وَعنْ أَبِى إِبْراهيمَ عَبْدِ اللَّه بْنِ أَبِى أَوْفي أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فِى بعْضِ أَيَّامِهِ التي لَقِيَ فِيهَا الْعَدُوَّ، انْتَظرَ حَتَّى إِذَا مَالَتِ الشَّمْسُ قَامَ فِيهمْ فَقَالَ: «يَا أَيُّهَا النَّاسُ لَا تَتَمنَّوا لِقَاءَ الْعدُوِّ، وَاسْأَلُوا اللَّه الْعَافِيَةَ، فَإِذَا لقيتُموهم فاصْبرُوا، وَاعْلَمُوا أَنَّ الْجَنَّة تَحْتَ ظِلَالِ السُّيُوفِ» ثُمَّ قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «اللَّهُمَّ مُنْزِلَ الْكِتَابِ وَمُجْرِيَ السَّحَابِ، وَهَازِمَ الْأَحْزابِ، اهْزِمْهُمْ وَانْصُرْنا عَلَيْهِمْ»
Абдуллаһ ибн Әбу Әуфә (р.а.): «Шайқастардың бірінде жау әскерімен бетпе-бет келгенде Алла елшісі ﷺ бірден қиян-кескі ұрысқа кіріспей, күн көкжиекке қарай еңкейгенге дейін күтті. Содан соң жауынгерлердің алдына шығып: «Уа, жарандар! Еш уақытта дұшпанмен бетпе-бет келуді тілемеңдер, керісінше, әрдайым Алладан есендік тілеңдер. Егер олармен бетпе-бет кездессеңдер, табандылықпен төтеп беріңдер. Жаннаттың (Алла жолында сермелген) қылыштардың көлеңкесінде екенін біліп қойыңдар, – деді де, уа, Құранды түсірген, көктегі ақ-ұлпа бұлттарды көшірген, Мәдинаны жермен-жексен етуге бел буып келген араб тайпаларының тас-талқанын шығарған Алла! Мына кәпір қолының күлін көкке ұшырып, бізді жеңіске жетелей көр!» – деп жалбарынды», – деген. (Бұхари: 2965,2966; Муслим: 4542; Ахмад: 19114).
Абдуллах ибн Абу Ауфа (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Во время одного из сражений, оказавшись лицом к лицу с вражеским войском, Посланник Аллаха ﷺ не стал сразу вступать в ожесточённый бой, а дождался, пока солнце не стало клониться к закату. Затем он вышел к воинам и сказал: “О люди! Никогда не желайте встречи с врагом; напротив, всегда просите Аллаха о благополучии. Если же вы встретитесь с врагом, стойко держитесь. Знайте, что рай находится в тени мечей (которыми сражаются на пути Аллаха)”. Затем он взмолился: “О Аллах, ниспославший Коран, движущий белоснежные облака по небу и сокрушивший арабские племена, пришедшие с намерением стереть Медину с лица земли! Разгроми это войско неверующих и приведи нас к победе!”» (Аль-Бухари: 2965, 2966; Муслим: 4542; Ахмад: 19114).