Хадис

Іс пен сөзде пайдасыз нәрселерді өзіне жүктемеу

О том, что не следует обременять себя бесполезными делами и словами

Риядус-салихин, 301-тақырып · 2 хадис · № 1657–1658

Хадистер

«قُلْ مَا أَسْأَلُكُمْ عَلَيْهِ مِنْ أَجْرٍ وَمَا أَنَا مِنَ الْمُتَكَلِّفِينَ» «Оларға: «Мен ақиқатты жеткізгенім үшін сендерден ешқандай да ақы сұрамаймын, әрі мен жасандылыққа бой алдырушылардан емеспін»» («Сад», 86-аят).

«Скажи: “Я не прошу у вас никакой награды, и я не из тех, кто прибегает к притворству”» (сура «Сад», 38:86).

1657
Риядус-салихин, № 1657Риуаят етуші: Омар (р.а.)

عَنْ عمر قَالَ: نُهِينَا عَنِ التَّكَلُّفِ

Қазақша аудармасы

Омар (р.а.): «Бізге (пайдасыз, яки артық іс істеп немесе түкке тұрғысыз сөз айтып, яки жөнсіз сұрақтар қойып) тыраштануға немесе жасандылық танытуға тыйым салынған», – деген (Бұхари: 7293).

Орысша аудармасы

Умар (да будет доволен им Аллах) сказал: «Нам было запрещено чрезмерно утруждать себя и вести себя неестественно (совершая бесполезные или лишние дела, произнося пустые слова либо задавая неуместные вопросы)» (Аль-Бухари: 7293).

1658
Риядус-салихин, № 1658

عَنْ مسروقٍ، قَالَ: دَخَلْنَا على عَبْدِ اللَّهِ ِ بْنِ مَسعُودٍ فَقَالَ: يَا أَيُّهَا النَّاسُ، مَنْ عَلِمَ شَيْئًا فَلْيَقُلْ بِهِ، وَمَنْ لَمْ يَعْلَمْ، فَلْيَقُلْ: اللَّهُ أَعْلَمُ، فَإِنَّ مِنَ الْعِلْمِ أَنْ يَقُولَ لِمَا لَا يَعْلَمُ: اللَّهُ أَعْلَمُ. قَالَ اللَّهُ تَعَالَى لِنَبِيِّهِ ﷺ: «قُلْ مَا أَسْأَلُكُمْ عَلَيْهِ مِنْ أَجْرٍ وَمَا أَنَا مِنَ الْمُتَكَلِّفِينَ»

Қазақша аудармасы

Масруқ (р.а.): «Бірде Абдуллаһ ибн Масғудқа (р.а.) жолыққанымызда, бізге: «Уа, жарандар! Кімде-кім бір нәрсені толық білсе, білгенін айтсын. Ал білмеген адам: «Алла біледі», – десін, өйткені білмейтін мәселеге қатысты «Алла біледі» деп айту», – білімдарлықтың белгісі. Алла Тағала Пайғамбарына ﷺ адамдарға: «Мен тура жолға шақырып, ақиқатты жеткізгенім үшін сендерден ақы сұрамаймын. Сондай-ақ мен жасандылыққа бой алдырушылардан емеспін» деп айт», – деген болатын», – деді (Бұхари: 4809).

Орысша аудармасы

Масрук (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды мы пришли к Абдуллаху ибн Масуду (да будет доволен им Аллах), и он сказал нам: “О люди! Кто достоверно знает что-либо, пусть говорит то, что знает. А кто не знает, пусть скажет: ‘Аллах знает лучше’, ведь сказать ‘Аллах знает лучше’ о том, чего не знаешь, – признак знания. Аллах Всевышний велел Своему Пророку ﷺ сказать людям: ‘Я не прошу у вас никакой платы за то, что призываю вас к прямому пути и доношу до вас истину. И я не из тех, кто ведёт себя неестественно’ (Коран, 38:86)”» (Аль-Бухари: 4809).