عَنْ مُعاوِيَةَ بْنِ الْحَكَمِ قَالَ: قُلْتُ: يَا رسُولَ اللَّهِ إِنِّى حَدِيثُ عَهْدٍ بالجاهِليَّةِ، وَقَدْ جَاءَ اللَّهُ تَعَالَى بالْإِسْلَامِ، وإِنَّ مِنَّا رِجَالًا يَأْتُونَ الْكُهَّانَ؟ قَالَ: «فَلَا تأتِهِمْ» قُلْتُ: وَمِنَّا رِجَالٌ يَتَطَيَّرُونَ؟ قَالَ: «ذَلِكَ شَيْءٌ يَجِدُونَهُ فِى صُدُورِهِمْ، فَلَا يَصُدُّهُمْ» قُلْتُ: وَمِنَّا رِجَالٌ يَخُطُّونَ؟ قَالَ: «كَانَ نَبِيٌّ مِنَ الْأنْبِيَاءِ يَخُطُّ، فَمَنْ وَافَقَ خَطَّهُ، فَذَاكَ»
Мұғауия ибн Хакам (р.а.): Бірде мен: «Уа, Расулалла ﷺ мен күні кеше ғана надандық дәуірінде өмір сүрдім, міне, енді Алла Тағала ислам дінін жіберді. Біздің арамызда көріпкел, балшы-балгерлерге баратындар бар», – дегенімде: «Оларға барма!» деді. Сондан тағы да: «Біздің арамызда құстардың ары-бері ұшып-қонғанын ырымдап, жақсылыққа немесе жамандыққа жоритындар бар», – дегенімде: «Ол солардың көкірегіндегі негізсіз ойлар ғой, сол ойлар оларды істеулері керек болған істерден тыймасын, (яғни олар сондай негізсіз ойларға беріліп, істейтін істерінен бөгелмесін)!» деді. Сосын мен тағы да: «Арамызда жерге сызықтар сызу арқылы бал ашатындар да бар», – дегенімде: «Кезінде бір пайғамбар жерге сызықтар сызып, болжам айтатын болған, кімде-кім дәл соның сызуындай сыза алса, міне, сол дұрыс (болмаса жалған...)!» – деп айтты», – деген (Муслим: 1199, Ахмад: 15663).
Муавия ибн аль-Хакам (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды я сказал: “О Посланник Аллаха ﷺ! Ещё совсем недавно я жил в эпоху невежества, а теперь Аллах Всевышний ниспослал религию ислам. Однако среди нас есть люди, которые ходят к прорицателям и гадателям”. Он ответил: “Не ходи к ним!” Затем я сказал: “Среди нас есть и такие, которые усматривают добрые или дурные предзнаменования в том, как птицы летают туда и обратно и садятся”. Он сказал: “Это всего лишь беспочвенные мысли, возникающие у них в душе. Пусть же эти мысли не удерживают их от дел, которые им следует совершить (то есть пусть они не поддаются таким беспочвенным мыслям и не отказываются из-за них от намеченных дел)!” После этого я сказал: “Среди нас есть и такие, которые гадают, чертя линии на земле”. Он ответил: “Некогда один из пророков чертил на земле линии и делал предсказания. Если кто-нибудь сумеет провести линии точно так же, как он, то его предсказание будет верным (в противном случае оно ложно…)!”» (Муслим: 1199; Ахмад: 15663).
Түсіндірме (қазақша)
Пайғамбарымыз ﷺ бір хадисінде; «Қаламмен ең алғаш сызған Ыдырыс (а.с.) пайғамбар болатын», – деп айтқан. Жоғарыдағы хадисте Ыдырыс (а.с.) пайғамбарға жерге сызықтар сызып болжамдар жасайтын ләдунни ілім берілгендігі айтылған. Ендеше, жерге сызықтар сызу арқылы болжам жасау негізінен Алланың хақ пайғамбарына тән ләдунни ілім, ал пайғамбар болмаған жай адамдардың жасаған болжамы дөп түскен күннің өзінде жай сәйкестік болуы мүмкін. Ал жай адамның жасаған болжамының дөп түсіп, пайғамбар болжамына сай келіп-келмегендігін нақты білу мүмкін емес, сондықтан да ондай іспен айналыспаған жөн.
Түсіндірме (орысша)
В одном из хадисов наш Пророк ﷺ сказал: «Первым, кто стал писать пером, был пророк Идрис (мир ему)». В приведённом выше хадисе говорится, что пророку Идрису (мир ему) было даровано особое сокровенное знание, позволявшее ему делать предсказания посредством черчения линий на земле. Следовательно, такое предсказание изначально относится к особому сокровенному знанию, которым обладал истинный пророк Аллаха. Что же касается обычных людей, не являющихся пророками, то даже сбывшееся предсказание может оказаться простым совпадением. Невозможно достоверно установить, оказалось ли предсказание обычного человека точным и совпало ли оно с предсказанием пророка, поэтому заниматься подобным не следует.