Хадис

Ұйықтар алдында өртке себеп болатын шам-шырақ және т.с.с. нәрселерді өшіріп жату керектігі жайында

О необходимости перед сном гасить светильники и иные источники огня, способные вызвать пожар

Риядус-салихин, 300-тақырып · 3 хадис · № 1654–1656

Хадистер

1654
Риядус-салихин, № 1654Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ، عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «لَا تَتْرُكُوا النَّارَ فِى بُيُوتِكُمْ حِينَ تَنَامُونَ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Ұйқыға жатарда үйлеріңде жанып тұрған от қалдырмаңдар», – деп айтқан (Бұхари: 6293, Муслим: 5257, Ахмад: 4515).

Орысша аудармасы

Передаётся от Ибн Умара (да будет доволен им Аллах), что Пророк ﷺ сказал: «Не оставляйте в своих домах непогашенный огонь, когда ложитесь спать» (Аль-Бухари: 6293; Муслим: 5257; Ахмад: 4515).

1655
Риядус-салихин, № 1655Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِى مُوسَى الْأشعرِى قَالَ: احْتَرَقَ بَيْتٌ بِالْمَدِينَةِ عَلَى أَهْلِهِ مِنَ اللَّيْلِ، فَلَمَّا حُدِّثَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِشَأنِهِم، قَالَ: «إِنَّ هَذِهِ النَّارَ عَدُوٌّ لَكُمْ، فَإِذَا نِمْتُمْ، فَأطْفِئُوهَا»

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса әл-Әшғари (р.а.): «Бір түні Мәдинада бір үй өртеніп, ішінде қалып қойған үй иелері түгелдей жанып кетеді. Бұл қайғылы оқиға жайлы хабар Алла елшісіне ﷺ жеткенде: «От – сендер үшін тілсіз жау, сондықтан ұйқыға жатарда оны өшіруді ұмытпаңдар», – деп айтты», – деген (Бұхари: 6294, Муслим: 5258).

Орысша аудармасы

Абу Муса аль-Ашари (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды ночью в Медине загорелся дом, и все оказавшиеся внутри его обитатели погибли в огне. Когда весть об этой трагедии дошла до Посланника Аллаха ﷺ, он сказал: “Огонь – ваш безмолвный враг, поэтому, ложась спать, не забывайте гасить его”» (Аль-Бухари: 6294; Муслим: 5258).

1656
Риядус-салихин, № 1656Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِر عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «غَطُّوا الْإِنَاءَ، وَأَوْكِئُوا السِّقَاءَ، وَأَغْلِقُوا الْأَبْوَابَ. وَأطْفِئُوا السِّرَاجَ، فَإِنَّ الشَّيْطَانَ لَا يَحُلُّ سِقَاءً، وَلَا يَفْتَحُ بَابًا، وَلَا يَكْشِفُ إِنَاءً. فإِنْ لَمْ يَجِدْ أَحَدُكُمْ إِلَّا أَنْ يَعْرُضَ عَلَى إِنَائِهِ عُودًا، وَيَذْكُرَ اسْمَ اللَّهِ، فَلْيَفْعَل، فَإِنَّ الْفُوَيْسِقَةَ تُضْرِمُ عَلَى أَهْلِ الْبَيْتِ بَيْتَهُمْ»

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Ыдыстардың бетін жабыңдар, торсықтардың аузын байлаңдар, есіктерді жауып бекітіңдер және шам-шырақтарды сөндіріңдер. Өйткені шайтан аузы байланған торсықты шеше алмайды, есікті аша алмайды, жабық тұрған ыдыстың бетін аша алмайды. Қайсыбірің ыдыстың бетін жабатын еш нәрсе таппаса, Алланың атын атап (бісмілләсін айтып), бір тал шыбық болса да кесе-көлденең қойып қойсын. (Ұйықтар алдында өртке себеп болатын нәрселерге мән беріңдер) өйткені тышқан атаулы (жанып тұрған шырақты құлату арқылы) бүкіл үйді үй ішімен қосып өртеп жіберуі мүмкін», – деп айтқан (Муслим: 5246, Ахмад: 14829).

Орысша аудармасы

Джабир (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Накрывайте сосуды, завязывайте горловины бурдюков, закрывайте и запирайте двери и гасите светильники. Поистине, шайтан не может развязать завязанный бурдюк, открыть запертую дверь или снять крышку с накрытого сосуда. Если же кто-нибудь из вас не найдёт ничего, чем можно было бы накрыть сосуд, пусть помянет имя Аллаха (произнесёт “бисмиллях”) и положит на него поперёк хотя бы один прутик. (Перед сном обращайте внимание на всё, что может привести к пожару.) Ведь мышь (опрокинув горящий светильник) может сжечь весь дом вместе с его обитателями» (Муслим: 5246; Ахмад: 14829).