Хадис

Қайтыс болған адамды асыра жоқтап, қатты өкіріп жылауға және қайғырғанда жағымсыз сөздер айтып, ерсі істер істеуге болмайтындығы жайында

О запрете чрезмерно оплакивать умершего, громко рыдать, а также произносить неподобающие слова и совершать предосудительные поступки во время скорби

Риядус-салихин, 302-тақырып · 11 хадис · № 1659–1669

Хадистер

1659
Риядус-салихин, № 1659Риуаят етуші: Омар (р.а.)

عَنْ عمر بْنِ الْخطاب قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «المَيِّتُ يُعَذَّبُ فِى قَبْرِهِ بِمَا نِيحَ عَلَيْهِ» وفي رواية: «مَا نِيحَ عَلَيْهِ»

Қазақша аудармасы

Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ: «Өлген адам (жақындарының) асыра жоқтау айтып, қатты дауыс шығарып жылағаны себепті азап тартады», – деп айтты», – деген. Басқа бір риуаятта: «Өлген адамға асыра жоқтау айтып, қатты дауыс шығарып жылау қанша уақыт жалғасса, (ол сонша уақыт азап тартады)», – деп айтылған. (Бұхари: 1292, Муслим: 2142).

Орысша аудармасы

Умар ибн аль-Хаттаб (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Умерший подвергается мучениям в своей могиле из-за того, что (его близкие) чрезмерно оплакивают его и громко рыдают». В другой версии говорится: «Сколько времени продолжаются чрезмерные причитания и громкий плач по умершему – (столько же времени он подвергается мучениям)» (Аль-Бухари: 1292; Муслим: 2142).

1660
Риядус-салихин, № 1660Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَيْسَ مِنَّا مَنْ ضَرَبَ الْخُدُودَ، وَشَقَّ الْجُيُوبَ، وَدَعَا بِدَعْوَى الْجَاهِلِيَّةِ»

Қазақша аудармасы

Ибн Масғуд (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Жақыны қайтыс болып, басына қайғының қара бұлты үйірілгенде, бетін тырнап, жағасын жыртып, жаһилият дәуіріндегі әдет бойынша (өлімге, тағдырға, тіпті Жаратушыға дейін тіл тигізе) жоқтау айтқан адам – бізден емес», – деп айтты», – деген (Бұхари: 1298, Муслим: 285, Ахмад: 4215).

Орысша аудармасы

Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Не из нас тот, кто после смерти близкого, когда над ним сгущаются чёрные тучи скорби, бьёт себя по щекам, разрывает ворот одежды и причитает по обычаям эпохи джахилии (понося смерть, судьбу и даже Творца)”» (Аль-Бухари: 1298; Муслим: 285; Ахмад: 4215).

1661
Риядус-салихин, № 1661Риуаят етуші: Әбу Бурда (р.а.)

عَنْ أَبِى بُرْدَةَ، قَالَ: وَجعَ أَبُو مُوسَى، فَغُشِيَ عَلَيْهِ، وَرَأسُهُ فِى حِجْرِ امْرَأَةٍ مِنْ أَهْلِهِ، فَأَقْبَلَتْ تَصِيحُ بِرَنَّةٍ فَلَمْ يَسْتَطِعْ أَنْ يَرُدَّ عَلَيْهَا شَيْئًا، فَلَمَّا أفَاقَ قَالَ: أَنَا بَرِيءٌ مِمَّنْ بَرِىءَ مِنْهُ رسُولُ اللَّهِ ﷺ إِنَّ رسُولَ اللَّهِ ﷺ بَرِيءٌ مِنَ الصَّالِقَةِ، والحَالِقَةِ، والشَّاقَّةِ

Қазақша аудармасы

Әбу Бурда (р.а.): «Әкем Әбу Мұса әл-Әшғари қатты ауырып, басын әйелінің алдына қойып жатқан күйінде кенеттен талып қалды. Сол кезде әйелі қатты дауыс шығарып жылай бастады. Сонда Әбу Мұсаның оған жауап қатып, қайтарып тастауға қауқары жетпеді. Кейін есін жиғанда ол: «Алланың елшісі ﷺ жерінген адамнан мен де жерінемін. Алланың елшісі өлгенді жоқтап, өкіріп жылаған әйелден, қайғырғанда шектен шығып, шашын жұлған және киімін жыртқан әйелден аулақ!1» – деп айтты», – деген (Бұхари: 1296, Муслим: 287).

Орысша аудармасы

Абу Бурда (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Когда мой отец Абу Муса аль-Ашари тяжело заболел и лежал, положив голову на колени своей жены, он внезапно лишился сознания. Тогда его жена начала громко причитать и плакать. Абу Муса не мог ни ответить ей, ни остановить её. Придя в сознание, он сказал: “Я отрекаюсь от тех, от кого отрёкся Посланник Аллаха ﷺ. Посланник Аллаха отрёкся от женщины, которая громко причитает и рыдает по умершему, от женщины, которая, переходя все границы в своём горе, сбривает себе волосы, и от женщины, которая разрывает одежду!1”» (Аль-Бухари: 1296; Муслим: 287).

  1. 1Ондай әйелдерге, тіпті солай істеген ер адамдарға да Алла елшісінің ﷺ еш қатысы жоқ, басқаша айтқанда, мейлі ер, мейлі әйел болсын, қайғырғанда солай шектен шығатын адамдар пайғамбарымыздың шарапатынан аулақ әрі алыс болады.
  1. 1То есть Посланник Аллаха ﷺ не имеет ничего общего с такими женщинами, равно как и с мужчинами, поступающими так же. Иными словами, и мужчины, и женщины, которые выходят за дозволенные пределы в своей скорби, далеки от благосклонности нашего Пророка.
1662
Риядус-салихин, № 1662Риуаят етуші: Мұғира ибн Шуғба (р.а.)

عَنْ الْمغيرة بْنِ شعبة قَالَ: سَمِعْتُ رسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «مَنْ نِيحَ عَلَيْهِ، فَإِنَّهُ يُعَذَّبُ بِمَا نِيحَ عَلَيْهِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ»

Қазақша аудармасы

Мұғира ибн Шұғба (р.а.): Алла елшісінің ﷺ: «Кімнің артынан қатты дауыс шығарып жылап, асыра жоқтау айтылса,1 (өзіне жоқтау айтуды өсиет еткен) сол адам қиямет күні өзіне айтылған сол жоқтаудың кесірінен азап тартатын болады», – деп айтты», – деген (Бұхари: 1291, Муслим: 5, Ахмад: 18140).

Орысша аудармасы

Мугира ибн Шуба (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Человек, завещавший причитать по нему1, в День воскресения подвергнется мучениям из-за того, что его будут громко оплакивать и чрезмерно причитать по нему» (Аль-Бухари: 1291; Муслим: 5; Ахмад: 18140).

  1. 1Бұл хадисте өзінің артынан қатты дауыс шығарып жылауды, қатты қайғыруды өсиет еткен адам меңзелген.
  1. 1Здесь имеется в виду человек, завещавший, чтобы по нему громко плакали и чрезмерно причитали.
1663
Риядус-салихин, № 1663

وَعَنْ أُمِّ عَطِيَّةَ نُسَيْبَةَ – بِضَمِّ النون وفتحها –، قَالَتْ: أَخَذَ عَلَيْنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عِنْدَ الْبَيْعَةِ أَنْ لَا نَنُوحَ

Қазақша аудармасы

Үммі Атия (р.а.): «Алла елшісіне ﷺ байғат жасап, серт бергенімізде, бізден өлген адамның артынан қайғырғанда шектен шығып, қатты дауыс шығарып, асыра жоқтау айтпауға, өкіріп жыламауға қатысты уәде алған еді», – деген (Бұхари: 1306, Муслим: 2163, Ахмад: 27307).

Орысша аудармасы

Умм Атыйя (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Когда мы приносили присягу Посланнику Аллаха ﷺ, он брал с нас обещание не переходить границ дозволенного в скорби по умершему, не предаваться громким и чрезмерным причитаниям и не рыдать навзрыд» (Аль-Бухари: 1306; Муслим: 2163; Ахмад: 27307).

1664
Риядус-салихин, № 1664Риуаят етуші: Нұғман ибн Бәшир (р.а.)

عَنْ النعمان بْنِ بشير، قَالَ: أُغْمِيَ عَلَى عَبدِ اللَّهِ بْنِ رَوَاحَةَ، فَجَعَلَتْ أُخْتُهُ تَبْكِى، وَتَقُولُ: وَاجَبَلاهُ، وَاكَذَا، وَاكَذَا: تُعَدِّدُ عَلَيْهِ. فَقَالَ حِينَ أفَاقَ: مَا قُلْتِ شَيْئًا إِلَّا قِيلَ لِى أَنْتَ كَذَلِكَ؟

Қазақша аудармасы

Нұғман ибн Бәшир (р.а.): «Бір күні Абдуллаһ ибн Рауаха (р.а.) ес-түсін білмей талып қалған еді. Сонда туған қарындасы: «Асқар тауым едің, пәленше едің, түгенше едің», – деп ағасын асыра мақтап, жоқтау айтып жылайды. Кейін Абдуллаһ есін жиған кезде, қарындасына: «Мен талып жатқанда, маған айтқан әрбір мақтау сөзің үшін (періштелер): «Сен шынымен де сондай ма едің?» – деп мені жазғырумен болды», – деп айтты», – деген (Бұхари: 4267).

Орысша аудармасы

Нуман ибн Башир (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Абдуллах ибн Раваха (да будет доволен им Аллах) потерял сознание. Тогда его младшая сестра стала плакать и причитать по нему, чрезмерно восхваляя его: “Ты был моей неприступной горой, ты был таким-то и таким-то!” Когда позднее Абдуллах пришёл в себя, он сказал сестре: “За каждое похвальное слово, сказанное тобой обо мне, пока я лежал без сознания, (ангелы) не переставали укорять меня, спрашивая: ‘Неужели ты и вправду был таким?’”» (Аль-Бухари: 4267).

1665
Риядус-салихин, № 1665Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ، قَالَ: اشْتَكَى سَعْدُ بنُ عُبَادَةَ شَكْوَى، فَأتاهُ رسُولُ اللَّهِ ﷺ، يَعُودُهُ مَعَ عَبدِ الرَّحْمَانِ بْنِ عَوفٍ، وَسَعْدِ بْنِ أَبِى وقَّاصٍ، وعَبْدِ اللَّهِ ِ بنْ مَسْعُودٍ. فَلَمَّا دَخَلَ عَلَيْهِ، وَجَدَهُ فِى غَشْيَةٍ فَقَالَ: «أقَضَى؟» قَالُوا: لَا يَا رَسُول اللَّهِ، فَبكَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، فَلَمَّا رَأَى الْقَوْمُ بُكَاءَ النَّبِيِّ ﷺ بَكَوْا، قَالَ: «ألَا تَسْمَعُونَ؟ إِنَّ اللَّهَ لَا يُعَذِّبُ بِدَمْعِ الْعَيْنِ، وَلَا بِحُزْنِ الْقَلْبِ، وَلكِنْ يُعَذِّبُ بِهذَا» – وَأشَارَ إِلَى لِسَانِهِ – أَوْ يَرْحَمُ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Бірде Сағд ибн Убада (р.а.) қатты науқастанып қалған еді. Алла елшісі ﷺ өзімен бірге Абдуррахман ибн Ауфты (р.а.), Сағд ибн Әбу Уаққасты (р.а.) және Абдуллаһ ибн Масғудты (р.а.) ертіп Сағд ибн Убаданың (р.а.) көңілін сұрай келеді. Алла елшісі науқастың қасына барғанда, ол ес-түсін білмей талып жатқан болатын. Сонда ол жақындарынан: «Үзіліп кетті ме?» – деп сұрады. Олар: «Жоқ, уа, Расулалла! Әлі үзіле қойған жоқ», – деді. Ардақты сахабаның қиналып жатқан халін көргенде, Алла елшісі көңілі босап, жанарынан еріксіз жас парлады. Пайғамбарымыздың көңілі босағанын көргенде, сол жердегілер де қоса егілді. Сонда ол қасындағыларға: «Сендер естімеп пе едіңдер? Расында, Алла Тағала көз жасы мен жүректегі қайғы үшін азаптамайды. Ол тек мынау үшін азаптайды немесе мейіріміне бөлейді», – деп тілін көрсетті», – деген (Бұхари: 1304, Муслим: 2137).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды Саад ибн Убада (да будет доволен им Аллах) тяжело заболел. Посланник Аллаха ﷺ вместе с Абдуррахманом ибн Ауфом (да будет доволен им Аллах), Саадом ибн Абу Ваккасом (да будет доволен им Аллах) и Абдуллахом ибн Масудом (да будет доволен им Аллах) пришёл навестить Саада ибн Убаду (да будет доволен им Аллах). Когда Посланник Аллаха подошёл к больному, тот лежал без сознания. Тогда он спросил его близких: “Его жизнь уже оборвалась?” Они ответили: “Нет, о Посланник Аллаха! Ещё не оборвалась”. Увидев, как страдает этот благородный сподвижник, Посланник Аллаха не смог сдержать чувств, и на его глазах невольно выступили слёзы. Когда присутствующие увидели слёзы Пророка ﷺ, они тоже заплакали. Тогда он сказал им: “Послушайте же! Поистине, Аллах Всевышний не наказывает за слёзы, льющиеся из глаз, и за скорбь, таящуюся в сердце. Он наказывает или милует лишь за это”, – и при этом указал на свой язык» (Аль-Бухари: 1304; Муслим: 2137).

1666
Риядус-салихин, № 1666Риуаят етуші: Әбу Мәлик әл-Ашғари (р.а.)

عَنْ أَبِى مالك الْأشعرِى قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «النَّائِحَةُ إِذا لَمْ تَتُبْ قَبلَ مَوْتِهَا تُقَامُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ وَعَلَيْهَا سِربَالٌ مِنْ قَطِرَانٍ، وَدِرْعٌ مِنْ جَرَبٍ»

Қазақша аудармасы

Әбу Мәлик әл-Әшғари (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Қайтқан адамның артынан қайғырғанда шектен шығып, қатты дауыс шығарып, асыра жоқтау айтқан әйел өлмей тұрып тәубе етпесе, қиямет күні үстіне (оттың ұшқыны тисе лаулап жанатын) қарамайдан «көйлек киген»1 және үстіне «қотыр жара жамылған» күйде2 тірілетін болады», – деп айтты», – деген (Муслим: 2160, Ахмад: 22903).

Орысша аудармасы

Абу Малик аль-Ашари (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Если женщина, которая, скорбя по умершему, переходит всякие границы, громко кричит и чрезмерно причитает, не покается до своей смерти, то в День воскресения она будет воскрешена в “рубахе” из чёрной смолы (вспыхивающей ярким пламенем от малейшей искры)1 и в “одеянии из чесоточных язв”2» (Муслим: 2160; Ахмад: 22903).

  1. 1Яғни, тұла бойы оттың ұшқыны тисе болды лаулап жанатын жанармайға малынған күйде...
  2. 2Яғни, үсті-басын қотыр жара басқан күйде...
  1. 1То есть её тело будет пропитано горючим веществом, вспыхивающим от малейшей искры.
  2. 2То есть всё её тело будет покрыто чесоточными язвами.
1667
Риядус-салихин, № 1667

عَنْ أَسِيد بْنِ أَبِى أَسِيدٍ التابِعِيِّ، عَنْ امْرَأَةٍ مِنَ الْمُبَايِعَاتِ، قَالَتْ: كان فِيما أَخَذَ عَلَيْنَا رسُولُ اللَّهِ ﷺ، فِى الْمَعْرُوفِ الَّذِى أَخَذَ عَلَيْنَا أَنْ لَا نَعْصِيَهُ فِيهِ: أَنْ لَا نَخْمِشَ وَجْهًَا، وَلَا نَدْعُوَ وَيْلًا، وَلَا نَشُقَّ جَيْبًا، وأَنْ لَا نَنْشُرَ شَعْرًا

Қазақша аудармасы

Табиғиндерден Усәйд ибн Әбу Усәйд (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ алдында ант қабылдаған сахаба әйелдердің бірі: «Біз, сахаба әйелдер, Алла елшісінің алдында ант қабылдағанымызда қолымыздан келгенше істейміз делінген игі істерге қоса, басымызға қандай да бір қайғы келгенде бет тырнамауға, өз-өзімізге бәле тілеп бақырып-шақырмауға, жағамызды жыртпауға және шашымызды жұлмауға қатысты уәде берген едік», – деп айтты», – деген (Әбу Дәуіт: 3131).

Орысша аудармасы

Усайд ибн Абу Усайд (да будет доволен им Аллах), один из табиинов, рассказывал: «Одна из женщин-сподвижниц, принесших присягу Посланнику Аллаха ﷺ, сказала: “Когда мы, женщины-сподвижницы, приносили присягу Посланнику Аллаха, то наряду с обещанием по мере наших сил совершать благие дела дали слово, что при постигшем нас горе не станем царапать себе лица, кричать и вопить, призывая на себя беду, разрывать ворот одежды и распускать себе волосы”» (Абу Дауд: 3131).

1668
Риядус-салихин, № 1668Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِى مُوسَى أَنَّ رسُولَ اللَّه ﷺ قَالَ: «مَا مِنْ مَيِّتٍ يَمُوتُ فَيَقُومُ بَاكِيهِمْ فَيَقُولُ: وَاجَبَلَاهُ، واسَيِّدَاهُ، أَوْ نَحْوَ ذَلِكَ إِلَّا وُكِّلَ بِهِ مَلَكَانِ يَلْهَزَانِهِ: أهَكَذَا كُنْتَ؟»

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса әл-Әшғари (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Қайсы бір өлген адамның артынан жылап жоқтаушылары: «Уа, асқар тауым-ай, уа, мырзам-ай..., деп асыра дәріптейтін болса, сол мәйітке қос періште тағайындалып, екеуі оны: «Сен сондай ма едің?» – деп жазғырып, (дәріптелген сайын) көкірегінен ұрып тұрады», – деп айтқан (Тирмизи: 1003).

Орысша аудармасы

Абу Муса аль-Ашари (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Если оплакивающие умершего станут чрезмерно восхвалять его, восклицая: “О моя высокая гора! О мой господин!..”, к умершему будут приставлены два ангела, которые станут укорять его словами: “Неужели ты и вправду был таким?” – и (всякий раз, когда его будут восхвалять) бить его в грудь» (Ат-Тирмизи: 1003).

Түсіндірме (қазақша)

Хадисте өлген адамды «асқар тауым едің, мырзамыз едің», – деп дәріптегенде, «енді сенсіз қайтіп күн көреміз, сенен кейін қараң қалатын болдық» деген мағынада дәріптеу меңзелген, әсілі жұмыр басты пендені бұлай дәріптеу әсірелікке жатады.

Түсіндірме (орысша)

В хадисе под восхвалением умершего словами: «Ты был нашей высокой горой, был нашим господином» подразумеваются причитания со смыслом: «Как же мы теперь будем жить без тебя? После тебя мы останемся без опоры». По сути, столь чрезмерное восхваление умершего человека является излишеством.

1669
Риядус-салихин, № 1669Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «اثْنَتَانِ فِى النَّاسِ هُمَا بِهِمْ كُفْرٌ: الطَّعْنُ فِى النَّسَبِ، وَالنِّيَاحَةُ عَلَى الْمَيِّتِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Адамдарда екі бірдей жаман әдет бар, ол екеуі күпірлік іс (яғни, кәпірлерге тән іс): Бірі – біреудің ата-тегіне тіл тигізу, енді бірі – өлген адамды асыра жоқтап, өкіріп жылау», – деп айтты», – деген (Муслим: 67, Ахмад: 10434).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Людям присущи два дурных обычая, и оба они являются проявлением неверия (то есть деяниями, свойственными неверующим): первый – поносить чьё-либо происхождение, а второй – чрезмерно причитать и громко рыдать по умершему» (Муслим: 67; Ахмад: 10434).