Хадис

Риядус-салихин, № 50

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
3. Сабыр
Нөмірі
№ 50 (қазақша басылым реті)
50
Риядус-салихин, № 50Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ عَبَاسٍ قَالَ: قَدِمَ عُيَيْنَة بْنُ حِصْنٍ فَنَزلَ عَلَى ابْنِ أَخيِهِ الْحُر بْنِ قَيْسٍ، وَكَانَ مِن النَّفَرِ الَّذِىن يُدْنِيهِمْ عُمرُ، وَكَانَ الْقُرَّاءُ أَصْحابَ مَجْلِسِ عُمَرَ وَمُشاوَرَتِهِ كُهولًا كَانُوا أَوْ شُبَّانًا، فَقَالَ عُييْنَةُ لابْنِ أَخيِهِ: يَا ابْنَ أَخِى لَكَ وَجْهٌ عِنْدَ هَذَا الْأمِيرِ فَاسْتَأْذِنْ لى عَلَيْهِ، فاستَأذنَ فَأَذِنَ لَهُ عُمرُ. فَلَمَّا دخَلَ قَالَ: هِيْ يَا ابْنَ الْخَطَّاب، فَوَاللَّه مَا تُعْطِينَا الْجَزْلَ وَلا تَحْكُمُ فِينَا بالْعَدْل، فَغَضِبَ عُمَرُ رضيَ اللَّه عَنْهُ حتَّى هَمَّ أَنْ يُوقِعَ بِهِ فَقَالَ لَهُ الْحُرُّ: يَا أَمِيرَ الْمُؤْمِنِينَ إِنَّ اللَّهَ تعَالى قَال لِنبِيِّهِ ﷺ: «خُذِ الْعَفْوَ وَأْمُرْ بالْعُرْفِ وَأَعْرِضْ عَنِ الْجاهلينَ» [سورة الْأعراف: 198] وإِنَّ هَذَا مِنَ الْجاهلينَ، وَاللَّه ما جاوَزَها عُمَرُ حِينَ تلاها، وكَانَ وَقَّافًا عِنْد كِتَابِ اللَّهِ تَعَالَى

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Бірде Уяйна ибн Хисн Мәдинаға келіп, бауырының баласы Хур ибн Қайстың үйіне тоқтады. Ал Хур болса, Омардың (р.а.) өзіне жақын ұстайтын кісілерінен еді. Өйткені қарилар мейлі кәрі, мейлі жас болсын, Омардың (р.а.) мәжілісінің тұрақты мүшелері әрі кеңесшілері болатын. Сөйтіп, Уяйна бауырының баласына: «Уа, бауырымның баласы! Сенің мына әміршінің құзырында атақ-абыройың бар ғой. Оның алдына кіруіме рұқсат сұрап берші», – дейді. Хур Уяйна үшін рұқсат сұрап, Омар оған келісім береді. Әміршінің құзырына кірген кезде Уяйна: «Айтшы маған, уа, Хаттабтың ұлы! Аллаға серт! Сен бізге артық нәрсе бермейсің, әрі әділ үкім етпейсің», – дейді. Сонда Омар (р.а.) ашуланады, тіпті оны жазалағысы келеді. Сол кезде Хур: «Уа, мүміндердің әміршісі! Расында, Алла Тағала пайғамбарына ﷺ: «Сен сонда да кешірімді бол, жақсылықты бұйыр, сауапты һәм пайдалы істер істе. Ондай надандардан теріс айнал, олардың қылықтары мен сөздерін көңіліңе алма»[Ағраф: 199], – деген еді. Шындығында, бұл кісі надандардың қатарынан», – дейді. Алламен ант етейін! Хур әлгі аятты оқығанда, Омар бірден тоқтады. Ол Алланың Кітабы алдында сөзсіз тоқтаушы еді», – деген. (Бұхари: 4642).

Орысша аудармасы

Ибн Аббас (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды Уяйна ибн Хисн приехал в Медину и остановился в доме своего племянника аль-Хурра ибн Кайса. Аль-Хурр принадлежал к числу людей, которых Умар (да будет доволен им Аллах) приближал к себе. Ведь чтецы Корана – как пожилые, так и молодые – были постоянными участниками собраний Умара и его советниками. Уяйна сказал своему племяннику: “О сын моего брата! Ты пользуешься почётом и влиянием при этом правителе. Попроси его разрешить мне войти к нему”. Аль-Хурр попросил у Умара разрешения впустить Уяйну, и Умар согласился принять его. Войдя к правителю, Уяйна сказал: “Послушай, о сын Хаттаба! Клянусь Аллахом! Ты не оделяешь нас щедрыми дарами и не судишь между нами справедливо”. Тогда Умар (да будет доволен им Аллах) разгневался и даже хотел наказать его. В этот момент аль-Хурр сказал: “О повелитель верующих! Поистине, Аллах Всевышний сказал Своему Пророку ﷺ: ‘И всё же будь снисходителен, повелевай доброе и совершай благие и полезные дела. Отвернись от подобных невежд и не принимай близко к сердцу их поступки и слова’ (сура ‘Араф’, 7:199). Поистине, этот человек – один из невежд”. Клянусь Аллахом! Когда аль-Хурр прочитал этот аят, Умар тотчас сдержал свой гнев. Он всегда беспрекословно подчинялся велениям Книги Аллаха» (Аль-Бухари: 4642).