Хадис

Риядус-салихин, № 44

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
3. Сабыр
Нөмірі
№ 44 (қазақша басылым реті)
44
Риядус-салихин, № 44Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

وعنْ أَنَسٍ قَالَ: كَانَ ابْنٌ لأبي طلْحةَ يَشْتَكي، فخرج أبُو طَلْحة، فَقُبِضَ الصَّبِيُّ، فَلَمَّا رَجَعَ أَبُو طَلْحةَ قَالَ: ما فَعَلَ ابنِى؟ قَالَت أُمُّ سُلَيْم وَهِيَ أُمُّ الصَّبيِّ: هو أَسْكَنُ مَا كَانَ، فَقَرَّبَتْ إِلَيْهِ الْعَشَاءَ فَتَعَشَّى، ثُمَّ أَصَابَ مِنْهَا، فَلَمَّا فرغَ قَالَتْ: وارُوا الصَّبيَّ، فَلَمَّا أَصْبحَ أَبُو طَلْحَة أَتَى رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فَأَخْبرهُ، فَقَالَ: «أَعرَّسْتُمُ اللَّيْلَةَ؟ قَالَ: نَعَمْ، قَالَ: «اللَّهمَّ باركْ لَهُما» فَولَدتْ غُلَامًا فَقَالَ لِى أَبُو طَلْحَةَ: احْمِلْهُ حتَّى تَأَتِيَ بِهِ النَّبِيَّ ﷺ، وبَعثَ مَعهُ بِتمْرَات، فَقَالَ: «أَمعهُ شْيءٌ؟» قَالَ: نعمْ، تَمراتٌ فَأَخَذَهَا النَّبِيُّ ﷺ فَمضَغَهَا، ثُمَّ أَخذَهَا مِنْ فِيهِ فَجَعَلَهَا فِى في الصَّبيِّ ثُمَّ حَنَّكَه وسمَّاهُ عبدَ اللَّهِ مُتَّفَقٌ عليه

وَفِى رِوَايَةٍ للْبُخَارِيِّ: قَالَ ابْنُ عُيَيْنَة: فَقَالَ رجُلٌ منَ الْأَنْصارِ: فَرَأَيْتُ تَسعة أَوْلادٍ كلُّهُمْ قدْ قَرؤُوا الْقُرْآنَ، يعْنِى مِنْ أَوْلادِ عَبْدِ اللَّه الْموْلُود

وَفِى رِوَايَةٍ لمسلِم: ماتَ ابْنٌ لأبِى طَلْحَةَ مِنْ أُمِّ سُلَيْمٍ، فَقَالَتْ لأَهْلِهَا: لَا تُحَدِّثُوا أَبَا طَلْحَةَ بابنِهِ حتَّى أَكُونَ أَنَا أُحَدِّثُهُ، فَجَاءَ فَقَرَّبَتْ إِلَيْهِ عَشَاءً فَأَكَلَ وشَرِبَ، ثُمَّ تَصنَّعتْ لهُ أَحْسنَ ما كانتْ تَصَنَّعُ قَبْلَ ذَلِكَ، فَوقَعَ بِهَا، فَلَمَّا أَنْ رأَتْ أَنَّهُ قَدْ شَبِعِ وأَصَابَ مِنْها قَالتْ: يَا أَبَا طلْحةَ، أَرَايْتَ لَوْ أَنَّ قَوْمًا أَعارُوا عارِيتهُمْ أَهْل بيْتٍ فَطَلبوا عارِيَتَهُم، ألَهُمْ أَنْ يمْنَعُوهَا؟ قَالَ: لَا، فَقَالَتْ: فاحتسِبْ ابْنَكَ. قَالَ: فغَضِبَ، ثُمَّ قَالَ: تركتنِى حتَّى إِذَا تَلطَّخْتُ ثُمَّ أَخْبرتِنِى بِابْني، فَانْطَلَقَ حتَّى أَتَى رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فأخْبَرهُ بما كَانَ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «بَاركَ اللَّه لكُما فِى ليْلتِكُما»

قَالَ: فحملَتْ، قَالَ: وكَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِى سفَرٍ وهِى مَعَهُ وكَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا أَتَى الْمَدِينَةِ مِنْ سَفَرٍ لَا يَطْرُقُها طُرُوقًا فَدنَوْا مِنَ الْمَدِينَةِ، فَضَرَبَهَا الْمَخاضُ، فَاحْتَبَس عَلَيْهَا أَبُو طلْحَةَ، وانْطلَقَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ. قَالَ: يقُولُ أَبُو طَلْحةَ إِنَّكَ لتعلمُ يَا ربِّ أَنَّهُ يعْجبُنِى أَنْ أَخْرُجَ معَ رَسُول اللَّهِ ﷺ إِذَا خَرَجَ، وأَدْخُلَ مَعهُ إِذَا دَخَلَ، وقَدِ احْتَبَسْتُ بِما تَرى. تقولُ أُمُّ سُلَيْمٍ: يَا أَبَا طلْحةَ مَا أَجِد الَّذي كنْتُ أَجِدُ، انْطَلِقْ، فانْطَلقْنَا، وضَربهَا الْمَخاضُ حينَ قَدِمَا فَولَدتْ غُلَامًا. فَقَالَتْ لِى أُمِّى: يَا أَنَسُ لَا يُرْضِعُهُ أَحدٌ تَغْدُوَ بِهِ عَلَى رسُول اللَّه ﷺ، فلمَّا أَصْبحَ احتملْتُهُ فانطَلقْتُ بِهِ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ. وذَكَرَ تمامَ الْحَدِيثِ

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Бірде Әбу Талханың ұлы науқастанып жатқан еді. Әбу Талха (шаруамен) шығып кеткен кезде, сәби қайтыс болды. Әбу Талха оралған соң: «Ұлым не қылды?» – деп сұрады. Сонда сәбидің анасы Үммі Суләйм: «Ол бұрынғыдан тыныш», – деп жауап берді. Сөйтіп, оған кешкі тамағын беріп, Әбу Талха кешкі тамағын ішті. Содан кейін онымен жақындасты. (Барлық шаруасынан) босаған кезде Үммі Суләйм оған: «Баланы жерлеңдер», – деп хабарлады. Таңертең Әбу Талха Алла елшісіне ﷺ келіп, оған болған жайтты айтып берді. Сонда Пайғамбарымыз: «Түнде жақындастыңдар ма?» – деп сұрады. Әбу Талха: «Иә», – дегенде, Алла елшісі: «Уа, Алла! Екеуіне береке бер», – деп дұға жасады. Кейін Үммі Суләйм ұл бала босанды. Әбу Талха маған: «Оны алып, пайғамбарға апар», – деп тапсырды», – деп айтқан. Сөйтіп, онымен бірге бірнеше кептірілген құрма беріп жіберген еді. Пайғамбарымыз (баланы алып): «Онымен бірге бір нәрсе бар ма?» – деп сұрайды. Сонда Әнәс: «Иә, бірнеше кептірілген құрма бар», – дейді. Пайғамбарымыз құрмаларды алып шайнайды. Содан кейін оны аузынан алып, сәбидің аузына салады да, сонымен оның таңдайын сылайды. Сөйтіп оған Абдуллаһ деп ат қояды. (Бұхари: 5470; Муслим: 5613; Ахмад: 12028).

Имам Бұхаридің тағы бір дерегінде Ибн Уяйна: «Ансарлық бір кісі: «Осы Абдулланың тоғыз баласын көрдім, барлығы да Құранды түгел жаттап алған», – деген», – деп айтқан.

Имам Муслим жеткізген тағы бір хадисте: «Әбу Талханың Үммі Суләймнен туған ұлы қайтыс болды. Сол кезде Үммі Суләйм үйіндегілерге: «Әбу Талхаға өзім айтқанша, ұлы жайлы айтпаңдар», – деді. Сөйтіп, Әбу Талха келген соң оған кешкі асын береді. Ол тамақтанып болған соң, Үммі Суләйм ол үшін бұрын-соңды сәнденіп жүргенінен де әдемірек сәнденеді, содан Әбу Талха онымен жақындасады. Үммі Суләйм оның қарны тойып, өзінен қанағаттанғанын көрген соң: «Уа, Әбу Талха! Айтшы, егер де бір қауым бір отбасына әлденелерін уақытша беріп, кейін уақытша бергендерін талап етсе, оларға оны қайтармай қоюына бола ма?» – дейді. Әбу Талха: «Жоқ», – дейді. Сонда Үммі Суләйм: «Олай болса, ұлыңның өліміне сабыр ет те, Алладан сауабын үміт ет», – дейді. Сонда Әбу Талха: «Былғанғанымша күтіп, ұлым жайлы енді хабарлап отырсың ба?» – деп ашуланады. Сөйтіп, Алла елшісіне келіп, болған жағдайды хабарлағанда, Алла елшісі: «Алла екеуіңнің өткен түндеріңе береке берсін», – деп дұға жасайды», – делінген.

Әнәс: «Содан кейін Үммі Суләйм жүкті болды. Ол кездері Алла елшісі сапарда болған еді, Үммі Суләйм де күйеуімен бірге (сол сапарда болатын). Алла елшісі сапардан келгенде Мәдинаға түнделетіп кірмейтін. Олар Мәдинаға жақындағанда, Үммі Суләймнің толғағы басталды. Әбу Талха оның қасында қалды да, Алла елшісі жүріп кетті. Сонда Әбу Талха: «Уа, Раббым! Өзіңнің Елшің (сапарға) шыққанда, онымен бірге шығу және ол (қалаға) кіргенде, онымен бірге кіру маған ұнайтынын білесің ғой. Ал мен Өзің көріп тұрған жағдайға байланысты бөгеліп қалдым», – деп мұңын шағады. Бір кезде Үммі Суләйм: «Уа, Әбу Талха! Толғағым басылды, жүре бер», – дейді. Сөйтіп, біз кете бардық. Содан екеуі қалаға келгенде, толғағы қайта қысып, ұл босанды. Сонда анам маған: «Уа, Әнәс! Оны таңертең Алла елшісіне апарғаныңа дейін ешкім емізбесін», – деп тапсырды. Таң атқанда оны көтеріп алдым да, Алла елшісіне бардым», – деп, хадисті толық баяндаған. (Муслим: 2322; Ахмад: 13026)

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) рассказал: «Однажды заболел сын Абу Тальхи. Когда Абу Тальха отлучился по делам, ребёнок умер. Вернувшись, Абу Тальха спросил: “Как мой сын?” Мать ребёнка, Умм Суляйм, ответила: “Сейчас он спокойнее, чем прежде”. Затем она подала ему ужин, и Абу Тальха поел. После этого он вступил с ней в супружескую близость. Когда он завершил все свои дела, Умм Суляйм сообщила ему: “Похороните ребёнка”. Наутро Абу Тальха пришёл к Посланнику Аллаха ﷺ и рассказал ему о случившемся. Пророк ﷺ спросил: “Были ли вы близки этой ночью?” Абу Тальха ответил: “Да”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ воззвал: “О Аллах! Даруй им обоим благословение!” Впоследствии Умм Суляйм родила мальчика. Абу Тальха передал мне ребёнка вместе с несколькими сушёными финиками и сказал: “Возьми его и отнеси к Пророку ﷺ”. Взяв ребёнка, Пророк ﷺ спросил: “Есть ли с ним что-нибудь?” Я ответил: “Да, несколько сушёных фиников”. Пророк ﷺ взял финики, разжевал их, затем вынул изо рта, вложил в рот младенца и протёр ими его нёбо. После этого он назвал ребёнка Абдуллахом» (Аль-Бухари: 5470; Муслим: 5613; Ахмад: 12028).

В другой версии, приведённой имамом аль-Бухари, Ибн Уяйна сказал: «Один из ансаров сказал: “Я видел девятерых сыновей этого Абдуллаха, и каждый из них знал весь Коран наизусть”».

В другом хадисе, переданном имамом Муслимом, сообщается: «Когда умер сын Абу Тальхи и Умм Суляйм, она сказала своим домочадцам: “Не говорите Абу Тальхе о смерти его сына, пока я сама ему не скажу”. Когда Абу Тальха вернулся, она подала ему ужин. После того как он поел, Умм Суляйм нарядилась для него так красиво, как никогда прежде, и Абу Тальха вступил с ней в супружескую близость. Увидев, что он насытился и остался доволен ею, Умм Суляйм спросила: “О Абу Тальха! Скажи, если какие-либо люди дадут одной семье что-то во временное пользование, а затем потребуют вернуть отданное, имеет ли эта семья право не возвращать полученное?” Абу Тальха ответил: “Нет”. Тогда Умм Суляйм сказала: “В таком случае прояви терпение в связи со смертью сына и надейся на награду Аллаха”. Абу Тальха разгневался и сказал: “Ты дождалась, пока я осквернился, и лишь теперь сообщаешь мне о сыне?” Затем он пришёл к Посланнику Аллаха ﷺ и рассказал ему о случившемся. Посланник Аллаха ﷺ воззвал: “Да благословит Аллах ночь, проведённую вами вдвоём!”»

Анас продолжил: «После этого Умм Суляйм забеременела. В то время Посланник Аллаха ﷺ был в пути, и Умм Суляйм сопровождала его вместе с мужем. Возвращаясь из поездок, Посланник Аллаха ﷺ не входил в Медину ночью. Когда мы приблизились к Медине, у Умм Суляйм начались родовые схватки. Абу Тальха остался рядом с ней, а Посланник Аллаха ﷺ продолжил путь. Тогда Абу Тальха воззвал: “О Господь мой! Ты знаешь, как я люблю отправляться вместе с Твоим Посланником, когда он отправляется в путь, и входить вместе с ним в город, когда он входит. Но теперь я задержался из-за обстоятельства, которое Ты видишь”. Через некоторое время Умм Суляйм сказала: “О Абу Тальха! Схватки у меня прекратились, можем ехать дальше”. И мы продолжили путь. Когда мы прибыли в город, схватки у неё возобновились, и Умм Суляйм родила мальчика. Тогда моя мать сказала мне: “О Анас! Пусть никто не кормит его грудью, пока утром ты не отнесёшь его к Посланнику Аллаха ﷺ”. На рассвете я взял ребёнка на руки и отправился к Посланнику Аллаха ﷺ». Так Анас передал этот хадис полностью. (Муслим: 2322; Ахмад: 13026).