риядус-салихин, № 1651Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رسُولَ اللَّه ﷺ قَالَ: «لَا يَمشِ أَحَدُكُمْ فِى نَعْلٍ وَاحِدَةٍ، لِيَنْعَلْهُمَا جَمِيعًا، أَوْ لِيَخْلَعْهُمَا جَمِيعًا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Ешбірің сыңар аяқ киіммен жүрмеңдер. Киетін адам аяқ киімінің екеуін бірдей кисін, не болмаса екеуін де шешіп тастасын!» – деген (Бұхари: 5855, Муслим: 5440).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Пусть никто из вас не ходит обутым лишь на одну ногу. Пусть либо надевает обувь на обе ноги, либо снимает её с обеих!» (Аль-Бухари: 5855; Муслим: 5440).

1652
Риядус-салихин, № 1652Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ، قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِذا انْقَطَعَ شِسْعُ نَعْلِ أَحَدِكمْ، فَلَا يَمْشِ فِى الْأُخْرَى حَتَّى يُصْلِحَهَا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Қайсыбіріңнің аяқ киімінің бауы үзіліп қалса, үзілген жерін жалғап алмайынша, сыңар аяқ киіммен жүрмесін», – деп айтқанын естідім», – деген (Муслим: 5497, Ахмад: 7447).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Если у кого-нибудь из вас порвётся ремешок обуви, пусть он не ходит обутым лишь на одну ногу, пока не починит порванный ремешок”» (Муслим: 5497; Ахмад: 7447).

1653
Риядус-салихин, № 1653Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِر أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ نَهَى أَنْ يَنْتَعِلَ الرَّجُلُ قَائِمًا

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ түрегеп тұрып аяқ киім киюге тыйым салған», – делінген (Әбу Дәуіт: 4135).

Орысша аудармасы

Джабир (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ запрещал обуваться стоя (Абу Дауд: 4135).