عَنِ ابْنِ عُمَرَ، قَالَ: اشْتَكَى سَعْدُ بنُ عُبَادَةَ شَكْوَى، فَأتاهُ رسُولُ اللَّهِ ﷺ، يَعُودُهُ مَعَ عَبدِ الرَّحْمَانِ بْنِ عَوفٍ، وَسَعْدِ بْنِ أَبِى وقَّاصٍ، وعَبْدِ اللَّهِ ِ بنْ مَسْعُودٍ. فَلَمَّا دَخَلَ عَلَيْهِ، وَجَدَهُ فِى غَشْيَةٍ فَقَالَ: «أقَضَى؟» قَالُوا: لَا يَا رَسُول اللَّهِ، فَبكَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، فَلَمَّا رَأَى الْقَوْمُ بُكَاءَ النَّبِيِّ ﷺ بَكَوْا، قَالَ: «ألَا تَسْمَعُونَ؟ إِنَّ اللَّهَ لَا يُعَذِّبُ بِدَمْعِ الْعَيْنِ، وَلَا بِحُزْنِ الْقَلْبِ، وَلكِنْ يُعَذِّبُ بِهذَا» – وَأشَارَ إِلَى لِسَانِهِ – أَوْ يَرْحَمُ»
Ибн Омар (р.а.): «Бірде Сағд ибн Убада (р.а.) қатты науқастанып қалған еді. Алла елшісі ﷺ өзімен бірге Абдуррахман ибн Ауфты (р.а.), Сағд ибн Әбу Уаққасты (р.а.) және Абдуллаһ ибн Масғудты (р.а.) ертіп Сағд ибн Убаданың (р.а.) көңілін сұрай келеді. Алла елшісі науқастың қасына барғанда, ол ес-түсін білмей талып жатқан болатын. Сонда ол жақындарынан: «Үзіліп кетті ме?» – деп сұрады. Олар: «Жоқ, уа, Расулалла! Әлі үзіле қойған жоқ», – деді. Ардақты сахабаның қиналып жатқан халін көргенде, Алла елшісі көңілі босап, жанарынан еріксіз жас парлады. Пайғамбарымыздың көңілі босағанын көргенде, сол жердегілер де қоса егілді. Сонда ол қасындағыларға: «Сендер естімеп пе едіңдер? Расында, Алла Тағала көз жасы мен жүректегі қайғы үшін азаптамайды. Ол тек мынау үшін азаптайды немесе мейіріміне бөлейді», – деп тілін көрсетті», – деген (Бұхари: 1304, Муслим: 2137).
Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды Саад ибн Убада (да будет доволен им Аллах) тяжело заболел. Посланник Аллаха ﷺ вместе с Абдуррахманом ибн Ауфом (да будет доволен им Аллах), Саадом ибн Абу Ваккасом (да будет доволен им Аллах) и Абдуллахом ибн Масудом (да будет доволен им Аллах) пришёл навестить Саада ибн Убаду (да будет доволен им Аллах). Когда Посланник Аллаха подошёл к больному, тот лежал без сознания. Тогда он спросил его близких: “Его жизнь уже оборвалась?” Они ответили: “Нет, о Посланник Аллаха! Ещё не оборвалась”. Увидев, как страдает этот благородный сподвижник, Посланник Аллаха не смог сдержать чувств, и на его глазах невольно выступили слёзы. Когда присутствующие увидели слёзы Пророка ﷺ, они тоже заплакали. Тогда он сказал им: “Послушайте же! Поистине, Аллах Всевышний не наказывает за слёзы, льющиеся из глаз, и за скорбь, таящуюся в сердце. Он наказывает или милует лишь за это”, – и при этом указал на свой язык» (Аль-Бухари: 1304; Муслим: 2137).