Хадис

Көріпкел, балгер және құмалақ ашатындарға баруға болмайтындығы жайында

О запрете обращаться к прорицателям, гадателям и тем, кто гадает на камешках

Риядус-салихин, 303-тақырып · 6 хадис · № 1670–1675

Хадистер

1670
Риядус-салихин, № 1670Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: سأل رسُولَ اللَّهِ ﷺ أنَاسٌ عَنِ الْكُهَّانِ، فَقَالَ: «لَيْسُوا بِشَيْءٍ» فَقَالُوا: يَا رَسُولَ اللَّهِ إِنَّهُمْ يُحَدِّثُونَا أحْيَانًا بِشَيْءٍ، فَيَكُونُ حَقًّا؟ فَقَالَ رسُولُ اللَّهِ ﷺ: «تِلْكَ الْكَلِمَةُ مِنَ الْحَقِّ يَخْطَفُهَا الْجِنِّيُّ فَيَقُرُّهَا فِى أُذُنِ وَلِيِّهِ، فَيَخْلِطُونَ مَعَهَا مئَةَ كَذْبَةٍ».

وَفِى رِوَايَة للبخارِى عَنْ عَائِشَة: أَنَّهَا سمعتْ رسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّ الْمَلَائِكَةَ تَنْزِلُ فِى الْعَنَانِ – وَهُوَ السَّحَابُ – فَتَذْكُرُ الْأَمْرَ قُضِيَ فِى السَّمَاءِ، فَيَسْتَرِقُ الشَّيْطَانُ السَّمْع، فَيَسْمَعُهُ، فَيُوحِيَهُ إِلَى الْكُهَّانِ، فَيَكْذِبُونَ مَعَهَا مِئَةَ كَذْبَةٍ مِنْ عِنْدِ أَنْفُسِهِمْ»

Қазақша аудармасы

Айша анамыз (р.а.): «Бірде бір топ адам Алла елшісінен ﷺ сәуегейлер жайлы сұрағанда, Алла елшісі: «Олардың айтатыны шындық емес», – деді. Екі әлем сардарына осы сауалды қойғандар: «Уа, Расулалла! Кейде олардың бізге айтқандары рас болып жатады», – деді. Сонда Алла елшісі оларға: «Ондай ақиқат сөздерді жындардың бірі алдымен (періштелерден) ұрлап алып, кейін оны досының (яғни, балгердің) құлағына сыбырлайды. Ал балгерлер сол сөзге өз ойынан жүз өтірік қосып (болашақты білетіндей бал ашады)», – деп айтты», – деген (Бұхари: 6213, Муслим: 5716, Ахмад: 24570).

Хадистің имам Бұхаридің жинағында келген нұсқасында Айша (р.а.) Алла елшісінің былай деп айтқанын естіген екен: «Періштелер бұлттарға дейін түсіп, аспанда тағдыр боп жазылған істерді айтып отырғанда, сол арада шайтан ұрланып келіп тың тыңдайды да, соны бірден көріпкел, балшы-балгерлерге жеткізеді. Артынша әлгі балшы-балгерлер соған өздерінен жүз өтірік қосып, өтірік айтады».

Орысша аудармасы

Мать правоверных Аиша (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Однажды группа людей спросила Посланника Аллаха ﷺ о прорицателях. Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Их словам не следует доверять”. Люди, задавшие этот вопрос Предводителю обоих миров, сказали: “О Посланник Аллаха! Однако иногда то, что они говорят нам, оказывается правдой”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал им: “Такое правдивое слово один из джиннов сначала похищает (у ангелов), а затем шепчет его на ухо своему другу (то есть гадателю). Гадатели же добавляют к этому слову от себя сто лживых измышлений (и гадают так, словно им известно будущее)”» (Аль-Бухари: 6213; Муслим: 5716; Ахмад: 24570).

В версии этого хадиса, приведённой в сборнике имама аль-Бухари, сообщается, что Аиша (да будет доволен ею Аллах) слышала, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Ангелы спускаются до облаков и говорят о делах, предопределённых на небесах. В это время шайтан тайком подкрадывается и подслушивает их, после чего сразу же передаёт услышанное прорицателям и гадателям. Затем те добавляют к этому от себя сто лживых слов и лгут».

1671
Риядус-салихин, № 1671

عَنْ صَفِيَّةَ بِنتِ أَبِى عُبيدٍ، عَنْ بعض أَزْوَاجِ النَّبِيِّ ﷺ، و، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ، قَالَ: «مَنْ أَتَى عَرَّافًا فَسَأَلَهُ عَنْ شَيْءٍ فَصَدَّقَهُ، لَمْ تُقْبَلْ لَهُ صَلَاةٌ أَرْبَعِينَ يَوْمًا»

Қазақша аудармасы

Сафия бинт Әбу Убайд (р.а.) Пайғамбарымыздың ﷺ әйелдерінен Пайғамбарымыздың былай деп айтқанын жеткізген: «Кімде-кім көріпкелге барып, одан (орын алған оқиға немесе жоғалған) бір нәрсе жайлы сұрап, оның айтқанына сенетін болса, оның қырық күндік намазы қабыл болмайды» (Муслим: 5821, Ахмад: 16638).

Орысша аудармасы

Сафия бинт Абу Убайд (да будет доволен ею Аллах) передала со слов одной из жён Пророка ﷺ, что Пророк ﷺ сказал: «У того, кто придёт к предсказателю, спросит его о чём-либо (о произошедшем событии или пропавшей вещи) и поверит его словам, молитвы не будут приниматься в течение сорока дней» (Муслим: 5821; Ахмад: 16638).

1672
Риядус-салихин, № 1672

عَنْ قَبِيصَةَ بْنِ الْمُخَارِقِ قَالَ: سَمِعْتُ رسُولَ اللَّه ﷺ يَقُولُ: «العِيَافَةُ، وَالطِّيَرَةُ، والطَّرْقُ، مِنَ الْجِبْتِ»

Қазақша аудармасы

Қабиса ибн әл-Мухариқ (р.а.): Алла елшісінің ﷺ: «Жерге сызық сызу арқылы бал ашу, бір нәрсені ырымдап, жамандықа жору және құстардың ұшып-қонғанын ырымдап, жақсылыққа немесе жамандыққа жору жалғанның нақ өзі!» – деп айтқанын естідім», – деген (Әбу Дәуіт: 3907, Ахмад: 15915).

Орысша аудармасы

Кабиса ибн аль-Мухарик (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Гадание посредством черчения линий на земле, принятие чего-либо за примету и истолкование её как предвестия беды, а также принятие полёта и посадки птиц за знамение добра или зла – не что иное, как чистая ложь!”» (Абу Дауд: 3907; Ахмад: 15915).

1673
Риядус-салихин, № 1673Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاس، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنِ اقْتَبَسَ عِلْمًا مِنَ النُّجُوم، اقْتَبَسَ شُعْبَةً مِنَ السِّحْرِ زَادَ ما زَادَ»

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім жұлдызға қарап бал ашуды үйренсе, сиқырдың бір тармағын үйренген болады. Мұндай адам жұлдыз ілімінің тереңіне бойлаған сайын, сиқырдың да сан қырлы сырына қаныға түседі», – деп айтты», – деген (Әбу Дәуіт: 3905, Ахмад: 2000).

Орысша аудармасы

Ибн Аббас (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Кто научится гадать по звёздам, тот овладеет одной из отраслей колдовства. И чем глубже такой человек будет постигать такое гадание по звёздам, тем больше будет приобщаться к многообразным тайнам колдовства» (Абу Дауд: 3905; Ахмад: 2000).

1674
Риядус-салихин, № 1674

عَنْ مُعاوِيَةَ بْنِ الْحَكَمِ قَالَ: قُلْتُ: يَا رسُولَ اللَّهِ إِنِّى حَدِيثُ عَهْدٍ بالجاهِليَّةِ، وَقَدْ جَاءَ اللَّهُ تَعَالَى بالْإِسْلَامِ، وإِنَّ مِنَّا رِجَالًا يَأْتُونَ الْكُهَّانَ؟ قَالَ: «فَلَا تأتِهِمْ» قُلْتُ: وَمِنَّا رِجَالٌ يَتَطَيَّرُونَ؟ قَالَ: «ذَلِكَ شَيْءٌ يَجِدُونَهُ فِى صُدُورِهِمْ، فَلَا يَصُدُّهُمْ» قُلْتُ: وَمِنَّا رِجَالٌ يَخُطُّونَ؟ قَالَ: «كَانَ نَبِيٌّ مِنَ الْأنْبِيَاءِ يَخُطُّ، فَمَنْ وَافَقَ خَطَّهُ، فَذَاكَ»

Қазақша аудармасы

Мұғауия ибн Хакам (р.а.): Бірде мен: «Уа, Расулалла ﷺ мен күні кеше ғана надандық дәуірінде өмір сүрдім, міне, енді Алла Тағала ислам дінін жіберді. Біздің арамызда көріпкел, балшы-балгерлерге баратындар бар», – дегенімде: «Оларға барма!» деді. Сондан тағы да: «Біздің арамызда құстардың ары-бері ұшып-қонғанын ырымдап, жақсылыққа немесе жамандыққа жоритындар бар», – дегенімде: «Ол солардың көкірегіндегі негізсіз ойлар ғой, сол ойлар оларды істеулері керек болған істерден тыймасын, (яғни олар сондай негізсіз ойларға беріліп, істейтін істерінен бөгелмесін)!» деді. Сосын мен тағы да: «Арамызда жерге сызықтар сызу арқылы бал ашатындар да бар», – дегенімде: «Кезінде бір пайғамбар жерге сызықтар сызып, болжам айтатын болған, кімде-кім дәл соның сызуындай сыза алса, міне, сол дұрыс (болмаса жалған...)!» – деп айтты», – деген (Муслим: 1199, Ахмад: 15663).

Орысша аудармасы

Муавия ибн аль-Хакам (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды я сказал: “О Посланник Аллаха ﷺ! Ещё совсем недавно я жил в эпоху невежества, а теперь Аллах Всевышний ниспослал религию ислам. Однако среди нас есть люди, которые ходят к прорицателям и гадателям”. Он ответил: “Не ходи к ним!” Затем я сказал: “Среди нас есть и такие, которые усматривают добрые или дурные предзнаменования в том, как птицы летают туда и обратно и садятся”. Он сказал: “Это всего лишь беспочвенные мысли, возникающие у них в душе. Пусть же эти мысли не удерживают их от дел, которые им следует совершить (то есть пусть они не поддаются таким беспочвенным мыслям и не отказываются из-за них от намеченных дел)!” После этого я сказал: “Среди нас есть и такие, которые гадают, чертя линии на земле”. Он ответил: “Некогда один из пророков чертил на земле линии и делал предсказания. Если кто-нибудь сумеет провести линии точно так же, как он, то его предсказание будет верным (в противном случае оно ложно…)!”» (Муслим: 1199; Ахмад: 15663).

Түсіндірме (қазақша)

Пайғамбарымыз ﷺ бір хадисінде; «Қаламмен ең алғаш сызған Ыдырыс (а.с.) пайғамбар болатын», – деп айтқан. Жоғарыдағы хадисте Ыдырыс (а.с.) пайғамбарға жерге сызықтар сызып болжамдар жасайтын ләдунни ілім берілгендігі айтылған. Ендеше, жерге сызықтар сызу арқылы болжам жасау негізінен Алланың хақ пайғамбарына тән ләдунни ілім, ал пайғамбар болмаған жай адамдардың жасаған болжамы дөп түскен күннің өзінде жай сәйкестік болуы мүмкін. Ал жай адамның жасаған болжамының дөп түсіп, пайғамбар болжамына сай келіп-келмегендігін нақты білу мүмкін емес, сондықтан да ондай іспен айналыспаған жөн.

Түсіндірме (орысша)

В одном из хадисов наш Пророк ﷺ сказал: «Первым, кто стал писать пером, был пророк Идрис (мир ему)». В приведённом выше хадисе говорится, что пророку Идрису (мир ему) было даровано особое сокровенное знание, позволявшее ему делать предсказания посредством черчения линий на земле. Следовательно, такое предсказание изначально относится к особому сокровенному знанию, которым обладал истинный пророк Аллаха. Что же касается обычных людей, не являющихся пророками, то даже сбывшееся предсказание может оказаться простым совпадением. Невозможно достоверно установить, оказалось ли предсказание обычного человека точным и совпало ли оно с предсказанием пророка, поэтому заниматься подобным не следует.

1675
Риядус-салихин, № 1675Риуаят етуші: Әбу Масғуд әл-Бәдри (р.а.)

عَنْ أَبِى مَسعودٍ الْبدرِيِّ أَنَّ رسُولَ اللَّهِ ﷺ نَهَى عَنْ ثَمَنِ الْكَلْبِ، وَمَهْرِ الْبَغِيِّ، وَحُلْوَانِ الْكاهِنِ

Қазақша аудармасы

Әбу Масғуд әл-Бәдри (р.а.): «Алла елшісі ﷺ ит сатып, ақысын алуға, зинақорлықпен табылған ақшаға және сәуегейге ақы беруге тыйым салды», – деп айтты (Бұхари: 2237, Муслим: 4009, Ахмад: 17070).

Орысша аудармасы

Абу Масуд аль-Бадри (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ запретил продавать собак и получать за них плату, пользоваться деньгами, заработанными блудом, и платить прорицателям» (Аль-Бухари: 2237; Муслим: 4009; Ахмад: 17070).