وَعَنْ أَبِى مَالِكٍ الْحَارِثِ بْنِ عَاصِم الْأشْعرِيِّ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «الطُّهُورُ شَطْرُ الْإِيمَان، وَالْحَمْدُ للَّه تَمْلأَ الْميزانَ وسُبْحَانَ الله والحَمْدُ للَّه تَمْلآنِ أَوْ تَمْلأ مَا بَيْنَ السَّموَات وَالْأَرْضِ وَالصَّلَاةِ نورٌ، والصَّدَقَةُ بُرْهَانٌ، وَالصَّبْرُ ضِيَاءٌ، والْقُرْآنُ حُجَّةُ لَكَ أَوْ عَلَيْكَ. كُلُّ النَّاس يَغْدُو، فَبِائِعٌ نَفْسَهُ فمُعْتِقُها، أَوْ مُوبِقُهَا»
Әбу Мәлик Харис ибн Асым әл-Әшғари (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Тазалық – иманның жартысы. «Әлхамду лилләһ» (Бар мадақ пен шексіз шүкір Аллаға тән)! – (деп жүрекпен айтылған зікір) Таразыны1 (сауапқа) толтырады. «Субханаллаһ» (Алла – мінсіз, кемшілік атаулыдан және ұлылығына жараспайтын сифаттардан ада) және «Әлхамду лилләһ» зікірлері болса, жер мен жеті қабат аспан арасын толтырады. Намаз – (ақиқатқа барар жолды шуаққа бөлейтін) нұр, садақа – (иманның шынайылығын көрсететін) айғақ, сабырлылық болса, (адамның өмірлік жолын жарқын ететін) шуақ. Құран – (оған бойсұнып, бойсұнбауға байланысты) саған жақ немесе саған қарсы бұлтартпас айғақ. Күллі адамзат әрбір таңның арайлап атуымен (бейнебір басыбайлы құл секілді) өзін саудалап, ақырында өзін (Аллаға құлдыққа сатып мәңгілік азаптан) құтқарады яки, (нәпсінің тізгінін шайтанға ұстату арқылы) өзін құрдымға батырады», – деп айтты» – делінген. (Муслим: 534; Ахмад: 22902).
Со слов Абу Малика Хариса ибн Асима аль-Ашари (да будет доволен им Аллах) сообщается, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Чистота – половина веры. Поминание “Альхамдулиллях” (вся хвала и безграничная благодарность принадлежат Аллаху!), произнесённое от всего сердца, наполняет наградами Весы1. Поминания “Субханаллах” (Аллах безупречен, свободен от любых недостатков и качеств, не подобающих Его величию) и “Альхамдулиллях” заполняют пространство между землёй и семью небесами. Намаз – свет (озаряющий путь к истине), садака – доказательство (свидетельствующее об истинности веры), а терпение – сияние (освещающее жизненный путь человека). Коран – неопровержимое свидетельство в твою пользу или против тебя (в зависимости от того, следуешь ты ему или нет). С наступлением утра каждый человек, словно невольник, продаёт самого себя и в конце концов либо спасает себя (от вечных мучений, посвятив себя служению Аллаху), либо ввергает себя в погибель (передав шайтану поводья своей души)» (Муслим: 534; Ахмад: 22902).
- 1Қиямет күні адамдардың сауаптары мен күнәларын өлшейтін таразы.
- 1Весы, на которых в День воскресения будут взвешиваться благие дела и грехи людей.