وعنْ أَبِى عَبْدِ اللَّهِ ِ خَبَّابِ بْن الْأَرتِّ قَالَ: شَكَوْنَا إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَهُو مُتَوسِّدٌ بُردةً لَهُ فِى ظلِّ الْكَعْبةِ، فَقُلْنَا: أَلا تَسْتَنْصِرُ لَنَا أَلا تَدْعُو لَنَا؟ فَقَالَ: قَد كَانَ مَنْ قَبْلكُمْ يُؤْخَذُ الرَّجُلُ فَيُحْفَرُ لَهُ فِى الْأَرْضِ فَيُجْعَلُ فِيهَا، ثمَّ يُؤْتِى بِالْمِنْشارِ فَيُوضَعُ علَى رَأْسِهِ فَيُجْعَلُ نِصْفَيْن، ويُمْشَطُ بِأَمْشاطِ الْحَديدِ مَا دُونَ لَحْمِهِ وَعَظْمِهِ، ما يَصُدُّهُ ذَلِكَ عَنْ دِينِهِ، واللَّه لَيُتِمَنَّ اللَّهُ هَذا الْأَمْر حتَّى يسِير الرَّاكِبُ مِنْ صنْعاءَ إِلَى حَضْرمْوتَ لَا يخافُ إِلَّا الله والذِّئْبَ عَلَى غنَمِهِ، ولكِنَّكُمْ تَسْتَعْجِلُونَ»
Әбу Абдуллаһ Хаббаб ибн әл-Әрат (р.а.): «(Мүшріктерден қорлық көріп жүрген кезіміз еді). Бір күні Расулалла ﷺ шапанын жастанып, Қағбаның көлеңкесінде тынығып жатқанда: «Алладан біз үшін жәрдем тілеп, дұға етсеңіз?» – деп мұңымызды шақтық. Сонда ол: «Сендерден бұрын өмір сүрген қауымдарда (иман келтірген) адамды ұстап алып, арнайы қазылған шұңқырға тастап, араменен төбесінен төмен қарай екіге қақ бөлетін, не болмаса, темір тырмақтармен еті мен сүйегі ажырағанша тырмалайтын жағдайлар да кездескен. Міне, осыншалықты жантүршігерлік азап оны дінінен бездіре алмайтын. Алланың атымен ант етейін! Алла бұл істі (Ислам дінін) міндетті түрде ақырына дейін жеткізеді. Тіпті салт атты жалғыз жолаушы Алладан және қойлары үшін қорқау қасқырдан өзге ешкімнен қорықпастан, Санадан Хадрамаутқа дейін алаңсыз сапар шегетін күн туады. Алайда сендер тағатсыздық танытасыңдар», – деп айтты», – деген (Бұхари: 6943; Ахмад: 21073).
Абу Абдуллах Хаббаб ибн аль-Аратт (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Это было в те времена, когда мы терпели притеснения со стороны многобожников. Однажды, когда Посланник Аллаха ﷺ отдыхал в тени Каабы, подложив под голову свой плащ, мы пожаловались ему: “Не попросишь ли ты Аллаха о помощи для нас и не обратишься ли к Нему с мольбой за нас?” Тогда он сказал: “Среди народов, живших до вас, случалось, что уверовавшего человека хватали, бросали в специально вырытую яму и распиливали пилой надвое, начиная от макушки, либо раздирали его тело железными гребнями, пока плоть не отделялась от костей. Но даже столь ужасающие мучения не могли заставить его отречься от своей религии. Клянусь Аллахом! Аллах непременно доведёт это дело (религию ислам) до полного завершения. Настанет день, когда одинокий всадник будет спокойно ехать из Саны в Хадрамаут, не боясь никого, кроме Аллаха, и опасаясь за своих овец лишь хищного волка. Однако вы проявляете нетерпение”» (Аль-Бухари: 6943; Ахмад: 21073).