Хадис

Риядус-салихин, № 30

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
3. Сабыр
Нөмірі
№ 30 (қазақша басылым реті)
30
Риядус-салихин, № 30Риуаят етуші: Суһайб (р.а.)

وَعَنْ صُهَيْبٍ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «كَانَ مَلِكٌ فيِمَنْ كَانَ قبْلَكُمْ، وَكَانَ لَهُ سَاحِرٌ، فَلَمَّا كَبِرَ قَالَ لِلْمَلِك: إِنِّى قَدْ كَبِرْتُ فَابعَثْ إِلَيَّ غُلَامًا أُعَلِّمْهُ السِّحْرَ، فَبَعَثَ إِلَيْهِ غُلَامًا يعَلِّمُهُ، وَكَانَ فِى طَرِيقِهِ إِذَا سَلَكَ رَاهِبٌ، فَقَعَدَ إِلَيْهِ وَسَمِعَ كَلَامهُ فأَعْجَبهُ، وَكَانَ إِذَا أَتَى السَّاحِرَ مَرَّ بالرَّاهِب وَقَعَدَ إِلَيْه، فَإِذَا أَتَى السَّاحِرَ ضَرَبَهُ، فَشَكَا ذَلِكَ إِلَى الرَّاهِبِ فَقَالَ: إِذَا خَشِيتَ السَّاحِر فَقُلْ: حبَسَنِى أَهْلي، وَإِذَا خَشِيتَ أَهْلَكَ فَقُلْ: حَبَسَنِى السَّاحرُ

فَبيْنَمَا هُو عَلَى ذَلِكَ إِذْ أَتَى عَلَى دابَّةٍ عظِيمَة قدْ حَبَسَت النَّاس فَقَالَ: الْيوْمَ أَعْلَمُ السَّاحِرُ أَفْضَل أم الرَّاهبُ أفْضلَ؟ فأَخَذَ حجَرًا فَقَالَ: اللَّهُمَّ إِنْ كان أمْرُ الرَّاهب أحَبَّ إِلَيْكَ مِنْ أَمْرِ السَّاحِرِ فاقتُلْ هَذِهِ الدَّابَّة حتَّى يمْضِيَ النَّاسُ، فرَماها فقتَلَها ومَضى النَّاسُ، فأتَى الرَّاهب فأخبَرهُ. فَقَالَ لهُ الرَّاهبُ: أىْ بُنيَّ أَنْتَ الْيوْمَ أفْضلُ منِّى، قدْ بلَغَ مِنْ أمْركَ مَا أَرَى، وإِنَّكَ ستُبْتَلَى، فإِنِ ابْتُليتَ فَلَا تدُلَّ عليَّ، وكانَ الْغُلَامُ يبْرئُ الْأكْمةَ والأبرصَ، ويدَاوي النَّاس مِنْ سائِرِ الْأدوَاءِ. فَسَمعَ جلِيسٌ للملِكِ كانَ قدْ عمِىَ، فأتَاهُ بهداياَ كَثِيرَةٍ فَقَالَ: ما ههُنَا لك أجْمَعُ إِنْ أَنْتَ شفَيْتني، فَقَالَ إِنِّى لَا أشفِى أَحَدًا، إِنَّمَا يشْفِى الله تعَالى، فإِنْ آمنْتَ بِاللَّهِ تعَالَى دعوْتُ الله فشَفاكَ، فآمَنَ بِاللَّهِ تعَالى فشفَاهُ اللَّهُ تَعَالَى، فأتَى الْمَلِكَ فجَلَس إِليْهِ كَمَا كانَ يجْلِسُ فَقَالَ لَهُ الْمَلكُ: منْ ردَّ علَيْك بصَرك؟ قَالَ: ربِّى. قَالَ: ولكَ ربٌّ غيْرِى؟، قَالَ: رَبِّى وربُّكَ الله، فأَخَذَهُ فلَمْ يزلْ يُعذِّبُهُ حتَّى دلَّ عَلَى الْغُلَامِ فجئَ بِالغُلَامِ، فَقَالَ لهُ الْمَلكُ: أىْ بُنَيَّ قدْ بَلَغَ منْ سِحْرِك مَا تبْرئُ الْأكمَهَ والأبرَصَ وتَفْعلُ وَتفْعَلُ فَقَالَ: إِنَّي لَا أشْفي أَحَدًا، إِنَّمَا يشْفي الله تَعَالَى، فأَخَذَهُ فَلَمْ يزَلْ يعذِّبُهُ حتَّى دلَّ عَلَى الرَّاهبِ، فجِئ بالرَّاهِبِ فقيل لَهُ: ارجَعْ عَنْ دِينكَ، فأبَى، فدَعا بِالْمنْشَار فوُضِع الْمنْشَارُ فِى مفْرقِ رأْسِهِ، فشقَّهُ حتَّى وقَعَ شقَّاهُ، ثُمَّ جِئ بجَلِيسِ الْمَلكِ فقِلَ لَهُ: ارجِعْ عَنْ دِينِكَ فأبَى، فوُضِعَ الْمنْشَارُ فِى مفْرِقِ رَأسِهِ، فشقَّهُ به حتَّى وقَع شقَّاهُ، ثُمَّ جئ بالغُلَامِ فقِيل لَهُ: ارجِعْ عَنْ دِينِكَ، فأبَى، فدَفعَهُ إِلَى نَفَرٍ منْ أصْحابِهِ فَقَالَ: اذهبُوا بِهِ إِلَى جبَلِ كَذَا وكذَا فاصعدُوا بِهِ الْجبلَ، فـإِذَا بلغتُمْ ذروتهُ فإِنْ رجعَ عَنْ دِينِهِ وإِلَّا فاطرَحوهُ فذهبُوا به فصعدُوا بهِ الْجَبَل فَقَالَ: اللَّهُمَّ اكفنِيهمْ بمَا شئْت، فرجَف بِهمُ الْجَبَلُ فسَقطُوا، وجَاءَ يمْشي إِلَى الْمَلِكِ، فَقَالَ لَهُ الْمَلكُ: ما فَعَلَ أَصحَابكَ؟ فَقَالَ: كفانيهِمُ الله تعالَى، فدفعَهُ إِلَى نَفَرَ منْ أَصْحَابِهِ فَقَالَ: اذهبُوا بِهِ فاحملُوه فِى قُرقُور وَتَوسَّطُوا بِهِ الْبحْرَ، فإِنْ رَجَعَ عَنْ دِينِهِ وإِلَّا فَاقْذفُوهُ، فذَهبُوا بِهِ فَقَالَ: اللَّهُمَّ اكفنِيهمْ بمَا شِئْت، فانكَفَأَتْ بِهِمُ السَّفينةُ فغرِقوا، وجَاءَ يمْشِى إِلَى الْمَلِك. فَقَالَ لَهُ الْملِكُ: ما فَعَلَ أَصحَابكَ؟ فَقَالَ: كفانِيهمُ الله تعالَى. فَقَالَ للمَلِكِ إِنَّك لسْتَ بقَاتِلِى حتَّى تفْعلَ ما آمُركَ بِهِ. قَالَ: ما هُوَ؟ قَالَ: تجْمَعُ النَّاس فِى صَعيدٍ واحدٍ، وتصلُبُنِى عَلَى جذْعٍ، ثُمَّ خُذ سهْمًا مِنْ كنَانتِى، ثُمَّ ضعِ السَّهْمِ فِى كَبدِ الْقَوْسِ ثُمَّ قُل: بسْمِ اللَّهِ ربِّ الْغُلَامِ ثُمَّ ارمِنِى، فَإِنَّكَ إِذَا فَعَلْتَ ذَلِكَ قَتَلْتنِى. فجَمَع النَّاس فِى صَعيدٍ واحِدٍ، وصلَبَهُ عَلَى جذْعٍ، ثُمَّ أَخَذَ سهْمًا منْ كنَانَتِهِ، ثُمَّ وضَعَ السَّهمَ فِى كبِدِ الْقَوْسِ، ثُمَّ قَالَ: بِسْم اللَّهِ رَبِّ الْغُلَامِ، ثُمَّ رمَاهُ فَوقَعَ السَّهمُ فِى صُدْغِهِ، فَوضَعَ يدَهُ فِى صُدْغِهِ فمَاتَ. فَقَالَ النَّاسُ: آمَنَّا بِرَبِّ الْغُلَامِ، فَأُتِىَ الْمَلكُ فَقِيلُ لَهُ: أَرَأَيْت ما كُنْت تحْذَر قَدْ وَاللَّه نَزَلَ بِك حَذرُكَ. قدْ آمنَ النَّاسُ. فأَمَرَ بِالأخدُودِ بأفْوَاهِ السِّكك فخُدَّتَ وَأضْرِمَ فِيها النيرانُ وَقَالَ: مَنْ لَمْ يرْجَعْ عَنْ دِينِهِ فأقْحمُوهُ فِيهَا أوْ قيلَ لَهُ: اقْتَحمْ، ففعَلُوا حتَّى جَاءَتِ امرَأَةٌ ومعَهَا صَبِيٌّ لهَا، فَتقَاعَسَت أَنْ تَقعَ فِيهَا، فَقَالَ لَهَا الْغُلَامُ: يَا أمَّاهْ اصبِرِى فَإِنَّكَ عَلَى الْحَقِّ»

Қазақша аудармасы

Суһәйбтен (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі ﷺ: «Сендерден бұрынғылардың арасында бір патша болған әрі оның сиқыршысы бар еді. Әлгі сиқыршы қартайған кезінде патшаға: «Расында, мен қартайдым. Маған бір бала жібер, оған (өзім білетін) сиқыр атаулыны түгел үйретейін», – дейді. Сөйтіп, патша оған сиқыр үйретуі үшін бір жас баланы жібереді. Бала жүрер жолдың бойында бір монах тұратын. Бір күні әлгі бала сол монахтың қасына отырып, сөзін тыңдайды және оның сөзі балаға ұнап қалады. Осылайша бала сиқыршыға барған сайын жаңағы монахқа кіріп, оның әңгімесін тыңдап жүреді. Бір күні (сол әдеті бойынша монахтан шығып) сиқыршыға барған кезінде, сиқыршы оны (кешіккені үшін) соққыға алады. Бала болған жайды монахқа айтып шағымданады. Сонда ол: «Сиқыршыдан қорықсаң: «Мені үйдегілер ұстап қалды», – деп айт. Ал үйіңдегілерден қорықсаң: «Мені сиқыршы ұстап қалды», – де», – деп кеңес береді. Бала осылайша (екі арада) жүргенде, бір күні адамдардың жолын тосқан бір үлкен жануарға кезігеді. Сонда ол: «Бүгін сиқыршы абзал ма әлде монах абзал ма соны білемін», – дейді. Артынша қолына тас алып: «Уа, Алла Тағалам! Сен үшін монахтың ісі сиқыршының ісінен артық болса, адамдар жолдан өту үшін мына жануарды өлтір», – деп, әлгі жануарды таспен атады. Осылайша әлгі мақұлықты өлтіріп, адамдар жолдан (аман-есен) өте барады. Сосын ол монахқа келіп, оған (болған оқиғаны) хабарлайды. Сонда монах: «Уа, балақай! Сен бұл күнде менен де асып түстің. Дәрежең көріп тұрғанымдай биік деңгейге жетіпті. Енді сен сынаққа ұшырайсың! Сынаққа ұшырағаныңда маған қарай нұсқама (яғни, мен туралы айтып қойма)», – дейді. Осылайша бала соқырлар мен алапестерді жазатын және адамдарды өзге де ауру-сырқаулардан емдеп, жазатын болады. Бірде патшаның көзі көрмей қалған бір кеңесшісі бала жайлы естиді. Содан оған көп сыйлық әкеліп: «Егер мені емдеп жазсаң, мынаның бәрі сенікі», – дейді. Бала болса: «Шындығында, мен ешкімді ауруынан айықтыра алмаймын. Дертке шипа беретін Алла Тағала ғана! Егер сен Аллаға иман келтірсең, мен Аллаға дұға етемін де, Ол сені дертіңнен айықтырады», – дейді. Сөйтіп, әлгі кісі Аллаға иман келтіріп, Алла оның дертіне шипа береді. Артынша патшаның құзырына келіп, бұрынғысынша оның қасына отырады. Сонда патша одан: «Саған көз жанарыңды кім қайтарды?» – деп сұрайды. Кеңесшісі: «Раббым!» – деп жауап береді. Сонда патша: «Сенің менен өзге Раббың бар ма еді?» – дейді. Ол болса: «Менің де, сенің де Раббың – Алла!» – дейді. Содан патша оны ұстатып, баланы нұсқағанынша азаптайды. Сосын патшаның алдына баланы алып келеді. Патша оған: «Уа, балақай! Расында, сенің сиқырың соқырлар мен алапестерді айықтыратын және пәлендей-түгендей істерді жасайтын дәрежеге жетіпті ғой», – дейді. Сонда бала: «Шындығында, мен ешкімді ауруынан айықтыра алмаймын. Дертке шипа беретін Алла Тағала ғана!» – дейді. Содан патша оны ұстатып, монахты нұсқағанынша азаптайды. Патшаның алдына монахты әкеледі. Оған: «Дініңнен қайт», – деп бұйырады, алайда ол бас тартады. Патша ара алдырып, араны монахтың бас айрығына қойдырады да, оны қақ бөлініп түскенінше аралатады. Сонан соң патшаның кеңесшісін әкеліп, оған да: «Дініңнен қайт», – деп бұйырады, бірақ ол да бас тартады. Патша оның да бас айырығына араны қойдырып, оны да қақ бөлініп түскенінше аралатады. Одан кейін патшаның алдына әлгі баланы әкеледі, оған да: «Дініңнен қайт», – деп бұйырғанда, ол да бас тартпайды. Патша оны жауынгерлерінің бір тобына тапсырып: «Мынаны пәлен тауға апарып, таудың төбесіне алып шығыңдар. Оның шыңына жеткен кезде дінінен қайтса босатыңдар, олай етпесе, лақтырып жіберіңдер», – деп бұйырады. Сөйтіп, олар баланы апарып, оны таудың шыңына алып шығады. Сонда бала: «Уа, Алла! Мені бұлардан Өзің қалаған нәрсемен құтқара көр!» – деп жалбарынады. Сол кезде тау дүр сілкініп, әскер түгелімен құлап кетеді. Ал бала болса, өз аяғымен патшаның алдына келеді. Патша одан: «Қасыңдағылар не қылды?» – деп сұрайды. Ол: «Алла Тағала мені олардан құтқарды», – дейді. Патша оны тағы да нөкерлерінен бір топ адамға тапсырып: «Мынаны апарып кемеге мінгізіңдер де, теңіздің ортасына жеткізіңдер. Егер дінінен қайтса босатыңдар, әйтпесе, теңізге тастаңдар», – деп бұйырады. Содан олар баланы теңіздің ортасына апарады. Сонда бала: «Уа, Алла! Мені бұлардан Өзің қалаған күйде құтқара көр!» – деп жалбарынады. Сол кезде кеме төңкеріліп түсіп, нөкерлер түгелдей суға батып кетеді. Ал бала қайтадан өз аяғымен патшаның алдына келеді. Патша одан: «Қасыңдағылар не қылды?» – деп сұрайды. Бала тағы да: «Алла Тағала мені олардан құтқарды», – дейді. Сосын ол патшаға: «Шынында, сен мен айтатын ұсынысты істемесең, мені өлтіре алмайсың», – дейді. Патша: «Ол не?» – дейді. Сонда бала: «Ел-жұртты бір төбеге жинайсың да, мені ағаштың діңіне керіп қоясың. Содан соң менің қорамсағымнан бір жебе ал да, жебені садақтың адырнасына салып, керіп тұрып: «Осы баланың Раббысы – Алланың атымен!» – деп мені ат. Егер осы айтқанымды жасасаң, мені өлтіресің», – дейді. Сөйтіп, патша адамдарды бір төбеге жинайды да, баланы ағаштың діңіне керіп тастайды. Кейін оның қорамсағынан бір жебені алып, садақтың адырнасына салып, кереді де: «Осы баланың Раббысы – Алланың атымен!» – деп атып қалады, жебе баланың самайына қадалады. Бала қолын самайына қойып жан тапсырады. Сол кезде ел-жұрттың барлығы жаппай: «Бұл баланың Раббысына иман келтірдік!» – дейді. Патшаның уәзірлері дереу келіп: «Сіз неден қауіптеніп жүр едіңіз. Алламен ант етейік, міне, қауіпіңіз орын алды. Адамдардың баршасы иман келтірді», – дейді. Сонда патша жолдардың кіре берісіне ор қазуға бұйрық береді. Ор қазылып, ішіне от жағылады. Сосын патша: «Кімде-кім дінінен қайтпаса, оны осының ішіне тастаңдар», – деп пәрмен қылады. Немесе дінінен бас тартпаған адамға: «Ішіне өзің секір», – делінеді. Адамдар дәл солай жасап жатады, сол кезде қолында сәбиі бар бір әйел келіп, оның ішіне түсуден тартынып қалады. Сонда сәбиі оған: «Уа, анашым! Сабыр ет, табанды бол! Шынында, сен хақ жолдасың!» – деген екен», – дейді. (Муслим: 7511; Ахмад: 23931).

Орысша аудармасы

Сообщается со слов Сухайба (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Среди людей, живших до вас, был царь, при котором состоял колдун. Когда колдун состарился, он сказал царю: “Поистине, я уже состарился. Пришли ко мне мальчика, чтобы я передал ему все свои знания о колдовстве”. Тогда царь отправил к нему мальчика, чтобы колдун обучил его колдовству. По дороге к колдуну жил монах. Однажды мальчик присел рядом с ним, послушал его слова, и они ему понравились. С тех пор, направляясь к колдуну, мальчик каждый раз заходил к монаху и слушал его наставления. Однажды, как обычно зайдя прежде к монаху, мальчик опоздал к колдуну, и тот избил его. Мальчик рассказал монаху о случившемся и пожаловался ему. Монах посоветовал: “Если испугаешься колдуна, скажи: ‘Меня задержали домашние’, а если испугаешься домашних, скажи: ‘Меня задержал колдун’”. Продолжая посещать монаха и колдуна, мальчик однажды увидел огромного зверя, преградившего людям дорогу. Тогда он сказал: “Сегодня я узнаю, кто достойнее – колдун или монах”. Затем он взял камень и произнёс: “О Аллах Всевышний! Если деяния монаха угоднее Тебе, чем деяния колдуна, умертви этого зверя, чтобы люди могли пройти”. С этими словами он бросил в зверя камень и убил его, после чего люди целыми и невредимыми прошли по дороге. Затем мальчик пришёл к монаху и рассказал ему обо всём случившемся. Монах сказал: “О мальчик! Сегодня ты превзошёл меня. Судя по тому, что я вижу, ты достиг высокого положения. Теперь тебя непременно подвергнут испытанию! Когда это случится, не указывай на меня, то есть не рассказывай обо мне”.

После этого мальчик стал исцелять слепых и прокажённых, а также врачевать людей от других болезней и недугов. О нём услышал один из советников царя, потерявший зрение. Он принёс мальчику множество подарков и сказал: “Если ты исцелишь меня, всё это будет твоим”. Мальчик ответил: “Поистине, я не способен никого исцелить. Исцеление дарует лишь Аллах Всевышний! Если ты уверуешь в Аллаха, я обращусь к Нему с мольбой, и Он исцелит тебя”. Тот человек уверовал в Аллаха, и Аллах исцелил его. Затем он явился к царю и, как прежде, сел рядом с ним. Царь спросил: “Кто вернул тебе зрение?” Советник ответил: “Мой Господь!” Царь спросил: “Разве у тебя есть Господь, кроме меня?” Тот ответил: “Мой Господь и твой Господь – Аллах!” Тогда царь велел схватить его и подвергать мучениям до тех пор, пока тот не указал на мальчика. Мальчика привели к царю, и тот сказал ему: “О мальчик! Поистине, твоё колдовство достигло такой силы, что ты исцеляешь слепых и прокажённых и совершаешь то-то и то-то”. Мальчик ответил: “Поистине, я не способен никого исцелить. Исцеление дарует лишь Аллах Всевышний!” Тогда царь велел схватить мальчика и подвергать его мучениям до тех пор, пока тот не указал на монаха. Монаха привели к царю и приказали ему: “Отрекись от своей религии!” Однако он отказался. Тогда царь велел принести пилу, приставить её к середине головы монаха и распилить его надвое. Затем привели советника царя и также приказали ему: “Отрекись от своей религии!” Но и он отказался. Царь велел приставить пилу к середине его головы и распилить его надвое. После этого к царю привели мальчика и также приказали ему: “Отрекись от своей религии!” Но он не отрёкся от неё.

Тогда царь отдал его отряду своих воинов и приказал: “Отведите его к такой-то горе и поднимите на её вершину. Когда достигнете вершины, отпустите его, если он отречётся от своей религии, а если не отречётся – сбросьте его вниз”. Воины отвели мальчика к горе и поднялись с ним на вершину. Тогда он взмолился: “О Аллах! Избавь меня от них тем способом, каким пожелаешь!” В этот миг гора содрогнулась, и все воины сорвались вниз. Мальчик же сам вернулся к царю. Царь спросил его: “Что стало с теми, кто был с тобой?” Он ответил: “Аллах Всевышний избавил меня от них”. Тогда царь передал его другому отряду своих воинов и приказал: “Отведите его, посадите на корабль и вывезите на середину моря. Если он отречётся от своей религии, отпустите его, а если не отречётся – бросьте в море”. Воины отвезли мальчика на середину моря. Тогда он взмолился: “О Аллах! Избавь меня от них так, как пожелаешь!” В этот миг корабль перевернулся, и все воины утонули. Мальчик же вновь вернулся к царю. Царь спросил: “Что стало с теми, кто был с тобой?” Мальчик снова ответил: “Аллах Всевышний избавил меня от них”.

Затем он сказал царю: “Поистине, ты не сможешь убить меня, пока не исполнишь то, что я тебе предложу”. Царь спросил: “Что же это?” Мальчик ответил: “Собери народ на одном холме и привяжи меня к стволу дерева. Затем возьми стрелу из моего колчана, наложи её на тетиву лука, натяни лук и скажи: ‘С именем Аллаха – Господа этого мальчика!’ – после чего выстрели в меня. Если ты сделаешь всё это, то сможешь меня убить”. Царь собрал людей на одном холме и привязал мальчика к стволу дерева. Затем он взял стрелу из его колчана, наложил её на тетиву лука, натянул лук и произнёс: “С именем Аллаха – Господа этого мальчика!” – после чего выстрелил. Стрела вонзилась в висок мальчика. Он приложил руку к виску и испустил дух. Тогда весь народ в один голос произнёс: “Мы уверовали в Господа этого мальчика!”

Визири немедленно явились к царю и сказали: “Вы боялись именно этого. Клянёмся Аллахом, то, чего вы опасались, свершилось: все люди уверовали”. Тогда царь велел вырыть рвы у начала дорог. Рвы были вырыты, и в них развели огонь. Затем царь приказал: “Каждого, кто не отречётся от своей религии, бросайте в этот огонь!” Или же тому, кто не отрекался от своей религии, говорили: “Прыгай туда сам!” Так и происходило, пока не подошла женщина с младенцем на руках. Она заколебалась, не решаясь войти в огонь. Тогда младенец сказал ей: “О матушка! Терпи и стой твёрдо! Поистине, ты на истинном пути!”» (Муслим: 7511; Ахмад: 23931).